?аза?ты? ?лтты? б?йымдарыны? т?рлері:киіз, т?скиіз, текемет, сырма?, ?оржын, алаша, ая??ап, т?т?ыш. А?аш б?йымдары: санды?, кебеже, адалба?ан. Зергерлік б?йымдар: сыр?а, білезік,са?ина, бойт?мар. ?аза? хал?ы «?нер-?мірді? ?зі?дей м??гілік» демекші ?нер ?м


5 «а» сынып
Пәні: технология
Мұғалімі: Койбагарова Айнаш
Сабақтың тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып,
материалдарды көркем өңдеу технологиясы
Сабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беруМіндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсуТәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.Көрнекіліктер:Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,әңгіме.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин түгелдеуЖаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері:киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік,сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс-аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша- әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш- ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.3. Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша)Құрал жабдығы:1. Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке. 2. Секундомер (сағат)3. Ортақ бағалау парағы ( қосымша)4. Фишкалар5. Үй тапсырмасы ( әр команда екі сұрақтан)6.Конкурс тапсырмалары7.Жауап үлгілеріОйынның жүру барысы.Сынып 2 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады.І –гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.ІІ- гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды.Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.1.Аяққап дегеніміз не?2. Қоржын дегеніміз не?3. Тұтқыш дегеніміз не?4. Түйе баласына байланысты ою? (ботагөз)5. Магиялық ою қалай аталады? ( тұмарша)6. Аққу оюы нені бейнелейді?7. Еңбек туралы мақал айтып бер?8. Өнер туралы мақал айтып бер?9. Оқу-білім туралы мақал айтып бер?10.Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқБеліне қыстырғаны шидім таяқКелбетіне қарасаң ештеңе емесБеліне буыныпты аямай-ақ(ұршық)11. Кіруге адам батпайдыТөрт бұрышты тақтайды Затыңды аман сақтайды.(сандық)12. Басы да екеу, аяғы да екеу.(қайшы)ІІІ – гейм «Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді. 1.Өнерлінің он саусағы тең ....(Өнерсіздің бір саусағы кем.)2.Еңбексіз өмір жоқ ...(Ауырсыз жеңіл жоқ)3. Шын шеберде …(мін жоқ)4. Жаңбырменен жер көгерер ....(еңбекпенен ел көгерер)5. Еңбек өмірді ұзартады ...(ұят бетті қызартады)6. Байлықтың атасы еңбек ...(Анасы жер)7. Еңбегіне қарай құрмет ...(жасына қарай ізет)8. Өмір үйретеді ....(еңбек ширатады)9. Өрнегі көптің ....(ермегі көп)ІV- гейм. «Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.1.Жасырылған сөзді тап. Бірінші сан бағана нөмірі, ал екінші сан – жол нөмірі 2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал- мәтел жаз.№1 кесте. Кестенің сыры түрінде кілемнің сыры түгіндеКестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.Қыз еркем, кестесімен көркем, ұл еркем, өрнегімен көркем№2 шебер. Шебердің қолы ортақ.Шеберді өнері асырайды.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген.Шеберлік шексіз байлық№3 ине. Жолды инемен өлшемес болар. Көк инемен көктеу білмейді. Білім инемен құдық қазғандай.Ситуациялық сұрақтар қойылады.V-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады:Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай, өздеріне баға:4-5 жауап-4 бал-«4» бағасын, 6-7 жауап-5 балл-«5» бағасын алады2,3,4,5-ші геймдерге талқылауға бір минуттан беріледі. Егер бірден жауап берілсе, онда осы үнемделген уақытын команда басқа сұрақты талдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе фишка (барлық фишкалар бір түсті алады)1.Тұскиіз дегеніміз не?2. Қазақтың қолданбалы өнері неше топқа бөлінеді?3. Тұтқышты неге пайдаланады?4. Шашқапты не үшін киген?5. Қазақтың ұлттық бұйымдары неден жасалады?6. Алаша тоқитын құрал?7. Білекке салынатын сәнді зат?8. Киізден сырып оюлап жасалған төсеніш?9.Текемет қалай жасалады?10. Зергерлік бұйымдарды ата? 11.Сандық не үшін қажет?12. Сырға, алқа деген не?13.Адалбақан қандай бұйым?14.Алашаның жасалу жолын түсіндір?15. Киім –кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым?16. Ыдыс –аяқ салуға арналған қапшық?17. Ас пісіретін қазанды оттан түсіргенде қолды күйдірмеу үшін киізден жасалған қолғап?18. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі.19. Түрлі өнімдер салуға араналған жүннен, матадан жасалған үлкен қаптың аты.20. Бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы?21. Ердің басына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық.22. Әр түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш.23. Әйелдердің әшекей бұйымы.24.Төсеніш бұйымдарын ата?25.Кебежені не үшін пайдаланған?26. Наурыз қандай күн? (Ұлыстың ұлы күні)27. Наурыз туралы тілек. (Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын)28.Наурыз көже қалай жасалады?29. Наурыз айында табиғатта қандай өзгерістер болады.30. Қазақ халқы наурызды қалай тойлайды?31. Қандай ойын түрлері ойналады?32. қандай ырымдар жасалады?33. Қандай тойлар тойланады.?34. Дастарқанға қандай тағам түрлері қойылады?Қорытындылау:Бағалау.Үйге тапсырма: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері