1.XXI-?асыр к?шбасшысы (8-сынып), 2.К??ілді тап?ырлар сайысы(8-сынып). 3.Туындыны табу ережелері(10-сынып) 4.?айталау?а арнал?ан с?ра?тар ж?не есептер шы?ару(8-сынып)5.Рационал сандарды б?лу(6-сынып)


Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін , білім мен білік дағдыларын дамыта отырып интеллектуалдығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өздігінен жұмыс істеуге және өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
4.Сабақтың типі: Өткен сабақ бойынша білімін тексеру
5.Әдіс-тәсіл құралдары: Проблемалы іздендіру.
6. Сабақты ұйымдастыру: Сөйлеммен ой жеткізе білуін қадағалау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың бағдарламасымен таныстыру.
Жалпы сұрақтар
Көкпар
Бәйге
Оқушылар өздерін таныстырады және ұрандарын айтады.
І Бөлім Жалпы сұрақтар
Тақырыбы: «Мен елімнің болашағымын» Мұнда оқушыларға сұрақтар қойылады
Қолдарындағы белгіні қайсысы бұрын көтерсе сол оқушы жауап береді және 1 сұраққа 1 ұпай беріледі.
Сонымен сұрақтар «Мен елімнің болашағымын»
1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?
А) Гедальдика В) этимология С) Риторика
2 сұрақ Қазақ күресінен шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров
3.Сұрақ Қазақ елінің дарынды күйшісі «Балбырауын», «Адай» ,«Сарыарқа» күйлерінің авторы
А) Құрманғазы В) Дәулеткерей С) Ықылас
4. «Мыңжылдық Адамы» атағы берілген ұлы қолбасшы, жиҺангер, империя әміршісін атаңыздар.
А) Әмір Темір В) Шыңғыс хан С) Бату хан
5.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қанша жыл толады?
А) 22 жыл В) 20 жыл С) 25 жыл
6. «Адамдық борышың» өлеңінің авторын ата?
А) А. Құнанбаев В) С. Мауленов С) Ш. Құдайбердиев
7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы қашан қабылданды?
А) 16 желтоқсан 1991 жылы В) 27 шілде 2007 жылы С) 20 желтоқсан 1997 жылы
8. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері
А) А. Байтұрсынов В) Н. Назарбаев С) Ә. Бөкейханов
9) «Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін- математика» кімнің сөзі ( М В Ломаносов )
10) «Дискриминант» қандай сөзден шыққан? (латынның « ажырату, анықтау)
Сайыстың екінші бөлімінде ұпайы жоғары оқушылар орындарын ауысып тұрады.
Сонымен бірге мектеп бағдарламасы бойынша пән сұрақтары қойылады .Тақтада көрсетілген цифларды таңдау арқылы пәндер анықталып отырады.
Қазақстан тарихы. №1
Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды?(Отырар опаты)
Геральдика ғылымы нені зерттейді? (Елтаңбаларды)
Суретте бейнеленген жәдігер қай жерде орналасқан?(Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде)
ЭКСПО қай жылы , қай қалада өтеді? (Астана 2017 жылы)
Қазақ елінің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келді?
(1940 жылы 6 шілдеде)
Математика №2
Жасы жүзге келген қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе?(иә, егер ол 29 ақпанда дүниеге келсе)
Квадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу ?
(ах+вх+с 0 түріндегі теңдеуді айтамыз)
Геометрия саласында жаңалық ашқаны үшін Пифагор не істеді?
( 100 өгізді құрбандыққа шалды)
Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан құтылдыру үшін не істейміз?
( Бөлшектің алымы мен бөлімін бөлімінің түйіндесіне көбейтеміз)
5.Түйеқұс таразыда бір аяғымен 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса қанша тартады? (12 кг)
Биология № 3
1.Биология сөзіне анықтама беріңіз?(Биос-тіршілік, логос- ғылым)
2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің «Жануарлар» кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты?( Халел Досмұхаммед)
3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма)
4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған алғашқы ғалым кім? (Роберт Гук)
5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді?( Кіндік тамыр және шашак тамыр)
Қазақ тілі №4
Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?(ашық және қысаң)
Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады?
( Диалект сөздер)
3.Жазылуы бірдей , мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады?(Омоним)
4.Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?(Синтаксис)
5. «Қазақ» газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім?(Ахмет Байтұрсынов)
География № 5
Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады?(Хан Тәңірі)
Австралия аборигендерінің имек ағаш түріндегі қаруы қалай аталады?(Бумеранг)
Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы?
(Ш. Уәлиханов)
4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? ( Гренландия)
5. «Тұманды Альбион» атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания)
Қазақ әдебиеті №6
«Ер төстік» ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай?( Шалқұйрық)
«Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы кім?( І. Есенберлин)
«Мен Қазақпын» поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев)
Көп жылдар бойы «Балдырған» журналын басқарған жерлесіміз, балалар ақыны(М. Әлімбаев)
М. Әуезовтың алғашқы сахналық қойылымға берілген шығармасы( Еңлік Кебек)
Енді оқушылар арамыздан ұпайы төмен үш оқушыны шығарамыз. Оларға алғыс білдіре отырып табыс тілейміз.Сонымен ойынымызда ең мықты үш ойыншы қалды.Енді осылардың бақтарын сынап көрейік.
ІІІ тур «Бәйге» деп аталады
Ғылым 10 20 30 40
Тұлға 10 20 30 40
Спорт 10 20 30 40
Таңдауды ұпайы жоғары оқушы жасайды.
«Ғылым»
10 Иіріле оралып , тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейгнесі қай ғылым саласының таңбасы? (Медицина
20.Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы?(Экология)
30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады?(Космановтика)
40.Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін ғылым?
( Археология)
«Тұлға»
10. Шыңғыс Айтматовтың досы қазақ халық жазушысы, тіл жанашыры( М. Шаханов)
20. Қазақтың үшінші ғарышкері ( Айдын Айымбетов)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті ғалым (Қ. Сәтбаев)
40. Әйгілі шығыстанушы ғалым,Ш. Уәлихановтың досы( Потанин)
«Спорт»
10. «Қазақ барысы -2015»атағын жеңіп алған палуан ( Бейбіт Ыстыбаев)
20.Спорт саласында «Пентакампеон» сөзі қандай мағына береді?(Бес дүркін чемпион)
30. Ауыр атлетикадан әлем чемпионы ( Илья Илин)
40. 2000 жылы Сидней олимпиадасында жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы ( Б. Саттарханов)
Қорытындылау төрешілер .
Марапаттаулар.
Осымен «ХХІ –ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысымыз аяқталды.


Алгебра 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Рационал сандарды бөлу ережелерін үйрету, бөлгіші немесе бөлінгіші бар теңдеулерді шеше білуге үйрету.
Дамытушылық: Таңбалары әртүрлі және таңбалары бірдей сандарды бөлуді дамыту және есеп шығара білуде ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа , жылдамдыққа , ептіліккке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі , сұрақ –жауап
Сабақтың пән аралық байланыс: информатика,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру №547
«Алғашқы қадам» деп аталады, өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтар .
Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту ережесін айтып беріңіз?
Таңбалары бірдей сандарды көбейту ережесін айтып беріңіз?
Қарама –қарсы сандардың қосындысы неге тең?
Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?
ІІ бөлім «Білімің –ұшар қанатың» деп аталады
Жаңа сабақ
І . Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу.
Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса, бөліндінің мәні теріс сан болады.
Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:
Бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.
Шыққан бөліндінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Мысалдар:
Бөлінгіш пен бөлгіштің мәні бірдей болса , бөлінді оң сан болады.
Таңбалары бірдей сандарды бөлу.
Бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек
Шыққан бөліндінің алдына «+» таңбасын қою керек.
Мысалдар :
Нөлге бөлуге болмайды .
Оқулықпен жұмыс № 555 3 қатарға 1 топтан
№ 556 3) 4)
№557 1) 2)
Деңгейлік тапсырмалар
А тобы № 560 1 ) 2) 3)
Б тобы №566 1)2)3)
С тобы № 567 4) 5) 6)
ІІІ кезең
Логикалық есептер шығару.
1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса оның салмаға қанша болады?
Жауабы: 3 кг2. Наурыз тойы өтіп жатыр. Ат жарысы өтуде, үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?
Жауабы:(60 км)
Төрт қойдың неше аяғы бар? Жауабы: 16 аяғы.
ІҮ кезең
«Кім жылдам?» ойыны
Үлестірмелі қағаздар арқылы ойналады
Ү кезең
Сергіту сәті
8 есеп беріледі жауабын тақтаға жазып тексеремін.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру № 560 (жұп нөмірлері)
Сабақты бекіту: Рационал сандарды бөлу ережелерін тұжырымдап айтып бер?
Қорытындылау.
Алгебра 8 «Б»сынып
күні: 22.01.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қайталауға арналған сұрақтар және есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға квадрат теңдеулар тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары және есептер шығару білімділігін дамыту.
2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту
3. Ұқыптылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап,ауызша жаттығулар
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, кеспе қағаздар, дидақтикалық материалдар.
Сабақтың барысы: Мотивациялық кезең
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Қайталау сұрақтары
Сынып төрт топқа бөлінеді
Топтың ережесін қайталау
І бөлім
«Алғашқы қадам» өткен тақырыптар бойынша оқушыларға
сұрақтар және есептер
1. І топ Квадрат теңдеулер дегеніміз қандай теңдеу?
Формуласын жазып көрсет
Жауабы: ах + вх+с=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.
Мұнда а,в және берілген сандар , ал х- айнымалы
с -бос мүше
ах+вх+с квадрат үшмүше
Келтірілген теңдеу а=1 –ге тең теңдеу Мысалы: х+5х-6 0 теңдеуі.
2. ІІ топ Рационал теңдеулер туралы не білеміз?
Жауабы: Теңдеу бүтін және бөлшек түрде берілсе оны рационал теңдеулер деп атаймыз .
3. ІІІ топ Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласының жалпы түрін жазып көрсет?
Д в+ 4ас
Мысал келтір :
4. ІҮ топ
Виет теоремасы туралы не білеміз
формуласын жазып көрсет
ІІ бөлім
«Білімің –ұшар қанатың» деп аталады . Бұл бөлім бойынша әр топқа оқулықтан есептер беріледі.
№385 №387 №388 есептер шығару
ІІІ бөлім
Шығармашылық жұмыс
І топ
Екі таңбалы натурал сан берілген. Осы санның квадраты мен осы санды құрайтын цифрлардың орнын ауыстыруда шыққан санның квадратының айырмасы 495 –ке тең. Осы санды тап.

ІІ топ
Екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 6 есе үлкен.Осы санды тап.

ІІІ топ
Екі санның айырмасы 6-ға , ал көбейтіндісі 216-ға тең . Осы сандарды табыңдар
ІҮ топ
Екі таңбалы санның бір цифры екіншісінен 1-ге артық. Осы санның квадраты мен оның цифрларын кері тәртіппен жазғанда шығатын санның квадратының 1558-ге тең. Осы екі таңбалы санды тап.
Рефлекция
Білдім. Білемін. Білгім келеді
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасы: № 237 №238
Қорытындылау.

Көңілді тапқырлар сайысы
Сыныптан тыс жұмыс
Сыныбы : 8 «Б»
пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар сайысы
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын анықтау
2. Ойлау қабілетін дамыту , ой-өрісін қалыптастыру
3. Адамгершілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану. топтық жарыс
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, эмблемалар,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топқа бөлу, топтың ережесімен таныстыру
3. Шаттық шеңбері
І топ Пропорция 6 оқушы
ІІ топ Параллелограмм 6 оқушы
3. Бағдарламада:
1. Топпен таныстыру
2. Эмблема
3. Есеп шығару
4. Көрермендер сұрағы
5. Логикалық сұрақтар
6. Математикалық саны бар мақал-мәтелдер
7. Математмкалық қимыл биі
8. Қорытындылау
4. Әділ-қазылардың марапаттауы
5. Қатысатын оқушылар тізімі
6. Бүгінгі бағдарламада
1.Таныстыру. Мұнда топ басшысымен топ мүшелері аталған фигураның барлық қасиеттеріне толық мағлұмат беру қажат
( Анықтама, қасиеттері, белгілері) Бұл сайыс түрі бойынша 5 ұпай беріледі
2. Эмблема жасалу жолына баға беріледі 5 ұпай 2 минут
3. Есеп шығару 10 минут
Есепті топпен ақылдасып отырып шығарады, бір оқушы тақтаға шығып түсіндіреді.
№ 333
І топқа
4 бөлім Көрермендер топтарға геометрия пәнінен сұрақтар қояды.
«Кім жылдам?» ойыны
5 бөлім Логикалық сұрақтар.
6 бөлім Би сайысы Топ мүшелері әуен ырғағымен математикалық қимыл көрсетеді. Әр қимылға 1 ұпай беріледі.
Мысалы: Қосу, азайту, түзу, шеңбер