О?ытуда дыбыс-бейне ??ралдарын ?олдану – шетел тілдерін о?ып-?йренуде балаларды? танымды? ?ызы?ушылы?тарын арттыру ??ралы ретінде


Оқытуда дыбыс-бейне құралдарын қолдану – шетел тілдерін
оқып-үйренуде балалардың танымдық қызығушылықтарын
арттыру құралы ретінде
Шет тілі – көптеген жылдар бойы оқытылып ұстаздың әдістемелік ерекшеліктерін және оқыту шеберлігін қажет ететін оқу жоспарының міндетті пәні.
Оқу сәтті өту үшін қабылдау процессінде көптеген әсерлі қабылдау түрлері болу керек. Дыбыс-бейне құралдарын қолдана отырып оқыту жағдайында маңыздылығы мен тиімділігі жағынан бірінші орында қабылдаудың біріктірілген көру-есту түрі, одан кейін көру, сосын барып есту түрі болып келеді. Сонымен әр түрлі саралағыштарға қиын қоздырғыштар кешенінің бір уақытта әсер етуі ерекше күшке, ерекше сезімдікке ие. Сондықтан дыбыс-бейне құралдары көмегімен ақпарат қабылдайтын оқушы ағзасы сезімдік бейнеден логикалық ойлауға жеңіл ауысатын сезімдік негізді құрайтын айрықша сапалы ақпараттың әлеуетті ағынының ықпалында болады.
Оқытудың дыбыс-бейне құралы (ОДБҚ) – есту және көру ақпараттарын ұсынуға арналған экранды және дыбысты құралын қоса алатын оқыту процессінде кеңінен қолданысқа енген оқытудың ерекше техникалық құралдар тобы.
Дыбыс-бейне құралдарын тиімді пайдалану мүмкіндік береді:
1) көрнекіліктердің маңызды дидактикалық қағидаларын толық жүзеге асыруға;
2) әр оқушының жеке типологиялық қабілеттерін есепке ала отырып оқытуды жүзеге асыруға;
3) бағдарламалау мен бақылау үшін жақсы жағдай жасауға;
4) өзіндік тыңдау дағдыларын жедел қалыптастыру мен ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
5) оқушылардың аналитикалық және имитациялық ерекшеліктерін максималды қолдануға;
6) барлық оқушылармен бір уақытта көптеген белсенді жаттығу түрлерін орындауға, соның ішінде сөйлеуге.
Шет тілін оқыту тәжірибесіне дыбыс-бейне құралдыран енгізу тілді меңгеру сапасын тек көтеріп қана қоймай шет тілін меңгерудегі мақсаттарына жетуге, яғни балаларды шет тілінде қатынас жасауға жәрдемдеседі.
К.М.Даулбаева, № 23 сәбилер
бақшасының ағылшын тілі мұғалімі
Павлодар қ.