Матетматика п?нінен олимпиада есептер жина?ы


6 сынып оқушыларына арналған олимпиада есептері
Таразыда 4 өрік, 2 алмұрт және алма 550 грамм тартатыны белгілі. Ал өрік, 3 алмұрт, 4 алма бірге 450 грамм болады. Өрік, алмұрт және алманың бірге салмағы қанша?

10011 + 100110010 өрнегінде нөлдерді бірлермен алмастыруға болады. Қанша тәсілмен 18-ге бөлінетін қосынды алуға болады?

Шаршы шахматты тәртіппен қара және ақ аралас боялған бірдей торларға бөлінген. Қара торлардың саны 25-ке тең болса, шаршының қабырғасында қанша тор?

Берілген саннан цифрларының қосындысы азайтылды. Пайда болған саннан тағы цифрларының қосындысын (пайда болған) азайтты. Тағы солай жалғастырды. Осындай он бір айырмадан кейін ноль саны шықты. Берілген сан қандай?

Өлшемі 7х7 шаршыны бес бөлікке бөліңіз және 2х2, 3х3, 6х6 болатын үш шаршыға орналастырыңыз. Бірнеше тәсілмен орындаңыз.

Үй басқарушы тұрғындардан пәтерлердің жаңа нөмірлерін орнату үшін ақша жинады. 105-ші пәтер тұрғыны: «Неге екінші қабаттағылардан біріншіге қарағанда 40%-ға артық жинайды, пәтерлер саны бірдей болса да», - деп таңырқады. Оған қобалжымастан үй басқарушы екі таңбалы нөмірлерге 2 есе, үш таңбалыға 3 есе артық төлейтінін хабарлады. Подъезде қанша пәтер бар?