Кластан тыс ж?мыс «Математика ?лемінде» 5 класс


Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебі
Кластан тыс жұмыс
«Математика әлемінде»

Өткізген: Серікқалиқызы Ә
2016-2017 оқу жылы
Күні: 17.12.16
Сыныбы: 5 «ә»
Пәні: математика
Тақырыбы: «Математика әлемінде» сайысы
Мақсаты: Оқушыларды математикадан алған білімдері бойынша сынау,білімін толықтыру
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың математикадан алған білімін тереңдету, есеп шығару деңгейлерін анықтау
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, қызығушылығын арттыру, зеректілігін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, татулыққа, тапқырлыққа баулу
Түрі: сыныптан тыс жұмыс
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта, нақыл сөздер
Қолданылатын нақыл сөз:
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика
(М.В. Ломоносов)
Кезеңдері:
Таныстыру
Бәйге
Сиқырлы ұяшықтар
Математикалық эстафета
Мақал-мәтелдер
Математика әлемінде (шығармашылық тапсырма)
Марапаттау
Барысы:
Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінігі «Математика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызда 5ә класс оқушылары екі топ болып сайысады.

Шақырамыз екі топты ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
Таныстыру.
2 – жүргізуші:
Ал, қанеки сайысты біз бастайық,
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз).
1 топ: Ұландар тобы
Сәлемдесу:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.
2 топ: Қырандар тобы
Сәлемдесу:
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көрейік,
Жеткенінше әліңіз.
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, топ басшысын ортаға шақырамыз.
Бәйге.
Әр топқа сұрақтар қойылады. Бұл кезеңде әр сұрақта дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Сұрақтар:
1 – топқа.
1 метрде неше сантиметр бар? (100 см).
Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырма мәні).
1 сағатта неше минут бар? (60мин).
Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? (төртбұрыш).
Салмақ өлшем бірліктерін ата? (г,кг, ц,т).
1 дм 4 см неше сантиметрге тең? (14см).
Тәуліктің 3 тен 1 бөлігі неше сағатқа тең? (8 сағ).
Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? (кесінді).
1 тоннада неше центнер бар? (10ц).
Қыс пен көктемде неше ай бар? (6 ай).
2 – топқа.
1 килограмда неше грамм бар? (1000г).
Қосудың нәтижесі қалай аталады? (қосынды мәні).
Барлық қабырғалары тең фигура? (шаршы).
Ұзындық өлшем бірліктерін ата? (см,дм,м,км).
Кез келген санды 0-ге көбейткен кезде не шығады? (0).
Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (параллель).
Ең кіші натурал сан? (1).
1 дициметрде неше сантиметр бар? (10см).
100 жыл неше ғасырға тең? (1 ғасыр).
2 тәулікте неше сағат бар? (48 сағ).
Сыйқырлы ұяшықтар.
Келесі кезеңіміз «Сыйқырлы ұяшықтар» деп аталады. Бұл кезеңде 10, 20,30 ұпайлар берілген ұяшықтар болады. Сол ұяшықтардағы сұрақтарды таңдап, дұрыс жауап берген топ сәйкес ұпайларын алады.
10 10 10
20 20 20
30 30 30
Сол жақтағы 10.
Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді? (жұп садар).
Ортадағы 10.
Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді? (0; 5цифры мен аяқталатын сандар).
Оң жақтағы 10.
Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді? (натурал санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе)
Сол жақтағы 20.
Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир).
Ортадағы 20.
Бойы 2 қарыс, сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш).
Оң жақтадағы 20.
Шеңбер сызатын құрал? (циркуль).
Сол жақтағы 30.
Қос ат 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтті? (40км).
Ортадағы 30.
Ағаш бұтағында 100 торғай отырды, аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? (10).
Оң жақтағы 30.
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша килограмм болады? (3кг)
«Математикалық эстафета».
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз «Математикалық эстафета» сайысына кезек береміз. (Әр топтың мүшелері уақытты үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығару керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі)
1 – топ.
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5).
Үлкен ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)
Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?(12, тордан ұша алмайды)
2 – топ.
5 майшам жанып тұр. 2-еуін сөндірсек, неше майшам қалады? (2)
Үйде 12 кесе мен 9 табақшалар бар. Балалар кеселердің жартысы және 7 табақша сындырды. Неше кесе табақшасыз қалды? (4)
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минутта)
Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды? (жазда сырғанақ болмайды)
Аспазшы шұжықты төрт рет бөлгенде, неше бөлік шықты?(5)
Мақал-мәтелдер
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Мақал-мәтелдер» сайысына береміз. (Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі). Сендерге мақал-мәтелдер оқылады, сендер жалғасын табуларыңыз керек.
1 – топ.
Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл)
Білекті бірді жығар, (Білімді мыңды жығар)
Екі жақсы қас болмас, (Екі жаман дос болмас)
Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
Жүз теңгең болғанша, (Жүз досың болсын)
Жүзден біреу шешен, (Мыңнан біреу көсем)
2 – топ.
Отыз тістен шыққан сөз, (Отыз рулы елге тарар)
Білгенің бір тоғыз, (Білмейтінің тоқсан тоғыз)
Бір кісі қазған құдықтан,(Отыз кісі су ішер)
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді)
Елу жылда ел жаңа,(Жүз жылда қазан)
Жеті рет өлшеп, (Бір рет кес)
«Математика әлемінде» (шығармашылық тапсырма)
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика - Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл»,- деп отырып келесі кезең «Математика әлемінде» атты шығармашылық тапсырмаға береміз.
Екі топқа плакат беріледі. Топ мүшелері плакатқа «Математика әлемінде» атты тақырыпта өз ойларын суреттеулері тиіс( әділ-қазылар 10 балдық жүйемен бағалайды)
Марапаттау
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математиктер» номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Ұйымшыл топ» номинациясымен марапатталады.)
Осымен, оқушылар «Математика әлемінде» атты сайыс сағатын аяқтай отырып, Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді.
_______________________________________________________________________
«Ұландар»
_______________________________________________________________________
«Қырандар»
_______________________________________________________________________
1 – топ.
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Үлкен ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?
Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды?
Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма?
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?
2 – топ.
5 майшам жанып тұр. 2-еуін сөндірсек, неше майшам қалады?
Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар. Балалар шәшкелердің жартысы және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды?
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды?
Аспазшы шұжықты төрт рет бөлгенде, неше бөлік шықты?