??рамында жал?ы есімдер бар фразеологизмдер


Құрамында жалқы есімдер бар фразеологизмдер
Абайдың ақылын (басын) берсін, Жамбылдың жасын берсін, Сәкеннің сәнін берсін, Күләштің әнін берсін...Алғыс. Бар өнер, бар жақсылық өзіңе болсын.
Абылай аспас асу (бел). Тым қиын асу, өте ауыр жол.
Абылайдың ақ туы. Бұрын күллі қазақ атынан айтылатын ұранның баламасы.
Абылхаят (Әбілхаят) суы. Мәңгі өмір сүргізетін қасиетті су.
Айға талпынды (ұмтылды). Қол жетпеске қол созды.
Айға шапты. Қол жетпеске ұмтылып, босқа далақтады.
Айдай әлем. Көп жер, бүкіл ел.
Айдай сұлу. Өте көркем.
Айдай таза, Күндей нұрлы. Өте көрікті, асқан сұлу.
Айдан анық. Бешенеден белгілі, ап-айқын.
Айдан ұл тудырып, Күннен қыз тудырып. Қолдан келгеннің бәрін істеді, болдырмасты болдырды.
Ай десе аузы бар, Күн десе көзі бар. Аса сұлу, өте көрікті.
Айды аспанға бір шығарды. Даңқы жер жарды, аты шықты.
Ай қарады. Құр бекерге, тектен-тек қарап отырды.
Албасты басқыр... Қарғыс. Жамандық келсін.
Америка ашу. Жаңалық ашу.
Аплотондай білімі, ақылы. Дана.
Асан қайғыға түсу. Уайым жеу, күдер үзу.
Асан қайғыңды айтпай отыршы. Сары уайымыңды айтпа, қайғыға салынба.
Әзәзілдей аздырды. Жын сайтандай, арбаушыдай аздырды.
Бабай түкті шашты Азиз. Діни. Ескі ұғымды қолдап жебейтін әулие туралы айтылған.
Бибатпа пірімнің қолы. Діни. Бибатпаға (Бибі Фатима, Қадишаға) сыйынды. Бибатпаны (бұл сөз «Фатима» дегеннен шыққан) - әйелдердің пірі етіп тұтынған.
Ғазірет Қызыр ие. Діни. Жарылқаушы, құт басшысы – Қыдыр деген мағынада айтылып тұр.
Есекқырғанды Шолпан деп.Беймізгіл у да шу, дүркірей жөнелу мағынасында айтылады.
Жер ортасы – Көктөбе. Өте алыс.
Жүсіп пен Злихадай. Бір-бірін жақсы көретін адамдар.
Күлтөбенің басында күнде кеңес. Жиі-жиі болған жиын туралы айтылады.
Күн батқанша. Күн ұясына кіргенше, қараңғы болғанша.
Күн еңкейді. Түс ауып, күн кешкірді.
Күн жалады. Ыстық аптап ұрды.