Ма?ала Дамуында ауыт?ушылы?ы бар бала ж?не отбасы


Дамуында ауытқушылығы бар бала және отбасы
Қалыпты баланы тәрбиелеп отырған отбасымен салыстырғанда ерекше баланы тәрбиелеп отырған отбасы үлкен қиыншылықтарға кездеседі.Отбасы мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау нәтижесінде қалыпты отбасының негізгі қызметтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
Бала туу және тәрбиелеуҰрпаққтар арасында байланысты жүзеге асыру,отбасы дәстүрі мен құндылықтарын сақтап балаларға табыс ету
Сүйіспеншілік және жылу,эмоциялы қолдау және психологиялық жайлылық қажеттіліктерді қанағаттандыру
Барлық отбасы мүшелерінің жеке тұлғалық дамуына жағдай жасау
Жақын адамдармен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру
Әке не шеше болу,балалармен қарым-қатынас жасау,тәрбиелеу сияқты жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру
Отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау
Дамуында кемшілігі бар баланың дүниеге келуі отбасы ішіндегі қарым-қатынас,сонымен қатар қоршаған әлеуметпен қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі.Бұзылу себептері:ерекше баланың психологиялық ерекшелігі және отбасы мүшелерінің ұзақ уақыт стресс әсерінде болуымен байланысты.Мұндай отбасында сапалық өзгерістер келесі деңгейлерде көрінеді:психологиялық,әлеуметтік және соматикалық.
Психологиялық қорқыныш
Дамуында ауытқушылығы бар баланың дүниеге келуі ата-ана үшін үлкен қасірет.Басқалардан өзгеше ерекше баланың дүниеге келуі ананы үлкен күйзеліске ұшыратады.Бұл күйзеліс ұзаққа созылып ата-аналардың психикасына деформациялы әсер етіп,отбасындағы қалыптасқан тыныс-тіршілік тәртібін жарақаттайтын жедел өзгеріс әкеледі.Қалыптасқан отбасы ішілік қарым-қатынас стилі деформацияланады.Отбасы тіршілік әрекетін қамтамасыз ету,балаларды оқыту ,тәрбиелеу мәселесін әйел адам арқалайды.Ер адам-әке көбіне отбасының экономикалық базасын қамтамасыз етеді.Ер адам өзінің күнделікті әлеуметтік ортасы мен қызметінде қалады.Жұмыста болғандықтан ер адамның психикасы көп жарақат алмайды.Әйел адам үшін күйзелістің эмоциялық әсері ерекше.Дүниеге ерекше баланың келгеніне өзін-өзі кінәлап қайғырады.Көп әйелдер истерия және дипресиялы күй кешеді.Олар өздерін жалғыз қалғандай,өмірдің ешбір мән-мағынасы қалмағандай сезінеді.Аналар мүгедек баламен үнемі бірге болады.Көптеген әйелдердің психикалық тонусы,өзін-өзі бағалауы төмендейді.Жеке шығармашылық жоспарын іске асыру мүмкіншілігі жоғалып ,әйел ретінде өзіне-өзі көңіл бөлуі жоғалады.
Әлеуметтік деңгей
Дамуында ауытқушылығы бар бала дүниеге келіп,отбасы әр түрлі қиыншылықтар әсерінен қарым-қатынас шеңбері кішірейіп,олар қарым-қатынасқа ерекше талғампаз болады.Ерекше баланың дамуы және жағдай ерекшелігіне байланысты таныс тіпті туыстармен қарым-қатынасы азаяды.(ұялу,қорқыныш әсерінен)Бұл сын ерекше баланың ата-анасының қарым-қатынасын да өзгертеді.Дамуында ауытқушылығы бар бала дүниеге келгеннен кейін ерлі-зайыптылар ажырасып кетеді.Қалыптасқан жаңа жағдай ерлі-зайыптылардың бір-біріне сезімінің шынайылығын тексеру сыны деуге болады.Мұндай қиындықтар кейбір отбасын біріктіреді.Бұл себептерге байланысты ананың жалғыз өзі ерекше баланы тәрбиелеуі және гинетикалық (ата-аналардың тағы да анамальді баланың дүниеге келуінен қорқу)көптегн отбасылар бала туудан бас тартады.Мұндай отбасында мүгедек бала жалғыз бала болады.Отбасында бір- екі дені сау бала бірінші туылып ,мүгедек бала кенже туылған жағдайда отбасының психологиялық жағдайын қалыпқа келтіруге мүмкіндік бар.Көп аналар ерекше бала дүниеге келген соң өзінің жұмысын тастайды,табысын жоғалтады,әйел күйеуіне тәуелді болады.Кейбір аналар дамуында күрделі ауытқушылығы бар баланы тәрбиелей отыра ,ол баланы оқыту,дамыту үшін қосымша арнайы білім алып,ол білімін баласын оқыту және дамытуғапайдалануға ұмтылыс жасап жатады.
Соматикалық деңгей
Баланың дүниеге ерекше болып келуі оның анасында әр түрлі аурулардың пайда болуына себепші болады.Психологиялық тізбек пайда болады: баланың ауруы анасында психогенді күйзеліс туғызады,ол анасында соматикалық және психикалық аурулардың пайда болуына жағдай жасайды.Аналар көбіне артериялық қысымның өзгеруіне ,ұйқысыздық, өте жиі бас ауруына,терморегуляциялық бұзылуына шағымданады.Бала өскен сайын,психогенді жағдай ұзаққа созылғандықтан денсаулықтың бұзылуы жалғасады.Етеккірдің бұзылуы,климакстың ерте басалуы,өте жиі аллергия және суық тиіп ауру,эндокоринологиялық аурулар,шаштың ерте ағаруы,жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу байқалады.
Отбасылық тәрбие моделдері
Гиперқамқорлық.Ата-аналар баланың орындай алатын әрекеттерін өздері орындап,оның өзіне-өзі қызмет ету дағдысының дамуына кедергі келтіреді.Баланы жылыжайдағы өсімдік іспетті баптайды.
Қарама-қайшы тәрбие.Дамуында ауытқушылығы бар бала отбасы мүшелерінің арасында тәрбие құралын қолдануда келіспеушілікке әкеп соқтыруы мүмкін.Ата-ана балаға қатаң талап қойып,ал ата-әжесі жұмсақ позицияны ұстанып балаға ойына келгенін істеуге рұқсат етуі мүмкін.
Жоғары моральді жауапкершілік типінде тәрбиелеу.Балаға үнемі қысым түседі.Ата-анасы үнемі баланың мүмкіншілігі жетпейттін талаптар қояды.
Авторитарлы гиперәлеуметтену.Бұл модельге ата-анасының өте жоғары әлеуметтік статусының болуы жатады.Олар баланың мүмкіншілігін үнемі жоғарлатады,өздерінің авторитарлық күші арқылы балада әлуметтік дағдыларды дамытуға талпынады.
Науқас «культында» тәрбиелеу.Көптеген ата-ана балаға науқас адамға қарағандай қарайды.Баланың өз-өзіне көз қарасы да сондай болады.Өзін ешбір жағдайға икемделе алмайтын әлсіз адам ретінде сезінеді.
«Симбиоз» моделі.Ата-ананың бала проблемасына түбегейлі сіңіп кетуі.Өзінің сүйікті жұмысын тастауы,өзінің жеке қызығушылықтарын ұмытуы.
Қамқорлықтың жоқ болуы.Бұл модель көбіне әлеуметтік статусы төмен отбасына сәйкес(нашақорлар,ішкілікке салынғандар).Ата-ана балаға мүлде қарамайды.Баланың күн тәртібін ешкім қадағаламайды.
Баладан теріс айналу.Әлеуметтік деңгейі төмен және жоғары отбасында да болуы мүмкін.Көбіне баладан теріс айналу әкелерде жиі кездеседі.Егер анасы баладан теріс айналса ол оның әлі аналық сезімінің қалыптаспағандығымен түсіндіріледі.
Талқыланатын сұрақтар:
1. «Ерекше бала» қандай отбасыларда жиі дүниеге келеді?
2. «Ерекше бала» дүниеге келген соң пайда болған қиындықтарға қалай қарсы тұруға болады?
3.Ерекше баланы тәрбиелеуде әке және ананың үлесі тең болу үшін не істеу керек?
4.Ерекше баланы қалай тәрбиелеу керек?
5.Ерекше баланы тәрбиелеуде үкімет тарапынан ата-аналарға қандай көмек қажет деп ойлайсыз?
ПДТ балаларға арналған облыстық арнаулы түзету мектеп –балабақшасы
Дөңгелек үстел
« Сіздің отбасыңызда ерекше бала бар»
Дайындаған:Тасимова Л.Ж
Ақтөбе 2013-2014ж