О?ушыларды сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету модулі. Коучинг- семинар


Сабақтың тақырыбы:Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі
Сабақтың мақсаты: 1.Мұғалімдерге оқушылардың қызығушылығын оятып, білімін көтеру үшін сыни тұрғыдан ойлаудың
ең тиімді тәсіл екенін түсіндіру.
2. Блум таксономиясының маңызын түсіндіру.
Сабақтың нәтижесі: Қатысушылар сыни тұрғыдан ойлаудың маңызын түсінеді. Блум таксономиясы бойынша ең төменгі
үдерістерден жоғары қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді үйренеді.
Түйінді идеялар: Сыни сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді.
Әдебиет: 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІ деңгей.
2. Интерактивті әдістемені қолдану А. Әлімов, Алматы 2013.
3. Ғаламтор материалдары
Уақыты Тәлімгер әрекеті
Тыңдармандар
әрекеті Бағалау
Ресурстар
12.25.-12.30. Амандасу.
Психологиялық ахуал тудыру. Мұғалімдер екі қатарға тұрып, «Велосипед шынжыры» деп аталатын ойын арқылы бір біріне жақсы тілектер айтады. Тәлімгер мұғалімдерді сырттарынан бақылайды 12.30.-12.35. Жеміс аттарының бас әріптері арқылы топқа бөлуді тапсырады. Мұғалімдер сәйкес әріптермен басталатын жемістердің аттары бойынша топқа бөлінеді Топ мүшелерінің өзара қарым-қатынасын, ынтымақтастығын сырттарынан бақылайды. Жемістердің суреттері бейнеленген кеспе қағаздар
12.35.-12.45. «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, тыңдаушыларға сыни тұрғыдан ойлау дегенді қалай түсінесіз? - деген сұрақты қояды. Әрбір топ өз пікірлерін айтады және топтардың пікірлерін тыңдайды. Формативті бағалайды. 12.45.-12.55. "Айна алдындағы күрсіністер" атты мәтін береді. Мәтінмен танысады. Ойларын ортаға салып, топта талқылайды. Мұғалімдердің пікірін тыңдайды. Мәтін жазылған парақшалар.
12.55-13.00. Сергіту сәті. Әуенге билейді.. Сыртынан бақылайды 13.00-13.10. «Адамның мінезін келбетіне қарап білуге бола ма?» тақырыбында постер қорғауды тапсырады Әр топ "Иә, болады", "Жоқ, болмайды" жауаптар бойынша өз пікірлерін ортаға салып, постерлерін қорғайды Топ мүшелерінің ынтымақтастығын бақылайды. Видеожазбалар.
13.10-13.15 Сыни тұрғыдан ойлау туралы және Блум таксомониясы туралы ақпарат береді. Сыни тұрғыдан ойлау және Блум таксономиясы жайлы кең мағлұмат алады. Тыңдаушылардың пікірлерін тыңдайды. Интерактивті
тақта, слайдтар т.б
13.15-13.20. Рефлексия. Эссе жазуды тапсырады. Шағын эссе жазады. Формативті бағалайды «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Коучинг тақырыбы:
«Оқушыларды сыни түрғыдан ойлауға үйрету»
Математика пәні мұғалімі:
Аңсаған Мариям .(ІІ-деңгей)
2016 -2017оқу жылы


Қатысушылар постер қорғауда

Топтық жұмыс үстінде

Өз ойларын ортаға салуда