Саба? жоспары т?рбие са?атыОтбасы т?рбие бастау(3-сынып)


Отбасы-тәрбие бастауы (отбасылар сайысы)
Мақсаты: Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа тәрбиелеу.Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу.Көрнектілігі: шарлар, қанатты сөздер, қызыл, жасыл, сары конверттер.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық сайыстың қатысушылары!
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Қадамдарыңызға гүл бітсін, сайыста жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз, ақ жол тілейміз!
       Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие. Ананың балаға беретін ең зор сыйы-ана сүті. Ана сүтімен берілетін ең асыл сыйы – ана тілі. Ана сүтін бойға сіңірген, ана тілінің құдіретін түсініп, өз Отанын, өз  халқын сүйетін әрбір қазақ халқының ұрпағы өз тілін, дінін құрметтейтін «нағыз қазақ» болып өсуі тиіс.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Сайысымыз «ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» деп аталады. Сайысымызға үш отбасы қатысады. Сайыстың негізгі шарттарымен таныс болыңыздар.
І. «СӘЛЕМ, ЖАҢА КҮН» (сәлемдесу)ІІ. «ҰШҚЫР ОЙ» (5 сұрақ қойылады) қызыл, сары, жасыл конверттерІІІ. «ПІКІРТАЛАС» (Әке ,ана мен балаға)ІV. «. САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН » (тігу, жапсыру, сурет салу,мүсіндеу т.б дайындау)V. «ОЙНА ДА ,ОЙЛА» (жұмбақ,мақал-мәтел, салт-дәстүр)
VІ. «СӨЗЖАСАМ» (сөздер құрастыр)
1.Жұмбақтар
1)Аяғы біреу,қолы жоқ
       Шиыр-шиыр жолы көп
       Өзі сөйлей білмейді
       Салған ізі сөйлейді    (Қалам)
    2)Қабат-қабат қаптама
ылың болса, аттама.(Кітап)  

1)Қардай аппақ,
        Балдай тәтті-ақ.(Қант)
   
  2)Екі айнасы бар,
        Екі  найзасы бар,
        Төрт жылтырмағы бар,
        Бір шыбыртқысы  бар.(Сиыр)
    
1)Кезекті бір жануар,
        Үстінде  екі тауы бар. (Түйе)
     2)Күндіз тіпті ұшпайды,
        Түнде тышқан ұстайды,
        Көзі шамға ұқсайды.(Жапалақ)
2.Мақал-мәтел сайысы.
1. Әке көрген - оқ жонар
Шеше көрген – тон пішер.
2. Әке жүрегі – таудан биік
    Ана жүрегі – теңізден терең.
3. Қарға баласын – аппағым дейді,
    Кірпі баласын – жұмсағым дейді.
4. Итпен ойнасаң – үрерсің,
    Баламен ойнасаң – күлерсің.
5. Оқу-білім азығы
    Білім – ырыс қазығы.
6. Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық,
    Ерте тұрған еркектің ырысы артық.
Қазақтың салт-дәстүрлерінен шағын жырлар көрініс көрсету.
 Сәбидің дүниеге келуі.
Бесік жыры.
Әлди-әлди, ақ бөпем
Ақ бесікке жат, бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Әлди-әлди бөпешім
Қозы жүні көрпешім
Жұрт сүймесе, сүймесін
Өзім сүйген бөпешім. 
2. Беташар.
Айт, келін-ау, айт келін!
Жұмыртқадан ақ келін!
Атыңнын басын тарт, келін!
Қыз көңілден қайт, келін!
Сауысқаннан сақ, келін!
Ел-жұртыңа, жақ келін!
Ата-енеңді,бақ келін! Бақ келін!
Ата-енеңе, ата-енеңе Бір сәлем!
3. Тұсау кесу.
Қаз-қаз, балам,
Қаз, балам
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін!
VІ. «СӨЗЖАСАМ»Енді сайыс болған соң, оның шарттарын көріп қазылық ететін әділқазылары болуы керек.Олай болса ӘДІЛҚАЗЫЛАР алқасын сайлап алайық.Енді шарт-тарды ретпен орындау үшін белгілер таңдайық! Іске сәт!І шарты: «СӘЛЕМ, ЖАҢА КҮН!» отбасылар кезекпен сәлемдеседі, тілектерін айтады.ІІ шарты: «ҰШҚЫР ОЙ» отбасылар конверт таңдайды. Әр конвертте 5 сұрақ бар. Сол сұрақтарға жауап береді.Қызыл конверт:1.ҚР –ның астанасы?2.ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?3.Отбасы қорғаны кім?4.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?5.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
Сары конверт:1.Ұлттық ойын түрлерін ата.2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды?3.ҚР-дағы көмірлі қала?4.Адамға ақыл беріңдер кімдер?5.Батаның қандай тәрбиелік мәні бар?
Жасыл конверт:1.Тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?2.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?3.ҚР-ның рәміздерін ата.4.Әр адамның шағын отаны?5.Мектептегі ең жақсы баға.
ІІІ.ПІКІРТАЛАС. (Әкеге ,ана мен балаға беріледі)1-жағдаят(әкеге )Балаңыз құстарға тас лақтырып тұрып машинаңыздың алдыңғы терезесін сындырып алды .Сіз не істейсіз?Қалай жазалайсыз? Әлде басқаша ма?(анаға)Балаңыз аулада ойнап жүрген. Жолдасының таспен ұрғанын айтып шағымданып келді. Не істер едіңіз?(балаға) Бүгін сабаққа кеш қалып келдің. Қоңырау соғылғанына 2 минуттай болыпты. Не істер едің?2-жағдаят (әкеге )Балаңыз сіздің амианыңыздан сұрамай 5000 теңге ақша алды.Сіз не істейсіз ? Қалай жазалайсыз? Әлде басқаша ма? (анаға)Сіз жұмысқа кетейін деп жатырсыз. Балаңыз жарысқа баратынды-ғын кеше айтуды ұмытып кеткен. Мектепте мүсін жасаудан жарысболады. Соған бала да қатысқысы келді де мектепте қалып қойды.Сіз оны күтіп отырдыңыз. Не істер едіңіз?(балаға) Кеше кешке дейін ойнадың. Сабақ дайындауға шамаң келмей кешкеұйықтап қалдың. Сабақ сағат 9.00-те басталады. Сөмкеңде кітап дәптер орнына ойыншықтар тұр. Сабақ әлдеқашан басталды. Не істер едің?3-жағдаят (әкеге ) Сіз ауырып жатырсыз ,балаңыз мазаңызды алып ананы бір сұрап,мынаны бір сұрап мазаңызды алды .Сіз не істейсіз ? Қалай жазалайсыз? Әлде басқаша ма? анаға)Кешкі ас ішіліп болған кезде ас үйде ыдыс жуылмай қалды.Кинобасталып кетті.Кино аяқталған кезде балаңыз: ыдысты таңертеңжуа салайыншы деді.Сіз не істер едіңіз?(балаға) Мектепке келер алдында асығып кофтаңды теріс киіп алыпсың.Сырт киіміңді шешкен соң сыныптың есігінің алдына келген соң кофтаңның теріс екендігін байқадың.Не істер едің?Ән шашу.ІV.»САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН»(дайындаған заттарын әңгімелеп беру)V. «ОЙНА ДА ,ОЙЛА» (әр отбасы өз өнерлерін ортаға салады)VІ. «СӨЗЖАСАМ» (сөздер құрастыру)1.Денсаулық2.Тәуелсіздік3.ҚазақстанӘн шашу.ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. ӘДІЛҚАЗЫЛАР өз шешімдерін шығарып марапаттауӘр бала- дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.Ендеше бүгінгі іс-шарамыздан әр оқушы мен ата-ана ой түйіп, «Отбасы-тәрбие бастауы» деген қағидамен келіседі деп ойлаймын.
Ойламаңыз өнерлерін аяп қалды,
Уақыт болса-бір шама таяп қалды.
Береке,бірлік тілеп әр жанұяға,
Сайысымыз осымен аяқталды.
МЕРЕКЕ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАССЫН!