Саба?ты? та?ырыбы: ?скеле? ?рпа??а к?ркемдік білім беру ж?йесіндегі бейнелеу ?неріні? алатын орны


Қалалық көркемсурет лицейі
Шығармашылық пәндер мұғалімі Құрманова Н М
Педагогикалық тұсаукесері
Тақырыбы: Өскелең ұрпаққа көркемдік білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнерінің алатын орны.
Мақсаты: Көркем білім беру барысында оқушының икемділігін, алдағы өмірде тәжірибелік жұмыста пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Міндеті: Жан-жақты сапалы білім беру арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту. Көркем білім беру арқылы әдемілікті сүюді қоршаған ортаны қадірлеуді үйрету. Ой-өрісі кең жоғары мәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Өзектілігі: Жан-жақты білім беруде жаңашыл әдістерді қолдану арқылы шәкірттеріміздің танымдық, талғамдық белсенділігін дамыту оның шығармашылық ой-өрісін қабілеттігін ұштауға жетелеу.
Педагогикалық ұстанымым: Қазіргі таңда тұлғаның көркемдік қабылдауымен дамуының заманауи міндеттерін шешуге арналған бейнелеу өнерін оқытудың жаңа амалдарын қолдануға көп көңіл бөлу.
Педагогикалық жұмыс.
Әдістемелік жұмыс.
Тәрбиелік жұмыс.
Шығармашылық жұмыс.
Педагогикалық жұмысының барысында әдістемелік деңгейді шыңдау және оқушыларға бейнелеу өнері негіздерін оқыту мақсатымен 1-класс оқушыларына өнер тарихы сабағынан «Ә.Қастеев шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Дайындық сыныбында кескіндеме пәні бойынша «Шығармашылық натюрморт» тақырыбына ашық сабақ өткіздім.
Әдістемелік жұмыс. «Народные ремесла», «Техника валяния войлока» тақырыбында мұғалімдерге арналған әдістемелік өңдеме жаздым. Қызылорда қаласында ІІ Республикалық пленерге оқушылармен бірге қатысып, мүсін өнерінен шебер-класс өткіздім. Қалалық көркемсурет лицей жанынан құрылған «Өрнек» шығармашылық шеберханасы жоспардың шегінде «Жүннен сәндік әшекейлер жасау», «Сабынның бүтін бөлігінен оймыштап мүсін жасау әдісі» тақырыбында қала мұғалімдеріне шебер-кластар өткіздім.
Қазіргі таңда жүнмен бұйым жасау әдісі жаңа тұстан көрінуде. Өңдеу әдісі де жаңа заман талабына сай түрленіп жүннен жасалған бұйымдар сұранысқа ие болып отыр. Жүнді бұйымдарды жасаудың түрлі әдісі сәндік- қолданбалы өнердің жаңашыл бір түріне айналды. Жүннен бұйым жасау баланың да ересек адамның да қызығушылығын арттырады.
Тәрбиелік жұмыс. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің,келісімнің және жасампаздықтың 20 жылдығы», «Наурыз тойы - дәстүрлі мереке» атты мерекелік шаралар ұйымдастырып өткіздім. «Жас суретшілерге арнау» күніне қатыстым.
Шығармашылық жұмыс. Күнделікті оқу бағдарламасымен қатар оқушылар түрлі халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі сурет байқауларына қатысады.
Біздің жетістіктеріміз.
Өзімнің шығармашылық жолымда облыстық, қалалық көрмелерге қатысамын. «Портрет» атты өнер мұражайында өткен көрмеге, облыстық «Білезік» әйелдер журналының бастамасымен өткізілген «Ақтөбе – суретшілер мен шеберлер қаласы» атты көрмеге қатыстым.
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ж.Баласағұн