Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету. Коучинг сессия.


«Бекітемін»
Мектеп директоры:А.Суранчиева
Күні: 9.03.2017ж
Коучинг сессияның
тақырыбы: Сіз өз құныңызды бағалай білесіз бе?
Жалпы мақсатым: Мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлаудың оқытудағы тиімділігін түсіндіру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49-б
Үлестірмелі нұсқаулық 67-68 бет
Оқу нәтижесі Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлаудың оқытудағы тиімділігін үйренеді.
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, әрекет жасауға негіз, түрткі болуда қолданылатын әдіс.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, суреттер.
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс
АКТ
1.Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
2.Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы.
Дерек көздері: МАН .үлестірме материалдар, АКТ.
Тапсырмалар: Топтық тапсырмалар және қорғау, рефлексия
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
1. Психологиялық ахуал орнату.
3 минут
2.Топқа бөлу
2 минут
3.«Ой қозғау»
15 минут
Мұғалімдерді шеңбер бойына қолдарына қағаз ұсынып тұрғызып, допты ең соңғы тұрған мұғалімге «Құбыр» арқылы жеткізу керектігін айтады.
«Мектеп», «Спорт», «Жанұя», «Табиғат» тақырыптарына сөздер ұсынады.
Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
Ескерту : ешқандай әріпті санды қолдануға болмайды, тек суретпен салып хат жазу керек.
І -топ     «Бүгін маған сағат кешкі 18:30 да телефон соқшы» - 2-ші топқа арналған хат
ІІ - топ     «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 3- ші топқа арналған хат
ІІІ - топ     «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 1-ші топқа арналған хат.
ІV-топ «Ертең түстен кейін тіс дәрігеріне баламның тісін емдетуге барамын »
1.Берілген тапсырмадан қандай ой тұжырымдадыңыздар?
2. Іс-әрекеттерді табу барысында өз бойыңызда не байқадыңыз? Мұғалімдер қолдарындағы қағазды бүктеп бір-біріне тізбектеле тұрып допты бір ағынмен жылжыту арқылы соңғы мұғалімге жеткізіп береді.
Сөздерді іс-қимыл арқылы бір-біріне көрсетіп топтасады.
Берілген сөйлемдерді әр топ бірлесе отырып, суретпен кескіндейді. Сағат тілімен ауыстырып суретке қарай отырып сөйлемді табады.
3. Топпен жұмыс
«Ратация» әдісі
10 минут Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері мән мәтінін оқуға, талқылауға, өз ойларын постерге түсіру керектегін айтып өтеді. Берілген мәтінді оқиды, талқылайды, сағат тілімен постерге әр топ әр түрлі маркермен өз ойларын жазады.
3.Мұғалімдер
«Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау»
10минут Әр түрлі салаларға байланысты суреттер беріп, оларды топтастыру керек.
Әр топ берілген суреттерді сыни тұрғыда ойлау арқылы топтастырады, өз пікірлерін айтып тұжырымдайды.
4. «Бейне ролик»
«Дананың кіліттері» әдісі
10 минут Видео – ролик көрсету.
«Ойлау туралы ойлану»
Осы видеоны «Дананың кіліттері» әдісі арқылы талдау жасау. Мұғалімдер бейне роликті көріп оны «Дананың кіліттері» әдісі бойынша топ бойынша талқылау жасайды.
5. «Детектив» әдісі
15 минут «Құның қанша?» аңызы бірнеше қиындыларға бөлініп топқа береді. Қиындыларды бір-біріне біріктіріп аңызды шығарарады.
6. Сурет бойынша
«Миға шабуыл»
10 минут Суретке қарап әр топ ықтимал сұрақтар қойылып, суреттің айналасына қойылады Топта бірлесе отырып талқылап сұрақтар тізімін жазады.
7. Кері баланыс
«Аспазшы» Әлі ... дәмін татқым келеді
Әлі де тоймадым, себебі....
Барлық ұсынылған тағамдардан маған ұнағаны....
..... аса тойдым
Егер .... жақсы болар еді Өз ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын жазады.
Тексерді: К.Қамбарова
І -топ     «Бүгін маған сағат кешкі 18:30-да телефон соқшы»
ІІ - топ     «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық»
ІІІ - топ     «Жексенбі күні сағат 15:00-де менің туған күніме кел»
ІV-топ «Ертең түстен кейін тіс дәрігеріне баламның тісін емдетуге барамын»
«Дананың кілттері»
«Дананың кіліттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру жіне тарту үшін арнайы әзірленген іс-әрекеттер(кіліттер) кешені. Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан ойлау және креативті ойлау өабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.
«Әліпби» кілті - берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан
Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
«Жаңа дизайн» кілті - (ағылшынның BAR аббревиатурасынан(В-bigger)артық, (A-add) қосу, ( R – remove, replace) алып тастау)- күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
«Тағы қалай?» кілті - күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
«Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбы бойынша ІІ деңгей тыңдаушысы
Арықбаева Асылкүлдің коучинг сессиясының жоспары
3 апта 4-күн
Коучинг сессияның
тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Жалпы мақсатым: Дарынды және талантты балаларды оқыту барысында қолайлы орта жасай отырып, олардың кең өрісті қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызу аса маңызды мәселе екендігін дәлелдейтіндей тәлімгерлік ету.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 50-57 бет
Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі Мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды оқыту арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін жұмыстар жүргізу арқылы ойлау арқылы ойлануға жетелейді.
Түйінді идеялар: Талантты және дарынды балаларды оқыту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқудың сапасын одан ары арттыру
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам,жұлдызшалар,смайликтер.
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс
АКТ
Жеке жұмыс 1.Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту.
2.Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы.
Дерек көздері: МАН .үлестірме материалдар, портал материалдары.АКТ.
Тапсырмалар: Әңгіменің түрлерін жағдаятта көрсету; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық
ахуал
І.Топқа бөлу
«Ой қозғау»
ІІ.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Топтық жұмыс
(7 мин)
(15 мин)
Мұғалімдердің
« Талантты және дарынды балаларды оқыту» туралы ақпарат алу
Дарындылық пен таланттылыққа жаттығу жұмыстары
Рефлексия
Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі
(2 минут) СІЗДІҢ
өмірлік істеріңізге
күш - қуат және сәттілік тілеймін!
Топқа бөлу / әншілер, оқымыстылар, шахматшылар Коучингке деген қызығушылығын ояту
Бейнекөріністер: «Жансая», «Жамбыл»
Осыдан тағы талантты және дарынды балалар туралы қандай ой-пікір туындады? Оларды Сіздердің ойларыңызша қалай дамытуға болады?
Класстер жасау.
/Әр адам өз ойын А4 бетіне түсіріп, топпен талқылап, ортақ ойды тұжырымдап, А3 бетіне көрсетеді, ортаға салады. Тұсаукесердегі тұжырыммен салыстырады/. Бейнекөріністерді терең түсіну.
Жеке жұмыс.
Топпен жұмыс.
МАН- дағы талантты және дарынды балаларды оқыту мәтінін беріп, ойларын тұжырымдау.
Топпен жұмыс жасату.
Постер қорғату.
3 – топтан мұғалімдерді шығарып тосын тапсырмалар беру.
1-тапсырма:
Кез-келген тақпақ айту
2-тапсырма:
Сол тақпақты әнге салып айту.
3-тапсырма:
Сол тақпақты репп бағытында айту.
«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсету.
Осы кинодағы Қожа қандай бала?
Талантты ма, әлде дарынды ма?
Мұғалімдер өздері білетін тақпақты түрлі бағытта айтып шығады.
Тосыннан берілген тапсырмаларды мұғалімдер орындау барысында олардың арасынан да дарындылық пен таланттылық қасиеттер айқындалады.
Мұғалімдердің пікірлерін тыңдау.
Мұғалімдер мен коуч арасында коучинг сессиядан алған мәліметтер туралы кері байланыс орнатады Мұғалімдер коучинг сессиядан алған әсерлерін «Бағдаршам» арқылы білдіреді