?ылыми ж?мыс бойынша ж?мыс


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар
№39 ЖОББ ММ
Алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибемен бөлісу
Павлодар қаласы №39 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Есембаева Бақтылы Иланбекқызы
Тақырыбы: «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»
Павлодар қаласы- 2015

Ақпараттық бет
Тегі: Есембаева
Аты: Бақтылы
Әкесінің аты: Иланбекқызы
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жұмыс орны: Павлодар қаласы №39 ЖОББМ ММ
Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің бакалавры
Жалпы педагогикалық өтілі: 26 жыл
Педагогикалық тәжірибе алмасу тақырыбы: «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»
Аннотация
ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда, сондықтан оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруды мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.
Тәжірибе бөлісудің мақсаты:
Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеудің өз тәжірибелік жолдарыммен таныстыру, көпшілік назарына ұсыну, жас мамандарға көмек көрсету.
Гипотеза: оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттырсақ, оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдейміз. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әрі оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі –ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске бейімделе талпынады.Зерттеу кезеңдерім:
1. Әдебиеттерге шолу;
2. Өз тәжірибеммен салыстыру, қорыту;
3. Ғалымдардың еңбектеріне шолу;
4. Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5. Бір пікірге келу, өз пікіріме анықтама беру;
6. № 39 орта мектебінің оқушыларымен жүргізген жұмыстарыммен таныстыру;
7. Қорытынды жасау.
Зерттеу тәсілі: әдебиеттерді зерттеу, оқушылармен жұмыс.
Өзектілігі: Оқушының шығармашылық деңгейі – оның мәселені қою мен оны шешудің жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру процесі шығармашылық ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, шығармашылық ойдың нәтижесі - тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу. Ал өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық іздемпаздықты қажет етеді. Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушыларды ғылыми-зерттеуге баулу. 
Кіріспе
Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға баулу қазіргі заман мектептері үнемі ізденіс үстінде екенін дәлелдейді. Ал бұл жұмыс неден басталады? Әрине, негізгі нысана, бала қажет. Бала қабілетті болғанымен, жұмыс істеуге қызығушылығы бар деген сөз емес. Ол- білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер. Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің жоғары деңгейі- ғылыми шығармашылыққа ұмытылуы.
Оқушыларға ғылыми- зерттеумен айналысудың тиімділігі ол: оқушы үнемі ізденісте жүреді. Бала мәліметтерді кіапханалармен байланыс жасай отырып алады. Нәтижесінде оқушы ғылыми жұмысты белгілі бір пән мазмұны бойынша орындай отырып, пән бойынша білімі мен біліктерін дамытады. Ғылыми жұмыстар оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарының қатарына кіріп, теориялық білімі мен танымдық біліктерін дамытады. Бұл жұмыстар негізінен түрлі әдебиеттерді терең талдау мен тәжірибелі-эксперимент іс-әрекет негізінде орындалады. Оқушы зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады. Алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық жасайды. Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім жанама басшылықта бақылайды, оқушылардың дербестігі мен пәнге ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді. Сонымен, оқушыларды ғылыми- зерттеу жұмыстары – олардың іздемпаздығын қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі, оқушы тұлғасын жан-жақты жетілдіріп, танымдық біліктерін қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады. Екінші мәселе- тақырып таңдау. Тақырыпты таңдағанда баланың алдымен өз қызығушылығы болуы керек. Әрі мұғалім оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады. Оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет. Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында. Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы жауапты міндет.
Негізгі бөлімі
Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұнының мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу. Зерттеу жұмыстарының негiзi- өзгерту, қосу мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған танымдық жұмыс. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.  Зерттеуші оқушының әрекетін мынадай кезеңдерге бөлу керек:
зерттеу мақсатын анықтау;
қажетті мәліметтерді жинау;
басты бағытты айқындау;
зерттеу объектісінің үлгісін жасау;
зерттеу әдiстемесiн жасау;
зерттеу жұмыстарын өткiзу;
алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру;
алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау;
өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.
Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды. Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады. Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні, оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады, әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Тақырыпты таңдау ережесі:Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:1. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;
2. Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;
3. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;4. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;5. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді. 
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі:1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. 
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек. 
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. 
4.Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.
Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:- алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;
бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;
тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек. 
таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек.
Дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:1. Сабақтар, ОҒҚ-ның жұмысы;2. Пәндік үйірмелер;3. Тіл мерекесі;4. Абай, оқулары;5. Олимпиадалар;6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу. Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамының алатын ролі ерекше. Аталмыш ғылыми қоғам өзінің арнайы бағдарламасын нақтылап алғаны жөн. Ол бағдарламада жасалынатын жұмыстың мазмұны мен түрлері төмендегідей сипатты қамтығаны орынды. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
оқушы дарындылығын моделін білуі;
жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар бере білуі.
Павлодар қаласы №39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары жалпы орта білім беру мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыс тақырыбы- «Қазіргі білім беру үрдісінің жекебасты әрекет парадигмасы. Оқу сауаттылығын қалыптастыру. Технологиялау». Сондықтан барлық жұмыстар осы бағытта жүргізілуде.
Алдарыңызға мектеп оқушысымен өзім жүргізіп жатқан ғылыми жобаның кейбір жазылу үлгілерін ұсынамын.
Павлодар қаласы № 39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары
бар жалпы орта білім беру мектебінің 11«А» орыс сыныбының оқушысы Нұрмағамбетова Салтанаттың
«Фразеологизмдердің өмірдегі қолданысы» атты ғылыми жобасына
ПІКІР
Нұрмағамбетова Салтанаттың ғылыми жұмысының тақырыбы өте көлемді. Оқушының оқитын тіліне, жас шамасына, қабілетіне байланысты, тақырыптың тарихын түсініп оқу оқушы үшін қызықты болғанмен, оңай болған жоқ. Екі жыл көлемінде істелген іс ауқымды болды. Жинақталған материалдар үнемі аударылып, екі тілде салыстырылып, қорытылып, талқыланып отырды. Ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Үнемі жұмыс менің тарапымнан бағытталып отырды. Аты әлемге әйгілі Абай атамыздың қолданған фразеологизмдері өз алды зерттелді. Ол үшін ең алдымен Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын оқу шарт екені түсінікті. Бастаған іс бір ізді болу үшін, романды оқи отыра ондағы қолданылған фразеологиялық тіркестерді теріп жазып отыру ұсынылды. Салтанат ары қара сөзбен мағыналарына түсініктеме жасады. Жұмыс өте үлкен ұқыптылықпен, мұқият жасалды. Топтас сыныптастарына фразеологизмдерді қолдана отырып еркін тақырыпқа шағын шығарма жазу ұсынылды. Оқушылардың шығармалары олардың қызығушылықтарымен қоса, өз ойларын көркемдеп ашуға ұмтылған талпыныстарын байқатады.
Салтанаттың еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысатын адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін. Ғылыми кеңестің жоғары бағасына лайық деп санаймын.
Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Есембаева Б.И
Аннотация
Қазіргі қазақ фразеологиясы –зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемалардың бірі есебінде зерттеліп жүр, өйткені фразеология- тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Мұқтар Әуезовтың “Абай жолы” еңбегінде қолданылған фразеологизмдерінің қыр-сырын ашып, фразеологизмдерді зерттеудің бүгінгі таңда да өзектілігін дәлелдеу.
Гипотеза: Фразеологизм адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді, сондықтан оқушының өмірге көзқарасын қалыптастырады, тілге деген қызығушылықтарын арттырып, елге, тілге деген құрмет сезімдерін оятады.
Зерттеу кезеңдері:
1. Әдебиеттерге шолу;
2. Тарихымен танысу;
3. Ғалымдардың еңбектеріне шолу;
4. Абай Құнанбайұлының қолданған фразеологизмдерін зерттеу;
5. Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» еңбегінде қолданған фразеологизмдерін теріп жазу, анықтама беру;
6. № 39 орта мектебінің 10 «а» сынып оқушыларына фразеологизмдерді қолдандырып шығарма жазғызу;
7. Қорытынды жасау.
Зерттеу тәсілі: әдебиеттерді зерттеу, еңбектен фразеологизмдерді теріп жазу, анықтама беру, шығарма жазғызу.
Өзектілігі:
Фразеология- тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін түсініп, толық ұғыну мүмкін емес.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы: «Фразеологизмдердің өмірдегі қолданысы»
Оқушының аты-жөні: Нұрмагамбетова Салтанат
Мектеп, сынып: «Павлодар қаласы № 39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру мектебі» ММ,
11 «А» сыныбы
Күні Жұмыс мазмұны Зерттеу тәсілі Ескерту
қыркүйек
2013 жыл Жобаның мақсаты мен тақырыбын анықтау. Жобаның мән-мағынасымен танысу Дайындық
қазан Жоспарлау Жұмыс жоспарының міндеттерінің құрылымын жасау қараша- желтоқсан Ақпарат көздерін анықтау Материалдар жинақтау қаңтар-ақпан
2014 жыл Аралық міндеттерді шешу Еңбекпен жұмыс, сауалнамалар, байқаулар наурыз-мамыр Зерттеу Ақпарат жинау. Қорыту маусым-тамыз Аралық міндеттерді шешу Еңбекпен жұмыс қыркүйек-қазан Шешімдері мен түйіндемелері Қорытынды қараша Аралық міндеттерді шешу Оқушылар шығармалары, сауалнама желтоқсан Шешімдері мен түйіндемелері Қорытынды қаңтар-ақпан 2015 жыл Өздігінен білім жетілдіру Өздік жұмыс наурыз-сәуір Бағалау Ұжымдық талқылау Мектепішілік ғылыми жұмыстарды қорғау сайысы
мамыр- тамыз Өздігінен білім жетілдіру Өздік жұмыс қыркүйек-қазан Қалалық ғылыми жұмыстарды қорғау сайысына дайындық Презентация қараша Қалалық ғылыми жұмыстарды қорғау сайысы Жобаны қорғау 2.4. Оқушылар шығармаларыҚызық оқиға
Бір күні біз қыздармен жидек жинауға бардық. Алайда біз адасып, ит өлген жерге кетіп қалыппыз. Бірақ біз өте әдемі жерді таптық, онда өте көп әртүрлі жидектер болды. Адасқанымыз туралы ұмытып, біз жидек жинауға кірістік. Біраз уақыттан кейін мен біреу қарап тұрғанын сездім. Ол аю екен. Ол да жидекті жақсы көреді ғой. Менің төбе шашым тік тұрды. Аю көзін ашып- жұмғанша бәріміз жан-жаққа қашып жоқ болдық. Ауыл шетіне ілініп, таяқ тастам ғана жер қалғанда біздің қуанышымыз қойнымызға сыймады. Бізге бұл оқиға келешекте жақсы сабақ болды. Ел білетін, белгілі жерге бару керек екен.
Уалиева Әйгерім
Менің достарым
Менің досым көп. Олардың ішіндегі үш досыммен бір оқиға болды. Бір күні біз сапарға шықтық. Онда бір күн өткіздік. Менің досым құмды жермен өтіп келе жатқанда бір таяқты басып кетті. Ол оны жылан екен деп төбе шашы тік тұрды. Қатты шошығаны сондай көзі алақандай болып, жерге құлап түсті. Оған екінші досым сорасы аққанша күлді. Сосын біз шатырларды құрдық. Кеш бата орманнан қасқыр сияқты бір аң шықты, біздің жүрегіміз аузымыздан шыға жаздады. Жүгіріп барып ағаштың басына шығып кеттік. Ол аң біздің тамағымызды тістеп алып кетіп қалды. Біз жерге түстік. Содан кейін ұйықтауға жаттық. Түнде қыбырлаған дауыс естілді. Біз қасқыр тағы қайтып келді деп ойладық. Ол біздің досымыз екен. Ол өз шатырында тыққан тамағын жеп жатыр екен. Біз оған: «Қандай пейілің тар еді»,- деп келемеждеп күліп, басымызды шайқадық. Келесі күні біз үйге қайттық. Қызық оқиғамыз осылай аяқталды.
Қасымов Азамат
Менің демалыс күнім
Ертең демалыс күні. Ертең бізде сабақ болмайды. Сонда да әдеттегідей көзді ашып- жұмғанша тез тұрып, терезенің желдеткішін ашамын. Кереуеттің алдында дене шынықтыру жасаймын, беті-қолымды жуамын, таңертеңгі асымды ішемін. Содан соң үй ішін жинап, кірімді жуып, үтіктеп,
ат ізін салмайтын құрбыма барамын. Құрбыммен спорт кешенінде спорт жарыстарын көреміз немесе саябақта қыдырамыз.
Өткен демалыста біз ағамның үйіне қонаққа бардық. Менің ағам маңдайы ашық, жібі түзу адам.
Жеңгемнің азуы алты қарыс. Бүгін өзінің ажары кіріп қалыпты. Ағам өзінің туған күніне көп адам шақырыпты. Үй иесі қонақтарды қарсы алды. Ең алдымен таныс емес адамдарды әйеліне және бұрын келген қонақтарға таныстырды. Біз ағамды құттықтадық, сыйлыққа сағат сыйладық. Жеңгем дастархан жайып, ең алдымен түрлі салаттар, қуырылған балық, құстың етін берді. Мені мақтап, аузынан бір елі тастамайды.Шайға түрлі торт, самса, тоқаш, кәмпит қойды. Қонақтар би биледі, ән салды, ойын ойнады. Үй иелері өте қонақжай екендерін көрсетіп, қонақтарды өте жақсы күтті. Ағама жеңгем сай, апама жездем сай дегендей сөздер айтылып, мақтау сөздер естілді. Қонақтар оларға риза болды. Кеш тамаша, көңілді және қызықты өтті. Соңында атам ас қайырды. Ағам қонақтарға « Ат ізін суытпай келіп тұрыңдар», -деді. Менің сілем қатып шаршағаным-ай!
Қайырбаева Әсел
Дос қандай болу керек?
Әр адам жақсы болу керек. Адам доссыз болмайды. Дос тәрбиелі, әдепті, ақылды, күшті, жібі түзу болу керек. Достар бір-бірлерін сыйлап, қадірлеулері керек. Кейбіреулер айдың күні аманда
ұрысып, бір-бірлерінің сырларын аймандай қылады. Сөзімнің айна қатесі жоқ.. Айдарынан жел еседі, ал көмек керек кезде ат тонын ала қашады.
Менің досым ақылды, жібі түзу, сүйкімді, әдепті, ит жанды еңбекқор, қой аузынан шөп алмас, жүзіктің көзінен өткендей дос. Өзі әкесінің аузынан салбырап түскендей. Бір бір-бірімізге көмектесеміз, сыйлаймыз. Мен одан көмек сұрасам, ол көмектеседі. Ол өте жақсы дос. Әрбір адам сондай болу керек.
Абетаева Лаура
Тәрбие
Адамды бала кезінен тәрбиелеу керек. Ол жібі түзу адам болуы керек. Әрбір ата-ана балалы болғанда қуанышы қойнына сыймайды. Егер олардың баласы он саусағынан өнер тамған және сегіз қырлы бір сырлы болса ... .
Жақсы тәрбиеленген адам артына сөз қалдырады. Айтар кезде аузын буған өгіздей тұрмай, сөз саптай білсе... Ат ойнатып әлсізді басынбайтын, атарға оғы жоқ жау іздемейтін әділ болу керек деп ойлаймын. Ең бастысы- адам ақ саусақ болмау керек. Ол ағайын- туыстармен, жасы келген адамдармен, балалармен жақсы қарым-қатынаста болып, еліміздің дамуына ат салысуға тиісті. Адам егер бес аспапты болса өте жақсы.
Сейітова Анаргүл
Адамның жақсы, жаман қасиеттері
Қазіргі заманда қоғам адамның жеке қасиеттерін сирек бағалайтын сияқты. Адамдар көбіне тек қана адамның әлеуметтік жағдайына қарайды. Ал бұрынғы заманда адам ашық көңілді, ешкімнің ала жібін аттамайтын, жібі түзу болса, оны құрметтеген және үлгілі деп санаған. Ал адам азуы алты қарыс, ақ саусақ, біреуді атарға оғы жоқ, басқаны көре алмай етектен алатын болса, тіпті бай болса, оны құрметтемеген және сүймеген.
Ауыз жаласатын, бас білдіретін, ереуіл атқа ер салатын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адамның маңдайы ашық болады. Ал қол байлау болатын, құрғақ уәдемен қуырдақ қуыратын, шешуші уақытта мұзға отырғызып кететін адамдардың маңдайында арылмаған соры бар.
Рыспаева Азиза
Оқушы еңбегін қолданатын оқырмандардан күтілетін нәтижелер:
Адамның тілдік дағдысы мен ойлау қабілеті дамиды;
Күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыланады;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, іскерлік дағдылары жетіледі;
Оқушылардың логикалық ойлауы қамтамасыз етіледі. Ой-өрісін шындай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастырып, бағыт-бағдар береді;
Тілге деген қызығушылықтары артып, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдері оянады.
 
Қорытынды
Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.
Қолданылған әдебиеттер
Жұматаева Е.О. С чего начать писать проект. Педагогикалық Альманах №1, 2015 жыл.
Аушаихова А.Т. Оқу мен оқытудағы өзгерістер. Педагогикалық Альманах №3, 2015 жыл.
Тұңғатова Ғ.Ж. Мектептегі ғылыми жұмыс №4, 2015жыл 2-25 б.б.
Бозбаева А.Т. Мектептегі ғылыми жұмыс №3, 2015 жыл 2-25 б.б.
Кропанева Г.А Учебно- исследовательская деятельность школьников как технология развивающего образования. Исследовательская работа школьников. №1, 2002 год. 118-126 б.б.
Ж.Е.Сарсекеева, А.К.Укенова. Особенности организации исследовательской деятельности учащихся в инновационной школе. Вестник КарГу, 2011