?ыс?а мерзімді саба? жоспары Тасымал 5-сынып


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалім :Махметова М
Сынып:5Күні:4.04.2016
Сабақтың тақырыбы Тасымал
Жалпы мақсаттар: - тасымал туралы түсінік қалыптастыру- тасымалды мәтін ішінде ажырата білуге машықтандыру. - елін, жерін сүюге, өзіндік пікірлерін ашық айта білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу. 
Сілтеме
"Қазақ тілі " оқулығы 5-сынып. Авторы Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова "Атамұра" баспасы 2015; Мұғалімге арналған нұсқаулық; Оқыту нәтижесі: •кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы біле алады;•өзіне және өзгелердің ісіне талдау жасайды;
Дереккөздер мен жабдықтар интернет материалдары; интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, смайликтер.
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті Тапсырмалар
Ұйымдастыру Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу,
Оқушылардың назарын сабаққа аудару , сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сабақ басталарда зейіндерін шоғырландырып, өзіндік реттелу жасау.
Оқушылар шеңберге тұрып, бір- біріне тілектерін арнап, сенім білдіреді. "Тәтті тілек"
(психологиялық тренинг)
Сынып оқушыларын крестиктер-нөлдіктер арқылы топқа бөлемін
Оқушылар крестиктер, нөлдіктер арқылы топтасады. Топтар бірігіп топтың ережесін шығарып, қабылдайды. "Крестиктер, нөлдіктер"
(топқа бөлу)
Топтың ережесін шығару.
Үй тапсырмасы Үйге берілген тапсырманы пысықтау «Ыстық орындық » әдісі бойынша оқушылар ыстық орындықта отырған оқушыларға сұрақтар қояды.
«Ыстық орындық»
(үй тапсырмасына шолу жасау)
Білу

Демек,бүгінгі сабағымыз «Тасымал» деп аталады. Күннің жадысы мен тақырыпты жаздырамын.
Жаңа сабақты түсіндіремін:
Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады .
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады. Мысалы:са-бақ, мек-теп, таңер-теңгі, таң-ертеңгі. Мына сияқты санаулы сөздерде тасымал дауыстыдан басталады: жу-ын, қи-ыр, ти-ын, бу-ын, жи-ын.
Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы:от,кел,ет, қарт,т.б.
Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға болмайды. Сондай – ақ ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
А.Құнанбаев, М. Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымамдауға болмайды.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын (км, кг, г, м, см, мм, т.б)
5. Қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мыс: ҚазҰПУ, ТМД
«Ой шақыру» стратегиясы бойынша оқушыларды суретті сөзжұмбақты шешуге тапсырма беремін:
"Бас бармақ" әдісі
Бас бармақтарын көтеру арқылы тақырыпты түсінгендерін немесе түсінбегендерін айтады.
Түсіну  Оқушыларға флипчарт таратып, постер дайындауды тапсырамын. Оқушылар постерге тасымлалданбайтын сөздерді жазып, қорғайды.
"Бірге ойлаймыз. Бірге талқылаймыз."
(постермен жұмыс)
Қолдану  Оқушыларға білімдерін одан әрі толықтыру оқулықпен жұмыс жүргіземін. Оқушылар берілген сөйлемдерді буынға бөліп, тасымалданбайтын сөздерді атап көрсетеді "Талдау- табыс кілті"
(дәптермен жұмыс)
311- жаттығу
Талдау  Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін. 1-топ- Ойтолғау "Менің асыл әжем"
2- топ- "Ауылым-алтын бесігім" "Шығармашылық шыңы"
Сергіту сәті
Оушыларды тіркескен әріптердің ішінен бүгінгі сабаққа қажетті сөзді табады.
"Мюнстернберг" әдісі
Буын, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын, тасымал
Жинақтау   Жалған Шындық  
1 От сөзі тасымалданады + 2 Мектеп сөзі бір жағдайда тасымалданады + 3 Қысқарған сөздер тасымалданбайды +
4 Өлшем атаулары тасымалданады + 5 Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға болмайды +
6 Сабақ сөзі бір жағдайда тасымалданады +
7 Қысқартылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымалдауға болады + "Жалған ба, шындық па?"
Бағалау Оқушылардан бүгінгі тақырып бойынша бір ауыз ойларын сұраймын. Оқушылар сабақ бойынша қорытынды сөз айтады. "Бір айналым сөйлесу"
(сабақты қорытындылау)
Оқушылар
ды бағалау Оқушылардың бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын.
Топтан бір оқушы өзінің жұлдызын ауызша ұсынып, тілегін айтады. "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалау
Кері байланыс Оқушылардан кері байланыс аламын. Оқушылар сабақ бойынша бір- біріне ұсыныстары мен пікірлерін айтады.
"Мұғалімге" хат
Үйге тапсырма 312- жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазып, тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сызу.