«К?мелетке толма?андарды? арасында?ы ???ы? б?зушылы?ты? профилактикасы ж?не оларды? ???ы?тарын ?ор?ау м?селесі »


Р.М.Ахметжанова- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі»КММ
Тақырыбы: «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және олардың құқықтарын қорғау мәселесі »
Ата-аналарға дәріс сабақ
Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа әкеліп соғатын отбасылық қолайсыздықтың әлеуметтік –психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Міндеттері:
1.Жалпы отбасындағы қолайсыздық түрлерін анықтай отырып, теориялық мағұлмат беру.
2. Отбасындағы балалармен дөрекі қарым-қатынас түрлерін анықтау.
3. Отбасы қолайсыздығы мәселелерін шешудің кейбір жолдарын ұсыну.
1. «Қанеки, амандасайық» Мақсаты: өзара қарым-қатынастың жайлылық жағдайын құру, амандасу түрлері бойынша топқа бөлу
«Сәлеметсіз бе, амансыз ба, халіңіз қалай» сәлемдесу түрлері бойынша топқа бөлу
2. Тыныштық сәті:
Мақсаты: ата – ананың ойын жинақтау, өзімен өзі болуға мүмкіндік жасау
3. Баяндама – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.М.Ахметжанова
-Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл-Фараби
Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.
Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады.
Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін ата-аналардың қарым-қатынас типтеріОрынсыз қамқорлық (бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды).
Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды)
Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).
Жоғары талаптар қою (балалар сасақалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады)
Кемсіту, елемеу (мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады. Өсе келе түрлі қылмсыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін).
Отбасында балаларды тәрбиелеу типтеріЗорлық-зомбылық негізінде тәрбелеу – істегің келмесе де, істейсің, істемесең жазалаймын.
Тәрбиеден тысқары қалу – бұл бетімен кетушілік, балаларға немқұрайды қарау. «Қалай болса, солай болсын, барлық балалар да осылай істейді.
Агрессивті баланың ата-анасының бойындағы қасиеттер:
Отбасында ешқандай ережелердің болмауы;
Балаларға ешқандай бақылаудың болмауы;
Тәртіптің болмауы;
Отбасында түрлі мәселенің шешімін табу іскерліктерінің болмауы;
Балаға сөзбен немесе іспен қиянат жасалуы.
Ынтымақтастықта тәрбиелеу:
1. Барлық баланы жақсы көру қерек. Жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш.
2. Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.
3. Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.
Баланы ақылға құлақ қоюғыштыққа, тілалғыштықа қалай жеткізуге болады?
Баланың жүрегінде жоғары «Мен» орын алған. Ол интуитивті түрде бәрін сезінеді.
Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етес онда бала тыңдамайды. Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды.
Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.
Күнделікті өмірде ата-аналар балалаға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек.
Ата-аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері де бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.


Баяндама бойынша ата – аналар пікірі тыңдалды
4. Катонқарағай кенттік КПБ – нің кәмелетке жасы толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзудың алдын алу заңдарымен таныстырды.

5.«Қимыл – қозғалыс арқылы жауап беру»
Иә – қол шапалақтау, жоқ – алақан жаю
Ақпарат көздерінен тәрбие туралы мақалалар мен бағдарламаларға қызығып, қарайсыз ба?
Баланы тәрбиелеуге жанұя әсер етеді
Баланы тәрбиелеуге қорша,ан орта әсер етеді
Бала тәрбиелеуде жауапкершілік кімде?
Әкеде – қол соғу, анада – қол көтеру

6.Ата – аналардан «Педагогикалық мәдениеттілік деңгейіңіз қандай?» сауалнамасын алу
7. Бала тәрбиесіндегі кемшіліктер туралы бейнероликтер көру, топ бойынша постер қорғау.
1- топ: Бала тәрбиесіндегі кемшіліктер
2 – топ: Бал неліктен құқық бұзады?
3 – топ: отбасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары

8. Ойын: «Жалғыз адам не істей алады?»
Ата – ана:
Осы бала үшін жанымды беріп жүрмін ғой, Айфон деді айфон әпердім, планшет деді онысын әпердім. Күнделікті сабағын қадағалаймын, тамағын әзірлеймін, кей кезде балам өзімді тыңдамай кетеді, сонысына ғана қынжыламын, жалғыз өзім не істей аламын?
Таксист:
Бензин де қымбаттап кетті, машина бөлшектері удай. Катонға барып қайтайын десең жолаушы болмайды, жолаушы болса да кейбіреуі қалаға кетіп, кейбіреуі қонып қалады, жалғыз өзім не істей аламын?
Ауыл биі:
Көшенің бәрі малдың қиы, бос бөтелке, аяқты алып жүре алмайсың. Адамдар өз ауласын жинауға ұмтылмайды, ауызсу лас, көшеде қаңғыбас иттен көп ешнәрсе жоқ. Жалғыз өзім не істей аламын?
Кітапханашы:
Балалар кітапқа қызықпайды, есіл дерті интернет. Абайдың, Шәкәрімнің кітаптарын шаң басты. Енді біраз уақытта не болар екен, Жалғыз өзім не істей аламын?
Темекі шегетін бала
Темекі шегу бірінші рет – сін болатын, қазір оны тастауға ерік- жігерім жетпейді. Саусақтарым, тырнақтарым темекі түтінінен сарғайды. Демікпе пайда бола бастады, басқа балалар сияқты жүгіре алмаймын, тастайын десем, алдымнан темекі тартқан адам шығады. Қызығып кетемін, Жалғыз өзім не істей аламын?
Бұзақы оқушы
Сабақта тыныш отырып, сабақ оқимын деген мақсатымның мектепке кіре бере быт – шыты шығады. Ата – анам да , сынып жетекшім де ренжулі. Қолдарым, аяқтарым өзіме ерік бермейтін сияқты, кейде ойланамын, шынында да өзімнің өзіме күшім жетпей ме? Жақсы оқушы болғым келеді, Бірақ, қалай? Жалғыз өзім не істей аламын?
Оқуға қызықпайтын оқушы
Мектепке мені біреу арқанмен тартып, күшпен әкеле жатқан сияқты. Тезірек сабақ бітсе екен деп, қоңыраудың шырылын тоса – тоса өмірім өтетін шығар, Осы оқуды кім шығарды екен? Бірақ оқусыз қазір түкке де жарамайсыз, сонда менің өмірім қандай болады. Оқу керек шығар, бірақ жалғыз өзім не істей аламын?
Тілін алмайтын оқушының ата – анасы
Баламды біреу ауыстырып қойғандай, өсе келе мүлдем басқа бала болып шыға келді. Сабағына барғысы келсе барады, барғысы келмесе бармайды, рұқсатсыз алыс елді мекендерге де кетіп қалып жүреді.Ақылымды естігісі келмейді. Мектеппен біржақты тәрбие беремін. Баламды қайтсем түзу жолға саламын, жалғыз өзім не істей аламын?
Сынып жетекші
Сыныпта неше оқушы болса да барлығы менің баламдай, соны біле тұра кейбір ата – ана менің балама неге бес қоймайсың, менің балама неге ескерту айтқансың деп келеді. Балаға дұрыс бағыт – бағдар беру менің міндетім, тәрбие стилін де өзім таңдаймын. Мен үшін оқушы – өмірден өз орнын тауып білімді ,ел азаматы болса болды . Осыны ата – анаға қалай түсіндірсем екен? Жалғыз өзім не істей аламын?
Маскүнем адам
Күнде таң атқанда енді бүгін ішуді қоймасам деп тұрамын, қайдан екенін білмеймін ескі достарым кездесіп қалады. Тағы да сол бірқалыпты өмір жалғасып жүре береді. Көшеде сенделіп бара жатып, балалардан ұят қой, менен қандай тәрбие алады деп ойлаймын. Бос, үйіліп жатқан бөтелкелерді көргенде өзімнен өзім жеркенемін, Арақты тастағым келеді, бірақ, жалғыз өзім не істей аламын?
Өз көзқарасымызды, өзімізді, пікірімізді өзгертіп, түбегейлі өзгереміз!(хормен)
Рефлексия