Бала т?рбиесіндегі ?о?амны? алатын орны та?ырыбында т?рбие са?аты


Мектеп: Бірлік ОМ; Күні № 1,2
Тақырыбы: «Таным белестері»
Құндылығы: Дұрыс әрекет;
Қасиеттер: әдепті болу, зиянды әрекеттерге жоламау,төзімділік;
Мұғалім: Д.Омарова;
Сыныбы: 10 Оқушы саны: 9
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы жағымды көзқарас қалыптастырып, оларға өмірдегі «дұрыс әрекет» құндылығының маңызын түсіндіру;
Сабақтың міндеттері:
- адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өмірлік бағытты дұрыс таңдау арқылы дамып, жетіліп отыратын қасиет екендігін ұғындыру;
- оқушыларды өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдана алуға үйрету;
- оқушыларды таным жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге және өздігінен ізденуге тәрбиелеу; Ресурстар: дәптерлер, оқулық, нақыл сөз, ақ қағаздар, тыныштық сәтіне арналған баяу музыка
Сабақтың барысы: Ескертулер:
І. Үйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
1. Ал балалар, қанекей менім артымнан қайталайық.
Демімізді ішке тартамыз, мен санаймын, 1,2,3,4,5 демімізді шығарамыз, демімізді ішке тартамыз, 1,2,3,4,5 демімізді шығарамыз ..../ Осылай 5 рет қайталату/
2. «Нұрға бөлену» тыныштық сәті
Тыныс алу тыныштық сәтін орындату.
Авторы: «Бөбек» қоры
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзін-өзі тұтас түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен, өмірге берген бағасынан көрінеді. Адамның өмірлік бағытының негізгі сипаты – оның белсенділік дәрежесі. Өзін-өзі тануда, өзін-өзі жетілдіруд, өмірде және қоғамда өз орныңды табуда әркімнің белсенділігі алға шығады. Жақсылық үшін, адам игілігі үшін жасалған белсенділік маңызды деп саналады. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиіс. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа алсаңдар дұрыс болады:
Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;
Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;
Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;
Өмірде жақсылық та, жамандылық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныныңыз, ал жамандығына ренжімеңіз;
Сөйтіп өмірлік бағыт дегеніміз, әркімнің өзінің өмірлік жолын таңдауына әкеледі. Адамның өмір жолы тек жеңілдіктен ғана тұрмайды, ол ауыр болуы да мүмкін. Өмірдегі жеңіл жол әдетте тез таусылады және ештеңеге жеткізбейді.
Сондықтан да өмірлік жолды, өмірлік бағытты таңдай отырып адамгершілік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тәрізді адамдық асыл қасиеттерді басшылыққа алу керек.
Үй тапсырмасы берілмеді. / 1 сабақ/
/2 сабақта/
ІІІ. Дәйек сөз.
«Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың».
Иоган Гете
Балалар дәйексөздің мағынаасын қалай түсінесіңдер?
Өзін-өзі қалай тануға болады? Дәйексөз дәптерге жазылады.
Мұғалімнің сыйлығы.
Аңыз
Бірде қызы әкесіне келіп, мен өмір сүргім келмейді, шаршадым,қайда барсам да жолым болмайды,күшім жоқ,не істеймін,- дейді. Әкесі газдың үстіне үш бірдей ыдысқа су құйып біреуіне сәбіз,екіншісіне жұмыртқа, үшіншіге кофе себеді.
Біраз уақыт өткен соң ол сәбіз бен жұмыртқаны алып үстелге қояды, кофені стаканға құйады, да қызына қарап — Айтшы нені байқадың не өзгерді, дейді.
Қызы:- сәбіз бен жұмыртқа пісті, ал кофе еріп кетті,- дейді
* Қызым ол тек затқа сырт көзбен қарағандағы ғана жағдай.
* Қарашы,қатты сәбіз ыстық суға қайнап жұмсақ және былқылдап қалды.
* Ал сырты нәзік тез сынғыш, іші сұйық жұмыртқа қап қатты болды.
Сырт келбеттері өзгерген жоқ, ыстық судың әсерінен өздерінің ішкі құрылымын өзгертті. Сол сияқты адамдар да, сырттай мықты болып көрінгенмен бір келеңсіз жағдайларда өте болбыр,нәзік болып қалады, ал сырт көзге әлсіз ,нәзік болып көрінген адамдар керісінше мықты берік болып кетеді.
* Ал сонда КОФЕ ше ? деді қызы.
* ООО ! Бұл өте қызық! Өте жағымсыз жағдайға түскен кофе керісінше сол жағымсыз жағдайды жақсы жағына өзгертіп,қайнаған суды тәп тәтті иісі бұрқыраған сусынға айналдырды.
* Осындай өте ерекше жаралған адамдар болады,олар қақтығыс кезінде соған беріліп кетпей, керісінше сол жағдайды екі жаққа да ұтымды,жайлы жағдайға айналдырып жібереді.
* Мен сенің мына қылықтарыңды құптамаймын балам, сәбіз сияқты болмай ең алдымен өзіңнің адам екеніңді ұмытпа, әр адам өз өмірінің құрлысшысы. Кофе сияқты бол.Одан да мықты бол!,- деген екен. Кітаппен жұмыс
Шығармашылық жұмыс.
«Мен және менің ішкі әлемім» тақырыбында ойтолғау жазу Эссе жазу
Топпен ән айту.
Балалармен өздері білетін бір әнді топпен айту. Үй тапсырмасын беру.
Б.Үсеновтың «Өз жолымбар, сонан соң өз үнім бар» атты өлеңін үйден мәнерлеп оқып келу. Алдын ала берілген тапсырма
Қорытынды тыныштық сәті:
Балалар бір сәтке көзімізді жұмып, бойымыздағы жақсы қасиеттерімізден жиналған күн сәулесі бар деп сезінейікші.... (пауза) енді сол сәулемізді өзіміздің жақын бір адамымызға силайықшы... (пауза) /30 сек/
Рахмет сендерге, сабағымыз аяқталды. Балаларды белсенділіктері үшін бағалаймыз