??ра? ??рау ертеден келе жат?ан ?ол?нерді? бір т?рі. ??ра?ты? т?рлері ?те к?п. Мысалы: мата ?иындыларынан ?р т?рлі ?рнек ??ра?ын жасау?а болады. ??ра?пен ?зге елдер де ш??ылданады., біра? оны ?р?алай атайды. Орыс хал?ы мозайка, немесе пэчворк, ал б


5 «а» сынып
Пәні: технология
Мұғалімі: Койбагарова Айнаш
Тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы
Мақсаты: 1.Оқушыларға құрақ құрау технологиясы туралы түсіндіріп,
құрақты дайындау жолдарын үйрету.
2.Үнемділікке,ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ата-
бабамыздың салт-дәстүрлерін білуге тәрбиелеу.
3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа
қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Көрнекілігі:ине, жіп, бор, қайшы, түйреуіш, мата қиындылары, т.б.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушыларды түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақтың түрлері өте көп. Мысалы: мата қиындыларынанәр түрлі өрнек құрағын жасауға болады. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады., бірақ оны әрқалай атайды. Орыс халқы мозайка, немесе пэчворк, ал батыста құрақ көрпеше жастық мағынасында айтылады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Құрақтың «ботагөз құрақ», «жұлдызша құрақ», «майда құрақ»,т.б. түрлері бар.
Технологиялық карта. Құрақ көрпеше тігу.
Жұмыстың орындалу реті Қажетті заттар
1. Материал дайындау Мата қиындылары
2. Үлгісін дайындау Картон, қайшы
3. Құрақты қырқып дайындау Қайшы, бор, үлгі
4. Көктеу, тігу Ине, жіп, тігін машинасы
5. Тұмарша дайындау Мата қалдығы
6. Құрақ көрпешені астарлау Мата, ине, жіп, тігін машинасы
7. Бұйымды мата салып, аяқтау Ине, жіп, мақта
Құрақ
Пайдасы
Тұрмыста қолданылуы
Қажетті құрал-жабдықтар
Геометриялық пішіндер
Тігістер
Мата
құрақ түрлері
Шетін әшекейлеу

Құрақ құрау
Көрпе құрақ Жастық құрақ
Шыдамды,тозбайтын матадан Көздері майда бөліктермен
қөздері үлкен бөліктерден өте нәзік әрі әдемі түстер –
құралады мен құралады
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ
Орыс тілінде құрақ құрау өнері - лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико
Ортадағы құрақ пен шетіндегі құрақтың арасына «су» жүргіземіз.
«Су» дегеніміз бір түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақ.
«Қос су» дегеніміз екі түсті матадан жүргізілген жолақ.
Үйге тапсырма:
Қиылған құрақты тігуге әзірлеу.
VІІ.Жұмыс орнын жинау