Коучинг на тему: Диалог ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлау ?абілетін дамыту (11класс)


Жүргізілетін орны: Билал Назым атындағы орта мектепте мұғалімдер арасында аудандық семинарда өтілетін коучинг
Өтілетін уақыты: 25.10.2016
Жауапты: Тохтамова Нурбанум Бурхандиновна
Тақырыбы: Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту
Тақырыбы: Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту

Мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау- білім берудегі тиімді педагогикалық әдіс екендігін түсіндіру, тәжірибеде қолданудың тиімділігі туралы бағыт – бағдар беру. Пікір айтуға,ойлау және іс әрекетке жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге сыни тұрғыдан ойлауға баулу .
Негізгі міндеті:
Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсету.
Мұғалімнің өз тәжірибесін танып білуі, зерттеуі,дамытуы.
Нәтижесі:
Мұғалімдер диалогтық оқыту тәсілінің маңызы туралы тұжырым жасайды. Сонымен қатар диалогтік әңгіме түрлері туралы хабардар болады. Мұғалімдер осы тәсілдерге сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды,зерттейді,бағалайды және дамытады.

Сабақтың барысы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Достық шеңберін құру
Топтарға бөлү Ұнататын түстері бойынша: қызыл, көк, сары.
Мозаика құрастыру. 1-«Білім», 2-«Зерде», 3-«Таным»
«Өзекті тақырып» Барлығымызға таныс тақырып «ҰБТ жаңа форматта». Сіздердің көзқарастарыңыз.
Нәтиже: сіздердің зерттеулеріңізден соң,егер оқыту анализге, синтезге және интерпритациялауға негізделсе,онда барлық білім нәтижелі болады.
Тохтамова Н.Б.«Билал Назым о.м»
Диалогты оқытудың әдіс тәсілдері
1 Диалог негізінде оқыту бағдарламадағы жеті модульдің бірі
2 Диалогтік оқытудағы әңгіменің маңызы:
3 Выготскийдің ЖАДА аясы
4 Мерсер, Лилтонның әңгіме түрлері: Топтық.
Зерттеушілік.
Дебат.
Топтық жұмыс
1-топ « Білім»- Топтық-әңгіме
2-топ « Зерде»- Зерттеушілік-әңгіме
3-топ « Таным»- Әңгіме-дебат
Танысу. Постермен жұмыс
Презентация қорғау
Кластер түзу
Қорытындылау
Рефлексия
Топтық жұмыс:
Мақсаты: диалогтік оқытудың кумулятивті әңгіме түрін біледі.
Нәтиже: Кумулятивті әңгіме, оның барысын біледі.Слайд. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар көрсетіледі:
Топтық жұмыс:
Стратегия: «Әңгіме- дебат», «Зерттеушілік әңгіме»
Мақсаты: Диологтік оқытудың әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме түрін, айырмасын біледі.
Нәтиже: « Әңгіме- дебат», «Зерттеушілік әңгіме» түрін өзектендіреді, сабақта қолдана алады.
.Слайд. Әңгіме –дебат, Зерттеушілік әңгімеге тән белгілер көрсетіледі.
Кумулятивтік әңгіме
1.№1-топ « Білім» берілген тақырып бойынша постер қорғайды.
Тапсырма:  «ҰБТ жаңа форматта » дегенге пікіріңіз қандай?
Критерий ұсынылады:
1.Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
2.Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандайда болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы ;
3.Идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;
Зерттеушілік әңгіме:
№2- топ « Зерде» берілген тақырып бойынша постер қорғайды.
Тапсырма:  «ҰБТ жаңа форматта » дегенге пікіріңіз қандай?
Критерий ұсынылады:
1.Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2.Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3.Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды
4.Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді;
5.Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады, ұмтылады.
Әңгіме - дебат
№3-топ«Таным» берілген тақырып бойынша постер қорғайды
Тапсырма: «ҰБТ жаңа форматта» дегенге пікіріңіз қандай?
Критерий ұсынылады:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2)ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне ”Иә, бұл солай”, “Жоқ олай емес” деген бағытта жүзеге асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.

1-жұп: «Иә, бұл солай. ҰБТ жаңа форматта болғаны дұрыс»
2-жұп: «Жоқ, олай емес. ҰБТ бұрынғысынша қалғаны дұрыс».
Қорытынды
Сұрақ? Осы әңгімелесу барысында қандай жағдайларды байқадыңыздар?
Байқалған жайлар санамалап айтқызылады.
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.»                                                                                                                      К.Д.Ушинский
 Тақырыбы: «Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»
Мақсаты: Мұғалімдердің іс–тәжірибесіне сүйене отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауы білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру.  Әдіс-тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.
Қазіргі заман талабына сай мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, сабақ түрін жетілдіру, ақпарат  және техникалық құралдарды пайдалану,  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Сонымен қатар сабақ беру барысында оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалогты дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.1934 жылы Л.Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екенін тілге тиек еткен.Выготский танымдық дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» ЖАДА жұмыс істесе,жақсаратындығын атап көрсеткен.ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды.Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек.Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.
Мерсер мен Лилтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда,оқыту жеңіл болмақ.Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.
Александер( 2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше,идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер( 2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады,дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін атап көрсетеді.Топтық әңгіме,зерттеушілік әңгіме,әңгіме-дебат.Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Зерттеушілік әңгімеде әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады,әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланады және мұқият бағалау жүргізіледі, қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді,Осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді. Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де,келмеуі де мүмкін,ең бастысы- келісімге ұмтылу).
Маңызды дағдылардың бірі сұрақ қою болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі –төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар.Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет.Дұрыс қойылған сұрақтар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына әсер етеді. Диалогтіқ оқыту барысында  оқушылар сол сұраққа тек бір ғана жауаппен шектеліп қалмайды. Ол жерде оқушылар сұраққа жан-жақты жауап берумен қатар өз ой-пікірін айтады, сол сұраққа жауап беру барысында топта, жұпта талдап, жіктеп және сол сұраққа баға бере отырып, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығын айтады. Сонымен қатар диалогтіқ оқытудың маңыздылығы  сұраққа жауап беру барысында оқушылар ойланады, ізденеді, бір-бірінің пікірін тыңдау арқылы сыйластығы, бір-бірімен санасуы артады. Оқушылардың өз білімдеріне деген сыни көзқарастарын дамыту, өзін-өзі бағалауға үйрету болып табылады.
Әр топтағы өзара әңгімелесу барысында көптеген оқушылар жақсы идеялар айта алады. Оларды тыңдай білу керек. Оқушылардан жақсы жауап алғымыз келсе, дұрыс сұрақтар қоюға тиіспіз.
Диалогтік оқыту сыни тұрғыдан ойлау модулімен тығыз байланысты.
Себебі «ия», «жоқ» деген жауаптар диалогты әрі қарай дамыта алмайды, ал оқушының жоғары деңгейде ойлауды қамтамасыз ететін ашық сұрақтар, қалың-жұқа,түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау арқылы   әңгіме-дебат, топтық  әңгіме, зерттеушілік әңгіме түрлерін жандандырады.
 Зерттеушілік әңгімені жаңа тақырыпты түсіндіруде қолдану ыңғайлы,себебі әркімнің ұсынған мәліметі,әркімнің идеясы,бір-біріне сұрақ қойуы және айтқандарын дәлелдеуі бағаланады. Топтық әңгімені әдеби тақырыптарды оқып талдауда қолдануға болады.Қатысушылар өзгелер ұсынған қандайда болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды, идея қайталынады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Мен бұл жерде атақты педагог Бенджамин Блумның таксономиясын қолдандым....
Оқушылар үйден суреттер бойынша әңгіме құрастырып келеді,яғни олардың бар біліміне негізделіп,Блум таксономиясын қолданамын.
. БҒМ: 2017 жылы ҰБТ форматы толық өзгеріске ұшырайды

2016 жылдың 13 мамыр 13:41
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен өзгереді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.
"Келесі жылдан бастап, білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірыңғай тестілеу жетілдіріледі және трансформацияланады", - деп атап өтті ол.
Оның сөзі бойынша, ҰБТ келесі жылы өзгеріске ұшырағанымен, негізгі инфрақұрылымы мен механизмдері қалады.
"Ең бастысы, біз тіліне, тұрғылықты жеріне қарамастан, барлығына ЖОО-ға түсуге тең жағдайлар жасауымыз керек. Бірақ ҰБТ жоғары оқу орнына түсу үшін ғана тапсырылады. Қазіргі уақытта барлық сұрақтар ректорлармен, ата-аналармен талқылануда. Біз экзаменді SAT жүйесіне ұқсас етіп жасағымыз келеді. Яғни біз түлектердің білім деңгейін анықтаймыз, сонымен қатар жұмыс берушілерге бүгінгі әлемде қажет компетенциялық қасиеттеріне қарай түлектерді таңдауға мүмкіндік береміз. Сондықтан ҰБТ мазмұны өзгереді", - деп атап өтті С. Нүсіпов.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700.
Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330  қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді. 
 
2017 жылы ҰБТ форматы толық өзгеріске
ұшырайды
 Білім, ғылым, мәдениет жаңалықтары admin13.05.2016
0
23
5545
2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен өзгереді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.
"Келесі жылдан бастап, білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірыңғай тестілеу жетілдіріледі және трансформацияланады", - деп атап өтті ол.
Оның сөзі бойынша, ҰБТ келесі жылы өзгеріске ұшырағанымен, негізгі инфрақұрылымы мен механизмдері қалады.
"Ең бастысы, біз тіліне, тұрғылықты жеріне қарамастан, барлығына ЖОО-ға түсуге тең жағдайлар жасауымыз керек. Бірақ ҰБТ жоғары оқу орнына түсу үшін ғана тапсырылады. Қазіргі уақытта барлық сұрақтар ректорлармен, ата-аналармен талқылануда. Біз экзаменді SAT жүйесіне ұқсас етіп жасағымыз келеді. Яғни біз түлектердің білім деңгейін анықтаймыз, сонымен қатар жұмыс берушілерге бүгінгі әлемде қажет компетенциялық қасиеттеріне қарай түлектерді таңдауға мүмкіндік береміз. Сондықтан ҰБТ мазмұны өзгереді", - деп атап өтті С. Нүсіпов.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700.
Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330  қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді. 
Начало формы
ҰТО ұсынып отырған емтиханның жаңа форматының 2004-2016 жылдары өткізілген дәстүрлі ҰБТ дан айырмашылығы: 2017 жылы балалар мектепте 5 пәннен емтихан тапсырады: бірінші бөлімі: 1) 250 сөзден тұратын эссе;2) алгебра ( геометриясыз) пәнінен бақылау жұмысы;3) Қазақстан тарихынан билет бойынша ауызша. Екінші бөлімі:- қазақ тілі мен- таңдау пәні ( оқушы өзі таңдаған) 40 сұрақтық тест жұмысы.ЖОО - ға түсу үшін: Бірінші бөлімде: Математика және оқушы сауаттылығынан 40 сұрақтық тест.Екінші бөлімде: таңдаған мамандығына байланысты екі таңдау пәнінен тест жұмысы. Мысалы, медицина саласы үшін химия және биология пәнінен.1) ҚР ЖОО - ға түсу үшін таңдаған мамандықтарына сәйкес екі таңдау пәні болады. 2) Талапкерлер екі таңдау пәнді бір күнде емес әр күнде тапсырады. 3) Талапкерер неше пән тапсырамын десе өз еркі, әр күні әр бейіндік пән тапсырып бағын сынай алады, бұл тапкерлерді көп мамандық таңдауға мүмкіндік береді. 4) Емтиханды бір емес үш рет тапсыруға мүмкіндігі бар, мысалы грант үшін Наурыз және шілде айында екі рет тапсырып, өз қалауындағы нәтижесін грантқа үміткер ете алады. Ал, ақылы оқу үшін тамыз айында тапсыра алады. 5) Мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері: Мамандық атаулары 1 таңдау пәні 2таңдау пәні Авиациялық техника мен технология Математика Физика Ұшатын аппараттарды және қозғалтқыштарын өндіру Математика Физика Түркология Шеттілі Қазақ/орыс тілі Заңгерлік Дүние жүзі тарихы Шет тілі Кеден ісі Дүние жүзі тарихы Шет тілі Халықаралық құқық Дүние жүзі тарихы Шет тілі Әуенді жүргізу Шығармашылық 2 Шығармашылық 1 Вокальдық мәдениет Шығармашылық 2 Шығармашылық 1 Дәстүрлі ән күй мәдениеті Шығармашылық 2 Шығармашылық 1 Дирижерлық Шығармашылық 2 Шығармашылық 1 Өнер менеджменті Шығармашылық 2 Шығармашылық 1 Шетел тілі: қос шеттілі Ағылшын тілі Қазақ/орыс тілі Аударма ісі Шеттілі Орыс/қазақ тілі Шетел филологиясы: ағылшын тілі Ағылшын тілі Қазақ/орыс тілі Алғашқы әскери даярлық Шығармашылық 2 Шығармашылық 1 Қоғамдық жұмыс География Қазақстан тарихы Дәрі дәрмек өндірісінің технологиясы Химия Биология Қоғамдық денсаулық сақтау ісі Биология Химия Медбике ісі Биология Химия Фармация (дәрі дәрмек өндірісі) Химия Биология Халықаралық қатынастар Шеттілі Дүние жүзі тарихы Конец формыНачало формы2017 жылдан бастап ҰБТ екіге бөлінеді - БҒМ
 Білім, ғылым, мәдениет жаңалықтары admin25.04.2016
0
55
16142
2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл 2 мәрте тапсыруға болады. Ешбір мемлекетте мұншалықты жоғары әлеуметтік бағаға ие емтихан жоқ шығар. Сондықтан, біз ҰБТ-ны қайта тапсыру әлемуеттік күйзелісті басуға мүмкіндік береді. Екіншіден, колледждер түлектері де ҰБТ-ны қайта тапсыра алады. Қазір оны шілде-тамызда тапсырып жүр, енді біз оларға оны келесі жылдың қаңтарында - 2017 жылы қайта тапсыруға мүмкіндік береміз», - деді министр. Оның айтуынша, колледж түлегі шартты түрде жоғары оқу орнына қабылдануға құқылы болады.
«Қазір біз осындай ережелерді дайындап жатырмыз және ЖОО аясында қаңтарға арналған кешенді тестілеу әзірленуде. Егер ол осы кешенді тестілеуден өтсе, сәйкесінше оның қыркүйектен бастап қаңтарға дейін өткен кредиттері, оған есептеліп, былайша айтқанда ол бірінші курстың ортасына түседі, және мұны біз әділетті деп есептейміз», - деді Е. Сағадиев.
Министр сондай-ақ келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлу жоспарланғанын атап өтті. «Мектеп бітіру емтихандары мектепке оралады, ал ҰБТ SIT (интеграциялық тесттер (System Integration Test) қарай ауысады. Бұл әділетті, себебі ЖОО-лары түлектің зияткерлік деңгейі мен ЖОО бағдарламасын меңгеру әлеуетін білуі қажет. Ал SIT  мұны анықтай алады. Сол себепті біз ҰБТ-нің жаңа бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Оны енгізген соң барлығы, олимпиада жүлдегерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері - бәрі осы емтиханды тапсырады. Алғаш рет оны тегін тапсыру жоспарлануда. Сосын оны бірнеше ерт қайта тапсыруға болады. Кезең-кезеңмен ЭЫДҰ стандарттарына көшеміз. Мұны келесі жылдан бастап енгіземіз», - деді ведомство басшысы.