Ма?ала ?аза?стан Республикасында?ы к?мелетке толма?андарды? ???ы?тары мен бостанды?тарын ?ор?ауды? механизмі


Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың механизмі
Заң аспектісі тұрғысынан кәмелетке толмағандар дегеніміз - белгілі бір жас кезеңіне жетпеген тұлға. Және бұл кезеңнің шегі түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі елдерде әртүрлі болды. Көптеген елдерде кәмелетке 18 жаста толады. Ал кейбір елдерде – кәмелеттік жас 21жас болып табылады. Кәмелетке толмаған деп 18 жасқа толмаған баланы айтуға болады. Қай жастан басталады деген сауалдың туындауы заңды да. Үш жаста да, бес жаста да, тіпті он жастағы баланы кәмелеткетолмаған деп айтуға бола ма?«Кәмелетке толмаған» деген ұғым көп жағдайда заң терминологиясында қолданылады және қылмыстық жауапкершілік туындайтын жаспен байланыстырылады. Бұл жағдайда да бұл шек түрлі елдерде әртүрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 10 жастан басталады, Польшада - 13 жастан. Ресей мен Қазақстанда 14 жастан басталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес,кәмелетке толмағандар деп «қылмыс жасаған уақытында он төрт жасқа толған, бірақ әлі он сегізге толмаған тұлғалар танылады»
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдардың дамыған желісі құрылды.Елімізде балалар мүддесін қорғаумен тоғыз мемлекеттік орган айналысады: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі(ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (ҚР МАМ), Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқығы жөніндегі комитетінің 33-ші арнайы сессиясының ұсыныстары негізінде 2006 жылдың қаңтар айында балалардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 2007 жылдың қаңтарынан бастап ғылыми-зерттеу, ақпараттық-білім беру,мониторингтік және талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері жұмыс істей бастады. Өмірде қиын жағдайға душар болған оқушыларға, студенттерге, ата-аналарға құқықтық,психологиялық көмек көрсету мақсатында балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменттер негізінде сенім телефондары құрылды. Департаменттер қызметі ата-аналармен жұмыс істеу, кездесулер өткізу, жалпы мектептік ата-аналар жиналысы, ата-аналарға арналған буклеттер шығару және басқа да көптеген іс-шараларға ерекше назар аударады. 2001 жылы елдің барлық облыстарында облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия желісі құрылған болатын, 2005 жылы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (КІК немесе комиссиялар) болып өзгертілді. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын ала ескерту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды жасау үшін құрылды. ВАК құрылғанға дейін, 2004 жылы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының №591-ІІ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын ала ескерту туралы» Заңы қабылданды, ол кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын ала ескерту жөніндегі мемлекеттік органдарының қызметінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтады.Мысалы, ҚР ІІМ облыстық және қалалық деңгейде бірнеше қызметкерлерден жиынтықталған, сондай-ақ аудандарда бір қызметкерден тұратын кәмелетке толмағандар ісі бойынша арнайы бөлімше (КІБ) құрылды.Баланың үйінен кетіп қалуы немесе оның өміріне қауіп төнген жағдайда отбасынан алып қойғаннан соң, ол Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталығына (КТУОБОО) орналастырылады.
КТУОБОО желісі арқылы жыл сайын 10000 астам кәмелетке толмағандар өтеді. КТУОБОО Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N708 бұйрығымен бекітілген,Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен 2005 жылғы 17 қаңтарда N 3360 тіркелген «Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы Ережелер» негізінде жұмыс істейді.КТУОБОО кәмелетке толмағандар үшін қолайлы жағдай жасалған, тәрбие жұмыстарының жоспарлары бар, зардап шеккен балаларды оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Әрбір орталықта балалардың денсаулық жағдайын тексеріп отыратын психолог және дәрігерлер қызмет істейді.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәмелетке толмағандармен жұмыс әдісін өзгерту мақсатында қылмыстық әділ сот жүйесінде «Қазақстандағы ювеналдық әділет» жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп келеді, оның мақсаттары, міндеттері мен ұстанымдары анықталды. Қазақстандағы ювеналдық әділет келесі мамандандырылған қызметтерден тұрады: ювеналдық полиция, ювеналдық прокуратуралар,ювеналдық соттар, ювеналдық адвокатуралар, ювеналдық қылмыстық-атқарушы инспекциялар, әлеуметтік психологтар мен балалар құқығын қорғау бойынша аймақтық органдар. Ювеналдық әділеттің құрылымды тұжырымдамасын, соның ішінде
әлеуметтік қызмет мекемелерін дамыту арқылы қабылдау, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, кәмелетке толмағандар ортасындағы шиеленістерді төмендетуге және қоғамда болып жатқан үрдістерге белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда ратификацияланған балаларға қатысты халықаралық құқықтық актілер.1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы «Бала құқықтары туралы Конвенцияларды бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі бекітілген алғашқы халықаралық құжаттардың бірі. 2002 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.Қазақстан қосымша халықаралық құжаттарды ратификациялады:
* Бала еңбегінің аса нашар түрлерін жою жөніндегі шұғыл шаралар мен тыйым салу туралы Конвенция, Женева, 1999 жыл 17 маусым.(Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңымен ратификациялаған);
* Балаларды саудалау, балалар жезөкшелігі мен балалардың арнайы шығармаларына қатысты баланың құқықтары туралы Конвенцияға факультативтік хаттама, Нью-Йорк, 2000 жыл 6 қыркүйек, (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 шілдедегі Заңымен ратификациялаған);
* Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты баланың құқықтары туралы Конвенцияға факультативтік хаттама, Нью-Йорк, 6қыркүйек 2000 ж. (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 шілдедегі Заңымен ратификациялаған);
* Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы Конвенция, Женева, 1930жылғы 28 маусым (Қазақстан Республикасының 14.12.2000 ж. Заңымен ратификацияланған);
* Жұмысқа қабылдауға арналған ең төменгі жас туралы Конвенция,Женева, 1973 жылғы 6 маусым (Қазақстан Республикасының 14.12.2000 ж.Заңымен ратификацияланған);
*Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы Конвенция, 1979 жылғы 18 желтоқсан (ҚР 29.06.1998 ж. қосылу туралы Заңы).
Баланың құқықтық мәртебесі мемлекеттік маңызы бар мәселелер қатарына жатады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында көрсетілген, онда неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық шақ мемлекеттің қорғауында болатындығы туралы айтылған.
Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар
№ БелгілеріҚР Үкіметі жанындағы ВАК (ҚР Үкіметі жа нындағы Кеңес беру-кеңесу органы) КІК (комиссия құрамы әкімнің шешімімен бекітіледі)
1 АнықтамаКәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың,құқық құзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларын кешенді шешуді жүзеге асыруда біртұтас тәсілдер қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты әрекет етуші алқалы орган болып табылады.
2 Комиссияның ұйымдастырушылық құрылымыВАК жұмыс органының функциялары ҚР БҒМ жүктеледі,ол ВАК мәжілістерінің күн тәрті бін жасайды;ВАК ше шімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;ВАК мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмыстарын үйлестіреді. Облыстық республикалық
маңызы бар қалалар, астаналар), аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) комиссия жергілікті атқару органының жанынан құрылады. КІК өз қызметінде жергілікті атқару органының алдында жауапты болады, сондай-ақ жоғары тұрған комиссияның бақылауында болады және есеп береді.
3 ЖалпыжағдайыҚР Үкіметі жанындағы кеңес беру-кеңесу органы Тұрақты әрекет етуші алқалы орган
4 МақсатыҚР Үкіметі жанындағы ВАК кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды,қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалар құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасау мақсаттарында құрылған. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын, құқық бұзушылықтарын және қада ғалаусыз қалу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелелерін кешенді шешуді жүзеге асыруда біртұтас тәсілдер қалыптастыру.
5 НегізгіміндеттеріБалалардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау
саласындағы мәселелер,
кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзу-
шылықтар, қа дағалаусыз
және панасыз қалудың
алдын алу, оларды әлеу-
меттік оңалту бойынша
бағдарламаларды жасау. Кәмелетке толмағандардың
құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау мен қал-
пына келтіру, кәме летке
тол мағандардың қада ға-
лаусыз, панасыз қалуына,
құ қық бұзушылықтары мен
қоғамға жат қы лық тарына
себеп болатын жағ дайлар
мен оның се бептерін
анықтау мен жою жөніндегі
шараларды жүзеге асыру.
Мүдделі министрліктер,
ведомстволар ұсынған
ба лалардың құқықтары
мен мүдделеріне қатысты
мәселелер бойынша
ұсы ныстар әзірлеу. Мүдделi мемлекеттiк орган-
дар басшыларының кәме-
летке толмағандар арасын-
да құқық бұзу шылықтардың,
қадағалаусыз және пана-
сыз қалудың алдын алу,
олардың құқықтарын қор-
ғау жөніндегі жүргiзген жұ-
мыстары туралы есептерiнтыңдайды және олардың
арасында жетекшiлiк ете тiнмәселелер бойынша өза раақпарат алмасуды ұйым-
дастырады.
Кәмелетке толмағандарды
АБҰ мен ЕРҰББҰ жiберу
мә селелерi жөнінде сотқаматериалдар дайындауғақатысады.
ҚАЖ мекемелерiнен бо-
са тылған немесе АБҰ
мен ЕРҰББҰ оралған кә-
мелетке толмағандардыжұ мысқа орналастыру жә-не тұрмыстық жағдайын
қалыптастыру, сондай-ақ
өмiрде қиын жағдайға ду-
шар болған кәмелетке тол-
мағандарды әлеуметтiк
оңал ту жөніндегі өзге де
мiндеттердi жүзеге асыру-
да мүдделi органдардың
қызметiн үйлестiредi.
6 Мәжіліс өткізу
жиілігіЖарты жылда 1 мәртеден
сирек емес
Төрағаның шақыруымен
кезектен тыс отырысөткізуге болады. Айына екі мәртеден сирекемес7 Мәжіліс кво-
румыОның мүшелерінің үштен
екі бөлігінің қатысуы Оның мүшелерінің жарты-
сынан кем емес
8 ТөрағаВАК қызметіне басшылық
жасайды, ВАК отырыс-
тарында төрағалық
ете ді, оның жұмысын
жос парлайды, оның
шешімдерінің жүзеге
асы рылуын бақылайды
және қолданыстағы
заң намаға сәйкес ВАК
жүзеге асыратын қыз-
мет үшін, сондай-ақ ВАК
жасаған шешімдер мен
салааралық, ведомства-
аралық үйлестіру үшін
дербес жауапкершілікатқарады. Әкімнің орынбасары (сәй-
кес мемлекеттік ор ган-
да штаттық лауазым ат-
қарады)9 Төраға орын-
басарыТөраға болмаған
кезде оның қызметін
орынбасары атқарады. Білім беру басқармасыныңбастығы не/немесе ау-
мақ тық ішкі істер органы
бастығының орынбасары10 Комиссияның6-12 мүшелері ВАК мәжілістеріне ҚР
Парламентінің депутатта-
ры, мүдделі мемлекеттік
органдардың, қоғамдық
бірлестіктер мен ха-
лықаралық құқық қорғау
ұйымдарының өкілдері
қатыса алады. Ішкі істер органдарының,
білім және ғылым, мә-
дениет, денсаулық сақтау,
БАҚ, ҮЕҰ өкілдері.
КІК құрамына БАҚ пен
ҮЕҰ өкілдері кірген кейбір
комиссиялардың оң тә жі-
рибелері олардың жұмы-
сының тиімділігін арттырды.
11 ХатшыВАК жұмысын ұйым-
дастыру, тиісті құжат-
тарды, материалдарды
дайындау және ВАК
отырысының хаттама-
сын ресімдеу. Хатшы
ВАК мүшесі болып та-
былмайды. Ол отырыс
басталғанға дейінгі үш
күннен кешіктірмей ВАК
мүшелеріне барлық қа-
жетті құжаттарды жі-
береді. Сәйкес мемлекеттік орган
аппаратында штаттық
лауазымда қызмет етеді.
12 ШешімқабылдауКөпшіліктің қарапайым
даусымен қабыл да нады
және ұсыныс сипаты-
на ие, хаттамаларменресімделіп, отырысқа
төрағалық етуші тұлғақол қояды. Отырысқа қатысушы комис-
сия мүшелерінің көпшілік
қарапайым даусымен қа-
былданады. Дауыстар тең
түскен жағдайда КІК мә-
жілісіне төрағалық етуші
тұлғаның дауысы шешуші
болып табылады.
13 ҚорытындықұжатВАК шешімі 2.2. ТҮРЛІ ДЕҢГЕЙЛЕРДЕГІ КОМИССИЯЛАРДЫҢ КІК Қаулысы
КІЛЕТТІКТЕРІ