?дебиеттік о?у Мазм?ндама (2 сынып)


16-сабақ
Әдебиеттік оқу Уақыты:29.09 Кабинет: 18 Мұғалім:Мәдениет
М
Мазмұндама
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар
Жалпы мақсаттар Мақсаты:мәтінді рет-ретімен баяндап жазуға машықтандыру;
-сөздік қорын дамыту;
-батылдыққа тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Тәтті кампиттер арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.Екі көзің не үшін керек?Жақсыларды көру үшін.Екі құлағың не үшін керек?Ақыл кеңес тыңдау үшін.Екі қолың не үшін керек?Елге көмек беру үшін.Екі аяғың не үшін керек?Туған жерде жүру үшін!- Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Үй жұмысын сұрау.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Қорқақтық жараспайды.
 
    Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып,күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып,майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп,абыржи бастады.
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Мақалдың мағынасын аш.
Батырдан – сауға,
Аңшыдан – сыралғы.
Ердің құны – жүз түйе,
Көздің құны – елу тайлақ.
Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,
Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.
Мерген қорғаныста тіреніш,
Шабуылда сүйеніш.
Мергеннің көзі де мерген,
Қолы да мерген.
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Мазмұндаманы бағалау.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату