Тап?ыр математиктер атты математикадан сыныптан тыс ж?мыстар


Сабақтың тақырыбы:  Тапқыр математиктерСабақтың мақсаты:Білімдік: Оқушыларға  логикалық, викториналық т.б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйретуДамыту: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру,  пәнге деген қызығушылығын арттыруТәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа  тәрбиелеуСабақ түрі:  сыныптан тыс сабақСабақтың көрнекіліктері: қапшық, маркер, карточкалар, тақта, плакатқа жазылған есептер жиыныСабақтың барысы: Мұғалім:Уа халайық, халайық,Бәріңе жар салайықБүгінгі  жарыс төріндеМатематика еліндеМатематика тіліндеЕсеп шешіп жарысыпЖұмбақ шешіп аңдысыпШабыт тасып шалқысыпЕсеппен ән салысыпКөңілді жарыс жасайықЖұмбақ  шерді шашайықАт салысып аянбайБар өнерге басайық. – деп жарысымызды бастайық
Шеберлікті білімді,
Сараптап сендер көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер - дей отырып әділ қазылар алқасымен танысайық.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Дильмагамбетова А.Б
Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшіс: Альмуханова Г. Ж.
Математика пәнінің мұғалімі: Баймуратова Ш.Ж
І. «Математикалық термин». Шарты: Топ мүшелері әріп таңдап алады. Кімге қандай әріп түссе сол әріп бойынша математикалық термин сөздерді кезектесіп айтады. Қай топ көп термин айтса сол топ жоғары ұпай алады. ( 1 мин уақыт) 1 термин сөз 1 ұпай.
Сұрақтар:
Ең кіші үш таңбалы сан.
Қабырғалары тең тік төртбұрыш.
Ондықтан құралған сан.
Кеміту амалы.
Геометриялық фигура
Бұрыш түрі
Уақыт өлшем бірлігіБұрышты өлшейтін құралҚиылыспайтын екі түзуПериметр дегеніміз не?
Мұғалім:
Айыра біл, жақсы менен жаманды,Айыра біл, қарындаш пен қаламды.Айыра біл, соқпағын да өмірдің,Айыра біл тапсырмаңды алдағы. Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!Мықты болсаң –шоқалаққа сүрінбе,Мықты болсаң –тайғанама көк мұзда,Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,Мықты болсаң –заманыңды көктеп өт!
ІІ. Эстафеталық ойындар! Шарты: Қапшықпен секіре отырып, кедергілерден өту арқылы тақтада тұрған есептерді шешу керек.
(2х+7у)2 (3х+4у)2
2(х+7)+4х 9(3-у)+15
814=х35 4х=61825-9у2 64 – 16а2

ІІІ. Полиглот
Шарты: Әр топқа жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың жауабын қазақ, орыс және ағылшын тілінде айту керек.
1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы тұп бойында (сызғыш, линейка,ruler )
2. Алды - артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле мен кесінді
Шыққан тегін білсін де (түзу, прямой, straight)
3. Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы қанеки Қалай ғана аталды (бұрыш, угол, angle)
4. Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап (икс, икс, икс)
5. Сұр тырнамыз сабағына
Ұшып келді отыз тырна
Олардан тек он бесі Дайындалған сабағына Неше жалқау тырналар Дайын емес сабаққа? (15, пятнадцать, fifteen)
6. Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі (шеңбер, круг, circle)
V. Логикалық есеп
Шарты: Әр топқа логикалық тапсырмалар беріледі, соны дұрыс шешкен топқа жоғары ұпай қойылады. (2мин)
1 топқа: Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан троллейбусте кондуктормен шоферден басқа 23 адам болды. Көпір жолында одан 7 адам шығып, 4 адам кірді, кинотеатр жолында 5 адам шығып, 3 адам кірді, келесі 9 рет тоқтағанда 17 адам шығып, 19 адам кірді, вокзал жанында барлық адам түгел шықты және бір адамның билетсіз мінгені анықталды. Троллейбус неше рет тоқтады? (1+1+9+1=12)
2 топ: Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақшы болып, ұрылар келеді.
Кемпір: Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен оларды алдайын сапырып отырып мынадай өлең айтады: Сапырып - сапырып Сарманға бер Құйып - құйып Құрманға бер
Есіктегі екеуге бер
Өзің іш те маған бер.
Мұны естіген ұрылар: қой мұнымыз жарамас, бекер екен. Бұл үй толы кісі екен, әрі біреуі бізден артық екен деп кетіп құлыпты
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу?
(6; 5)
3 топқа: Аяқ киім сатушы дүкен иесі аяқты 2000 теңгеден оптом алып, дүкенінле 3000нан сатады, бір аларман келіп бір аяқ киім алады да, 5000 теңге береді., майда болмағандықтан дүкен иесі көршісіне апарып 5000 теңгені 1000 теңгелікпен айырбастап келеді де, алушыға 2000 теңгесін береді. Сатып алушы кетіп қалған соң, көршісі келіп 5000 теңгеліктің жалған екенін айтады, дүкен иесі амалсыз 5000 теңгені түгелдей қайтарып береді. Ал енді сұрақ: дүкен иесі жалпы қанша шығынға ұшырады?
Жауабы: 5000+2000+2000-3000=6000 теңге.
ІҮ.Сабақты қорытындылау
Бұл 2050 жылға жету үшін әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, қиыншылықтардан  жеңе алатындарыңды көрсеттіңдер.Сіздерге  2050 жылға сәт сапар тілеймін.
Жүргізуші:
Олар жайлы төрешіКөрермендер өздеріңАқ қарасын айырыпКуә болды көздерің.Көңіл бөліп бұл жарысқаКелгендерге көп рахметШын сезінген көрерменге мың рахметЕндігі сөзді  әділқазы алқасына беріледіМарапаттау