Конспект урока по казахскому языку на тему Уа?ыт ?лшемдері. Фразеологизмдер (10 класс)


Сабақтың тақырыбы: Уақыт өлшемдері. Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер).
Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліндегі сөйлеу үлгілері негізінде оқушыларды уақытты
жоспарлауға дағдыландыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру, жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер арқылы әңгімелей алуға үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Уақытпен санаса білулеріне, уақытты қадірлей білулеріне ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, пікір алмасу, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі қағазша.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу;
ә) оқушылырды түгендеу;
б) психологиялық тренинг «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі .... »
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қазақтың ұлттық ойындары» мәтіні бойынша түсініктерін сұрау.
III. Жаңа сабаққа даярлау.
Сұрақ-жауап
1)Жаңа тақырып.
Мезгілдік мағынаны білдіретін фразеологизмдермен таныстыру. Мұғалімнің түсіндірмесі.
2) Мәтіналды жұмыс. (Жаңа сөздермен танысу)
3) Мәтінмен жұмыс.(Мәтінді оқып, аудару)
4)Мәтін бойынша жұмыс. (Тапсырмаларды орындау)
5) Жұптық жұмыс.
Үлестірмелі қағазшаға жазылған тапсырмалар таратылып беріледі.
ІҮ.Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап
Ой толғау.
«Уақыт» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.
Кері байланыс
Ү.Үйге тапсырма.«Уақытты үнемдеу» тақырыбына эссе жазып келу.
YI. Оқушылыр білімін бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу;
ә) оқушылырды түгендеу;
б) психологиялық тренинг «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі .... » (Слайд №1)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қазақтың ұлттық ойындары» мәтіні бойынша түсініктерін сұрау.
III. Жаңа сабақ:
1) Жұмбақ арқылы сабақ тақырыбын балаларға тапқызу, мақсатын түсіндіру (Слайд №2)
Тық - тық ұрып,
Шегесін қадап.
Мезгілді саған,
Айтады санап. (Сағат)
2)Мезгілдік мағынаны білдіретін фразеологизмдермен таныстыру. Мұғалімнің түсіндірмесі. (Слайд№3)
- Балалар, тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты тіркестердің құрамындағы сөздердің орын тәртібін өзгертуге болмайды. Қазақ тілінде мезгіл, уақыт ұғымдары көптеген мақал-мәтелдер де, тұрақты тіркестер де бар. Мысалы:
1 Тез, шапшаңдық мағынасындағы мезгілді білдіретін фразеологизмдер ә дегенше, әні-міні дегенше, әп- сәттің арасында, дем арасында, көзді ашып- жұмғанша, қас қағымда, ойда жоқта, сол бойда.
2 Іс - әрекеттің кенеттен болу мезгілінің берілуі
Аяқ астынан, жоқ жерден, күтпеген жерден, ойламаған жерден.
3 Мезгілдің ұзақтығының берілуі
ертеден қара кешке дейін, күн ұзақ, ұзынды күн.
4 Тәуліктік уақыттың берілуі кешкі уақыт, ымырт, апақ–сапақта, екі кештің арасында, ел орынға отыра, қас қарайғанда, қызыл іңірде, іңір қараңғылығында.
5 Таң ату
ала таңда, құлқын сәріде, таң ата, таң бозарғанда,таң қылаң бергенде, таң сазарып атқанда, таң сәріде, таң сыз бергенде.
2) Сөздік жұмыс: Тыңдату, түсіндіру, фонетикалық жұмыс жүргізу, оқыту, жазу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату. (Слайд №4)
Уақыт өлшемі – мера времени
Көзқарас- взгляд
Тұрмыс-тіршілігі - быт
Табиғат құбылыстары- природное явление
Өмір сүрген ортасы- среда обитания
3)Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару. (Слайд №№ 5,6)
Қазақша уақыт өлшемі.
Қазақ халқының уақыт туралы көзқарасы оның өмір сүрген ортасымен, тұрмыс-
тіршілігімен тығыз байланысты болған. Уақыт атауларымен жылдың әр мезгілін білдіретін кезең аттары олардың шаруашылығымен, табиғат құбылыстарымен байланысты.
Уақытты білдіретін сөздер тұрақты тіркес түрінде беріледі.
Мысалы, шаруашылық ерекшелігіне байланысты уақыт өлшемдері:
Қас қағым сәт —1 секунд. Қасты қағу деген өте тез жылдамдықты білдіреді.
Сүт пісірім—30—50 минуттық көлемдегі уақыт. Сүт піскенше кететін уақыт.
Жарты сағат —30 минут.
Шай қайнатым уақыт—40—60 минут аралығы. Самаурындағы шайдың қайнау уақыты.
Бие сауым —1,5 сағат. Биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл.
Ас пісірім—1 жарым немесе 2 сағат көлемі. Асты дайындауға кететін уақыт.
Ет асым уақыт—2,5—3 сағат уақыт. Ет асуға кететін уақыт.
Бір тәулік—24 сағат. Күн мен түннің тұтас болған сәті.
5)Мәтін бойынша жұмыс. (Слайд №7)
1-тапсырма. Мәтіннен фразеологизмдерді теріп жазыңдар, уақытты сағатпен көрсетіңдер.
Үлгі: «Бір тәулік»- 24 сағат.
2-тапсырма. Сағаттың қандай түрлерін білесіңдер, жазып шығыңдар.
Үлгі: Қол сағат, ...
3-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрыңдар.
5) Жұптық жұмыс.
№1
Берілген сөйлемдерен фразеологизмдерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер.Ертеден қара кешке дейін Асан мен Үсен адасып ауылдарын таба алмады. Асан мен Үсен ойламаған жерден үйректің ұясына тап болды. Алғаш мектепке баратын күні Айжан құлқын сәріден оянып алды.
№2 Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз. Күтпеген жерден. Әп-сәтте. Екі кештің арасында.
№3
Берілген тұрақты тіркестерді бір сөзбен айту керек.
Қас пен көздің арасында -
Аузын ашқанша–
Ала таңда -
Қызыл іңірде –
№4
Сөйлемдерді дұрыс құрыңдар.
1. Шай қайнатым дүкеннен келді уақытта анам
2. Ағам шөп шапты күн ұзақ
3. інім сөз таба қойды Аяқ астынан
№5
Тұрақты тіркестерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Сол бойда, ұзынды күн.
№6
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Қазақ халқы көшпенді бола тұра, уақыт өлшемдерін тапқан.
№7
Көп нүктенің орнына тиісті тұрақты тіркестерді қойыңдар.
....... Алмажандар көрші ауылдан келді.
.... апам сары самаурынды үйге кіргізді.
Қажетті сөздер: ел орынға отыра, ет асым уақытта.
ІҮ.Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап
1.Фразеологизм (тұрақты тіркес) дегеніміз не?
2.Мезгілдік мағынаны білдіретін қандай фразеологизмдерді білесіңдер?
Ой толғау.
«Уақыт» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.
Кері байланыс
Ү.Үйге тапсырма.« Уақытты үнемдеу» тақырыбына эссе жазып келу.
ҮІ Оқушылар білімін бағалау
Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақ тілін үйренеміз» Н.Оралбаева, Х.Есенов, С.К.Хайруллина, Алматы «Мектеп» 1989ж.
«40 уроков казахского языка» Х.Қожахметова, Алматы «Жалын» 1990ж.
«Қазақ тілі» А.Ауезова, Ж.Бейсебекова, Алматы 2004ж.