Сыни т?р?ыдан ойлау-саба? ?рдісіндегі к?шбасшылы? ?абілеттерді арттыруды? негізі коучинг-сессиясы


Коучинг жоспары
Коуч – Смағұлова Гүлжазира Ғинятқызы
Мерзімі 08.01.2016 Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау - сабақ үрдісіндегі көшбасшылық қабілеттерді арттырудың негізі.
Мақсаты:
1.Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлауды біледі.
2.Көшбасшылық қабілетке сыни ойлаудың қажеттілігін түсінеді.
3. Өз бойларындағы көшбасшылық қабілеттің қажеттілігін бағалай алады.
Оқу нәтижесі:
Сыни ойлау мұғалім бойындағы қабілеттерді арттырады.
Негізгі идеялар:
Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады. (Frost,2011)
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Флипчарт, бейнеролик, рефлексия ағашы, маркерлер, А3
Өткізу барысы:
Кезең Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1.
Психологиялық ахуал туғызу. «Мен елімді сүйемін» тапсырмасы 5 минут Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін, «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Рахмет. Мұғалімдер жүргізушінің соңынан сұрақтарға іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.
2. Қызығушылық-ты ояту
1-топ «Ой толғау?» тапсырма
сы 10 минут Топқа  әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерді зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу керек.
Әріптестер, ең алдымен, жұпта, кейін топтың ішінде суреттерді талқылайды. Осы сурет арқылы автор не айтқысы келгені туралы толғанады. Әртүрлі көзқарастар айтылады.
2-топ. «Фила
Кестесі» Мұғалімдер-ге мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша «фила кестесі» толтырады 10 минут Топқа А3 форматтағы қағаз береді. «Фила кестесі» әдісін түсіндіреді. Мәтінмен жұмыс жасау керектігін ескертеді.
дерек Ойлар Іс-әрекеттер сұрақтар
Мұғалімдер мәтін бойынша
«Дерек, ойлар, іс-әрекеттер, сұрақтар» бағанын толтырады. «Фила
кестесі» толтырылып, басқа топтар алдында қорғайды.
3-топ
«Мағынаны тану»
«Арқан» стратегиясы 10 минут Жануарлар туралы диафильм құрауды тапсырады. Топ ішінде көшбасшыны анықтау.(режиссер, оператор, суретші, дыбыс операторы, хабарлаушы) таймерді пайдалану.
4-топ
«Мағынаны тану»
Блум сатылары 10 минут Блум таксономиясы мен түрлі деңгейдегі сұрақтарды береді.
Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге –иә немесе неге – жоқ?
Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз.
Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз.
Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?
Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.
Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар? Мұғалімдер берілген сұрақтарды блум сатыларына қояды.
Бағалау. Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге –иә немесе неге – жоқ?
Жинақтау. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз.
Талдау. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз.
Қолдану. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?
Түсіну. Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.
Білу. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?
Рефлексия
«Таңдау» әдісі 2 минут Берілген сөйлемдерді таңдау арқылы (+) таңбасын қояды.
«Таңдау» әдісі.1. Мен сабақты қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені ____________ үйренгенім аз болды.3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. Мұғалімдер өз ойларын стикерге жазады.
Бағалау Мұғадімдер коучингте алған әсерлерін «Интервью» әдісі арқылы білдіреді. Бейнежазба жүргізіледі.
Дереккөздер: 2 деңгей бағдарламасы нұсқаулығы,интернет.ақпараттар