?ылыми жоба та?ырыбы: “ Жалпа?табандылы? м?селелері ”


№19 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
Ғылыми жоба тақырыбы:
“ Жалпақтабандылық мәселелері ”
Орындаған: 10 “б “ сынып оқушысы Балғалиева Анар
Жетекшісі: Темирханова Г.М.
Орал қаласы 2017 жыл
Кіріспе
Жалпақтабандылық - бұл баланың тірек-қимыл жүйесінің функциясын айтарлықтай нашарлататын, ауыр ортопедиялық ауру болып табылады. Жиі жағдайда жалпақтабандылық омыртқа жотасының қисаюы, жамбас сүйегінің орналасуындағы бұзылыстар және жүрістің өзгеру себептерінің бірі болып табылады. Көрсетілген өзгерістер баланың жалпы денсаулығына теріс әсер етеді, яғни физикалық жүктемеге төзімділікті азайтады,еңбек өнімділігін төмендетеді және көңіл-күй нашарлауына әкеледі,сонымен қатар бас ауруын, ашушаңдық,алаңғасарлық, шаршау сезімдерін тудырады.Емдік дене шынықтыру жаттығуларын су процедуралары, беріктендіру, тиімді тамақтану, қалыпты қимыл-қозғалыс қалыптастырумен ұштастыра отырып жүргізу және бала жасына сай аяқ киім киіп жүру, егер ауру туындаған жағдайда арнайы аяқ киім немесе ортопедиялық ұлтарақ пайдалану емдік жаттығулар тиімділігін арттырады.
Аяқ адамның жұп қимыл және тірек органы. Филогенетикалық тұрғыдан адамның аяғы амфибияның артқы бөлігінен пайда болған, ал ол өз алдына балықтың жүзбеқанатынан пайда болды.Мықты қаңқаның дамуы өмірдің ерте кезінен басталады және бұл үрдіске бірнеше факторлар әсер етеді, оларға физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану және гормондар.Сүйектің жағдайы оның қандай жүкті көтеретініне байланысты. Жақсы дамыған бұлшық ет ұлпасы буындарды қатайтып сүйектің қызметінің жақсы дамуына әсер етеді. Бұлшық ет пен сүйекке жеткілікті мөлшерде күш салмаса ол өз дене массаларын жоғалтады. Осыдан өмірлік маңызды ереже шығады.
Тірек – қимыл жүйесінің қызметін ұзақ сақтау үшін, оның тұрақты түрде жаттықтыру керек.Бұл ереже әсіресе әйел адамдарға маңызды өйткені олардың сүйектері ер адамдарға қарағанда тығыз болып келеді. Сонымен қатар әйел адамдар қартайған уақытында бұлшық ет салмағын қалыптасуын және жоғалтуын дұрыс тамақтану арқылы бақылауға болады. Кальций және «Д» дәрумені сүйекті қатайтады және оны әр түрлі сынықтар мен жарықтардан сақтандырады. Әйел адамдар да, ер адамдар да сүйек салмағының 50% 20 жасқа дейін жинайды. Күнделікті кальцийдың ересектер үшін мөлшері 1200 – 1500 мг құрайды. Тұрақты спорттық жаттығулар кальцийдың дені сау, мықты сүйектің салмағын қалыптастыруға көмектеседі. 20 жас пен 30 жас аралығында сүйек салмағы бірнеше көбейеді, ал 30 жастан бастап кемуі байқалады.
Қазіргі уақытта адамдар аяқтарының саулығына үлкен назар салуда, өйткені, аяқ арқылы біз қозғаламыз автокөлікті еркін жүргіземіз, ал әйелдер үшін аяқ ең тартымды дене мүшесі болып табылады.Көп адамдар «варикоз» деген не екенін және онымен қалай күресу керектігін біледі, бірақ аяққа бірінші болып күш түсетін және әр түрлі соққыларды қабылдайтын өкше туралы көбі біле бермейді. Аяқ өкшесінің екі түрін ажыратамыз.
Бойлық және көлденең және деформация кезінде, мысалы жазық жермен көп жүрген кезде табан аяқ белгілері байқалады.
І тарау. Жалпақтабандылық және оның себептері.
1.1Жалпақтабандылық
Жалпақ табан — адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды. Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан.
Статикалық жалпақтабандылық басқа түрлерге қарағанда көп кездеседі. Бойлық жалпақтабандылықтың кейде көлденеңмен үйлеседі. Статикалық жалпақ табандылықтың себебі ішкі және сыртқы болады және олар жиі үйлеседі. Сыртқы себепке шамадан тыс уақытта тұрып жүру (мысалы, шаштараздарда) жөнсіз аяқ киім кию. Ішкі себеп – бұл тұқымқуалаушылық, жорамалы (мысалы, тірек-қимыл жүйесінің бастапқы әлсіздігі) мұндай балаларда жүргеннен бастап, кейін жыныстық жетілу мен қарқынды өсу кезінде жалпақтабандылық қалыптасады.
Рахиттік жалпақтылық – рахит ауруы кезінде қалыптасады. Бұл кезде сүйек жұмсақ болады. Жүріп бастаған кезде жүк түсіп сол себептен жеңіл деформацияланып, бүлінеді.Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады. жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башайы қисаяды.
Травмалық жалпақтылық – жіліншек пен басқа да табан сүйектерінің сынғаннан кейін дұрыс өспеуі нәтижесінде және табанды берік қылатын бұлшық етпен байламдардың жарақаты.
78105819785Паралитикалық жалпақтабандылық бұлшық еттің парализденуінен пайда болады. Бұрын бұл полиомиелитпен ауырғаннан кейін кездесті, жалпақтабандылық әр түрлі болуы мүмкін. Туа пайда болғаннан бастап жарақаттан пайда болғанға дейін кездеседі. Жалпақтабандылық көптеген жағымсыз әсер тудыруы мүмкін.
Табан ауруында бұл үлкен орын алады. Бір қызығы, бұл ауру жұмысты отырып істейтін және тұрып жасайтын мамандықтарда кездесе береді. Бұл аурудың алғашқы белгілері балтыр аймағында сезіледі. Ол ұзақ жүруден, секіруден, жүгіруден пайда болады. Таңертең ұйқыдан кейін ауру басылады.
Табан деформациясының даму шамасынан ұзарады, жалпақтана бастайды, ортаңғы жері төменмен түседі. Балалар көп қозғалғыш ойындарды ойнауды қойып, көбінесе жатар алдында аяқтың ауыратынына шағымданады.
Жалпактабандылықтың алғашқы белгілері
-Егер аяқ киіміңіз ішке қарай басылған болса
-Аяғыңыз жүрген кезде тез шаршайтын болса
-Адам аяғымен ұзақ уақыт тұрып аяққа күш түсіп жұмыс жасағанда
-Тар немесе өкшесі биік аяқ киім кигенде жүру қиындайды
- Аяқ ісініп ,бір размер үлкен аяқ киім алуға тура келеді
-Табанның көлемі үлкейюі салдарыныан аяқ киімге симай қалады
Жалпақ табанды қалай анықтауға болады
 Бұл ұшін майлы крем және бір парақ қағаз алу керек.
Сосын табаныңызды креммен майлап, қағазды басыңыз.
Барлық табанға сүйеніп, түзу тұрыңыз, өйткені нәтижесі қате болуы мүмкін.
Енді ізіңізді мұқият қараңыз. Қалыпты жағдайда табанның ішкі жағында
табанның үлкен бөлігін алатын ойық болады.
Егер ол ойық болмаса немесе ол өте жіңішке болса, онда ол жалпақ табанды білдіреді.

Жалпақтабандылықтың асқыну себептері
-Табан, тізе жамбас,арқа сүйектерінің ауруы
-Жүрістің ауырлауы,аяқ бұлшық еттерінің дұрыс дамымауы
-Табандағы сүйектердің ауыруы өкше шпоры,сүйелдер және әсіресе бірінші башпай өзгеріске ұшырап «сүйек» пайда болады .
-Тізе буын сүйектерінің пайда болуы,жамбас сүйектерінің ауыруы,омыртқа сүйектерінің ауыруы (остеохондроз, омыртқааралық бұзылу, радикулит)
1.2 Тірек – қимыл жүйесінің бұзушылықтар себептері.
7620135255Жалпақтабандылық себептері: туа біткен ауытқушылық (11,5 % барлық табан ауытқулары), мешел ауруы салдары, жүйке жүйесі аурулары (сал, аяқ парезі, жалпы бұлшық ет гипотониясы және т.б.), табан жарақаты(табан,тобық сүйектері сынықтары, жүйке жүйесі зақымдануымен сіңір, бұлшықет жарақаттары), жиі немесе созылмалы аурулар, генетикалық бейімділік және жеткіліксіз статикалық жүктеме, мысалы бұлшықет тонусы бұзылған балалардың аяқ киімді дұрыс кимеу салдары. Әдетте, бірнеше себептер кешенді түрде қатар жүреді. Жалпақ табандылықтың алдын алуды ерте жастан, яғни баланың табан байланысы құрылуы қарқынды түрде қалыптасатын балалық шақтың алғашқы 7 жылына дейін жүргізілуі тиіс. Жалпақ табандылық түрлері бойынша түзетуде емдік дене шынықтыру жаттығулары жетекші орын алады, оның ішінде функционалдық терапия басым. Емдік жаттығулар міндеттері: табанның негізгі функцияларын дамыту; жүріс кезінде табан орналасуын,қимылын дұрыс қолдану; табанның қысқа бұлшықеттері ұзындығын азайтып, тонусын жоғарылату; табан буындарықызметін арттыру; қан айналымын жақсарту; қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жақсарту.Егер тәулігіне бірнеше рет, яғни таңертеңгі және күндізгі ұйқыдан соң жалаң аяқ тізе, табан және башпай бұлшықеттерін нығайту және дамытуға арналған арнайы түзету жаттығулары үлкен әсер етеді.
Табан күмбезінің жалпаюы – жалпақтабандылық деп аталады. Адамда жалпақ табандылықтың  дамуы дене салмағының ұлғаюы  салдарынан спортсмендерде жүктемені шектен тыс түсіру нәтижесінде пайда болады. Жалпақтабандылық себебі еңбекпен тұрмыс шарттарына сәйкес келмейтін аяқ киім киюден де болады. Жүрген кезде адам денесі көптеген соққыға ұщырайды, ол табан серпінділігіне сәйкес келеді.Жалпақтабандылық басқа табан деформацияларына қарағанда жиі кездеседі – 89,53 ℅, соның ішінде көлденең жалпатабандылық-55,23℅, ал тік жалпақтабандылық 29,3℅, балға тәрізді саусақтар 9,9℅ құрайды.
Аяқ басының серпінділік  қызметін көлденең және тік  күмбездер атқарады,ол сүйек,  буын және табан бұлшықеттерінің  күрделі жүйесінің арқасында  іске асады. Бұлшықет – байлам  аппаратының күш түсуі кезінде күмбездердің бірінің немесе екеуінің де жалпақтануы дамиды.
С.Ф.Годуновтың айтуы бойынша  ерте мектеп жасынан балаларда  жалпақтабандылықты даму фазасы  ретінде қарастыруымыз керек. Өсу деңгейіне байланысты жалпақтабан көп балаларда 7-8 жасында жоғалады,ал табан қызметі қалпына келеді.Туа біткен және жүре пайда болған жалпақтабандылықта болады. Туа біткен жалпақтабандылық сирек кездеседі. Әдетте бұл тік жалпақтабандылық, ол табан пронациясымен бірігеді (жалпақ вальгусты табан). Бұл жалпақтабандылықтың себебі табан элементтерінің құрсақ ішілік дұрыс дамымауы. Туа біткен жалпақтабандылықты 5-6 жасында ертерек анықтау қиынға соғады, өйткені осы жастан барлық балаларды жалпақтабанның барлық элементтері анықталады. Дегенмен 3℅ жағдайда жалпақтабандылық туа біткен болады.     Жүре пайда  болған жалпақтабандылық себебі  -  аяқ бұлшықеттерінің салдануы мен әлсізднуі, жарақаттан кейін асқыну, кальций-фосфор алмасуының бұзылуы, рахит. Жүре пайда болған жалпақ табандылық тік (табанның тік күмбезінің жалпаюы) және көлденең (табанның алдыңғы бөлімінің өзгеруі) болуы мүмкін. Егер тік және көлденең күмбездердің жалпаюы болса , онда комбинирленген жалпақ табандылық туралы айтуға болады. Көлденең  жалпақтабандылық кезінде табанның көлденең күмбезі жалпаяды, оның алдыңғы бөлімі барлық бес табан сүйектерінің бастарына тіреледі, ал қалыпты жағдайда 1 және 5-ші табан сүйектеріне сүйенеді, аяқ бсыны ұзындығы табан сүйектерінің веер тәрізді ажырауынан, 1-ші саусақ сыртқа қарай шығыңқы тұруы және ортаңғы саусақтың  балға тәрізді түрге ену деформациясы байқалады. Көлденееңжалпақтабандылық  табанның түзу проекциясына күш түсіру арқылы рентгенограммада анықталады.Табанның тік проекциялық рентгенограммасы вертикаль бағытта өлшемдері13*18 немесе 18*24 см таспада жасалады.Адам аяғымен таспаның үстіне орындыққа сүйене отырып тұрады. Орталық сәуле вертикаль бағытта таспаның ортсына қарай бағытталады. Көлденең күмбезде 1-ші саусақ пен 1-ші табан сүйегі остерінің арасындағы бұрышты анықтайды.
Қалыптыда ол15˚. Жалпақтабанды  адамдар аяқтарын ажыратып, тізесін әлсіз бүгіп, қоларын бұлғап жүреді. Оларда әдетте табанның ішкі жағы тозады. Жалпақтабандылықты нақты анықтау үшін дәрігер – ортопедке қарлукерек.
Жалпақтабандылық  дене салмағымен тікелей байланысты:дене салмағы ауыр болса, аяқ басына үлкен күш түсіп, жалпақтабандылық ұзыннан болады.
Бұл патология көбінесе әйелдеде кездеседі.Тік жалпақтабандылық әсіресе 16-25 жаста, алкөлденеңжалпақтабандылық 35-50 жастакездеседі.
Әлсіз көрінген жалпақтабандылық  кезінде (І-дәреже) физикалық күш түсуден кейін аяқ шаршайды, өкшеге басқанда ауырсынады. Жүрісі өзгереді. ІІ-дәрежедегі жалпақтабанды  адамдарда ауырсыну тек өкшеде  ғана емес, сонымен қатар балтыр аймағында сезіледі. Ол қатты және жиі ауырады. Табан бұлшықеттері серпінділігін жоғалтады, жүрісі өзгереді.Жалпақтабандылықтың  ІІІ-ші дәрежессі – табанның  сыртқы айқын деформациясы.
Әдетте  науқастар дәргерге осы дәреже  де барады. Өйткені табанда, балтырда ауырсыну, ісіну. Сондай-ақ тізе буындарда жиі сезіледі.Әсіресе белде қатты ауырсыну болып, бос ауырсыну ппайда болады. ЖалпақтабанныңІІІдәрежесінде спортпен айналысу мүмкін емес, жүрісі өзгеріп, баяулайды, қиындайды. Әдеттегі аяқ киіммен адам жүре алмайды.Жарақаттық жалпақтабандылық табан буынын немесе өкше сүйектерін сындырғаннан кейін пайда болады.Салданған жалпақтабандылық аяқ басы бұлшықеттерінің мен    балтырдан басталатын бұлшықеттердің салдануынан, мысалы полиомиелиттен кейін дамиды. Ересек балалармен аяқ ұшымен немесе өкшемен жүру, табанның ішкі және сыртқы бетімен аяқ ұшымен (бір уақытта башпайлар еден бетінде қалады) жүру, аяқ башпайлары көмегімен табанды алға және артқа қозғай отырып «жылжыту» сияқты қарапайым жаттығулардан тұратын әр түрлі элементтерді пайдалана отырып ойындар жүргізуге болады. Диаметрі шамамен2 см болатын гимнастикалық таяқшаны қолдана отырып табанды сырғанату, жүру, табанмен әр түрлі көлемдегі нысандарды жинау, қалың арқанды тарту пайдалы. Гимнастикалық жаттығулар,массаж, ортопедиялық ұлтарақтар және түзетуші аяқ киімдер арқылы жалпақ табандылықты емдеуге болады.Елімізде жалпақ табанының кесірінен әскер қатарынан шеттетіліп, азаматтық борышын өтей алмай жүрген азаматтар көп. Тепсе темір үзетін жас жігіттердің жалпақ табан болуының себебі әр түрлі. Мамандардың айтуынша, жалпақ табан кейбіреулерде туа бітсе, енді біреулерде жүре пайда болады екен.Ата-анасы жалпақ табаннан зардап шеккен баланың да табан кемшілігімен тууы әбден мүмкін. Ал жүре пайда болған жалпақ табан көбінесе жарақаттардан немесе сынған тобықтың дұрыс бітпеуінен болатын көрінеді.
ІІ тарау Зерттеу бөлімі
Зерттеуге мектеп дәрігерімен кеңесе отырып төмендегідей дәрежедегі оқушыларда анықтадық.
І-дәрежефизикалық күш түсуден кейін аяқ шаршайды, өкшеге басқанда ауырсынады. Жүрісі өзгереді. ІІ-дәрежедегі жалпақтабанды  адамдарда ауырсыну тек өкшеде  ғана емес, сонымен қатар балтыр аймағында сезіледі. Ол қатты және жиі ауырады. Табан бұлшықеттері серпінділігін жоғалтады
ІІІ-дәрежесі – табанның  сыртқы айқын деформациясы бар яғни жалақтабандылық белгісі бар оқушыларды анықтап алып,ем-шаражүргізіуді бастадым.
Шағын орталық
143 оқушы 1-4 сынып
371 оқушы 5-8 сынып
355 оқушы 9-11сынып
153 оқушы
1-ші дәреже 1 3 2 5
2-ші дәреже 2 2 3 1
3-ші дәреже 5 2 3 4

30.03.2015жыл 9-сынып оқушысыНурашГулназды өз қызығушылығымен,анасының келісуімен зерттеуге алдық.Дәрігерлік анықтамасымен толық танысқаннан кейін оқушыда жүре пайда болған жалпақтабандылықтың 2-ші дәрежелілігі анықталып жаттығу жұмыстарын мектеп дәрігерінің көмегімен жүргізе бастадық.
Жалпақ табандылықты түзететін жаттығулар
1.Бастапқы қалып –орындықта отыру. Аяқтарды тізеде бүкпей ,әуелі аяқ саусақтарын, содан соң өкшені еденге дейін тигізу керек.4-6 рет қайталау керек.
2.Бастапқы қалып орындықта отыру.Аяқ саусақтарымен жерде шашылған қарындаштарды жинау.
3. Бастапқы қалып бір аяқта тұру, екінші аяқтың саусақтарымен еденде жатқан орамалды көтеру.Кезектестіріп 4-6 рет қайталау.
4. Бастапқы қалып бір аяқта тұру. Екінші аяқпен едендегі допты айналдыру.Кезектестіріп 6-8 рет қайталау.
5. Бастапқы қалып еденде отыру.Қолмен еденге сүйеніп, екі аяқпен едендегі допты неғұрлым жоғары көтеру.4-6 рет қайталау.
6. Бастапқы қалып түрегелу. Табандар арасында допты қысып, еден үстінде 15-20 қадам жасауға тырысу.
Осы жаттығуды 2 ай бойы қайталап отырдық.
30.05.2015-30.08.2016ж .Жазғы демалыс кезінде ата-анасымен кеңесе отырып төмендегідей жаттығулурды қайталауын қадағалап отыруын талап еттік.
1.Кешке таман аяқты түймедақ суына не болмаса теңіз суына салып отыруға кеңес бердік. Бұлардан кейін аяқты салқын сумен жуып немесе мұзды бассаңыз, шаршағаныңыз кетеді, тіпті оның болғанын да білмей қаласыз.
2.Суға жумай тұрып кішкене массаж қолданғанымыз жөн болады. Ол үшін ең алдымен табанды жайлап сипап, сосын жұдырықпен немесе үлкен саусақпен табанның барлық жерін басып уқалау керек.Жалпақтабандылық кезінде бір күнге 10 минут қана гимнастикаға жеткілікті болады.
3.Дүкеннен екі массажды кілем алыңыз. Біреуін жуынатын бөлмеге төсеп қойыңыз. Жуынға уақытта немесе тіс тазалағанда кілемде жалаң аяқ тұрып,аяғыңызды қозғап бірнеше қарапайым жаттығу жасаңыз.Аяқ ұшымен тұру,табанның екі жанынан тұру жаттығуларын қайталап отыру қажет.
4.Екіншісін ас үйде газ плитасының алдына жайып қойып, қолданыңыз. Күніне бірнеше рет жалаң аяқ кілемшеге тұрып, келесі қимылдарды жасаңыз:
 •аяқтың ұшына тұрыңыз;
 •аяқтың ұшынан өкшеге қарай  сырғанаңыз;
 •табаныңыздың сыртымен тұрыңыз
5. Табиғат аясында жүргенде, жерде, дым-қыл шөпте, таста жалаң аяқ жүруге тырысыңыз. Жүрісіңізге назар аударыңыз: аяқты қатар қоюға тырысыңыз, ал жүрген кезде табанның сыртына сүйеніңіз.
10.09.2015ж.   Ортопед дәрігермен кеңесе отырып арнайы супинатор ұлтарақтар жасалды.Мұндай ұлтарақтар табанды қалыпқа келтіреді. Жұқа супинатор ұлтарақтарды туфлиге салады. Бұл шаршаған аяқтардың жұмысын біршама жеңілдетеді және жалпақ табанның алғашқы белгілерін жоюға көмектеседі.
14668542672015.10.2015ж -15.03.2016ж Фитотерапевтармен кеңесе отырып өсімдік тұнбаларын және өсімдік жақпа майларын кешқісінуқытылы пайдаланып отыруға кеңес берілді.
Фитотерапевтардың кеңесі бойынша ұзақ уақыт биік өкшемен жүрер алдында,мыңжылдық өсімдігінің қайнатпасын ішу керек,ол үшін мыңжылдық өсімдігінің 1 шай қасық құрғақ түрін 1 стакан қайнап тұрған суға салып 10-20 минут кейін сүзіп құйып алып,2 ас қасықпен күніне 3 рет тамақ алдында 2-3 апта ішу керек.
823595205105Кешкісін үйге келгеннен кейін аяқты жақсы етіп тазалап және аяқтың шаршағанын кетіру қажет.
Ол үшін күнделікті ішіп жүрген қара шайдың 2-3 ас қасығын суға қайнатып 5-7 минуттан кейін тұнбаны тазиктегі жылы суға құю керек.
-97155184150
-аяқты суға батырып 10-15 минут отыру
-аяқты құрғатып жұмсақ орамалмен сүрту
-кастра майын жағып,жұмсақ носки кию
Анкета қортындысы
Анкетаға 105 оқушы қатысты.№19 орта жалпы білім беретін мектеп оқушыларына жүргізілген анкета қортындысы төмендегідей ақпаратты анықтады.
-30480223520Жынысы
Анкетаға қыз балаларға қарағанда,ұл балалар көп қатысты.
Қазір қандай аяқ киім киіп жүрсіз
31242047625
Оқушылардың көпшілігі туфли кигенді ұнатады.
Аяқ киім тақасының биіктігі.
53276560325
Тірек-қимыл жүйесіне кері әсер ететін тақасы жоқ аяқ киімдікөп оқушы киеді.

Аяқ киімді жиі ауыстырасыз ба

Көпшілігі маусым сайын ауыстырады.
Аяғыңыздың ауыратын кезі болама
26479569215
Жоғары сынып оқушыларының аяқтары жиі ауырады.


Аяғыңыздың құрысып қалатын уақыты болама
21717097155
Жоғары сынып оқушыларында жиі кездеседі.
7-11 сыныптарға жүргізілген анкетаның орташа қортындысы
331470238125
Қорытынды.
Жоғардағы диаграммаларға қарап мынадай қортынды жасауға болады,біздің оқушыларымыз аяқтарына жақсы күтім жасағанмен,жас кездерінен бастап аяқ киімді дұрыс таңдамағаннан көп оқушыда аяқтары жиі ауырады,аяқ құрысулары немесе жалпақтабандылық болуы мүмкін.Емдік дене шынықтыру жаттығуларын су процедуралары, беріктендіру, тиімді тамақтану, қалыпты қимыл-қозғалыс қалыптастырумен ұштастыра отырып жүргізу және бала жасына сай аяқ киім киіп жүру, егер ауру туындаған жағдайда арнайы аяқ киім немесе ортопедиялық ұлтарақ пайдалану емдік жаттығулар тиімділігін арттырады.  
Жалпақтабандылық  салдарынан өсіпбітетін тырнақ  дамиды.Табан, тізе,сан, арқада  ауырсыну жүреді.Аяққа отырғанша,  сәл иілу және отырған кезде  тепе-теңдік сақтау қиын. «Ауыр»  жүріс, яғни жүру кезінде қорбаңдау. Деформацияланған табан (жалпақтабан, қисық, пропорциясыз аяқ саусақтарының ұзаруы, үлкен саусақтағы сүйек, кеңейген табан), тізе (сыртқа немесе ішке қараған), сан (шыққан). Пропорциясыз дамыған және дамымаған аяқ бұлшықеттері. Жалпақтабандылықты массаж арқылы емдеу. Массаж –жалпақтабандылықты емдеудің жақсы бір тәсілі болып табылады. Ол ауырсынуды басып,лимфа- және қан айналуды жақсартады,әлсізденген бұлшықеттерді қатайтады.
Массажды келесі тізбек арқылы жүргізу қажет:балтыр бұлшықетінің массажы,балтырдың сыртқы жағының массажы,табанның ішкі жағының  массажы,табанныңмассажы.Сондықтан  жалпақтабандылықтың барлық 
алдын  алу шараларын әр адам орындауы  тиіс.Егер жалпақтабандылық ауруына душар болса,тез арада ортопед  дәрігерге барып,барлық емделу  шараларын қолданғаны жөн.XIX-ғасырдың аяғында өмір сүрген неміс дәрігері С.Кнейптің берген кеңесі кездойсақ емес: «Ең жақсы аяқ киім- ол аяқ киімнің болмауы.Жалаң аяқ жүрген әрбір қадам-өмірдің артық минуты»
Ұсыныстар:
1.Оқушыларға жалпақтабандылықтың себептері,алдын-алу жолдары туралы жадынама тегін таратылса.
2. Сымбаттың бұзылуы, жалпақтабандылықтың алдын алу туралы мектеп бағдарламасына арнайы бір сағат енгізілсе.
3.Бейне роликтер көше теледидарынан көрсетілсе.
4.Қазақстанға келетін немесе шығарылған аяқ киім сапасы жете тексерілсе.
Қосымша 1
Аяқ киімге арналған медициналық шарт
Аяқ киім – адамның киімінің бір бөлшегі болып саналады және аяқты жағымсыз, сыртқы қатынастан қорғау үшін жасалған. Аяқ киім қолдануына қарай тұрмыстық және арнайы – спроттық, медициналық, өндірістік болып бөлінеді.
Тұрмыстық аяқ киімге келесі негіздер міндеттеледі: аяқ киім жеткілікті бос болу керек. Күнделікті аяқ киім табанға ауыр келтірмеу қажет, шұлық аяқтың бармақтарына сай келу қажет, аяқ киімнің табаны иілімді, арт жағы қатты болу қажет; шұлықтың тарылуы аяқтың бармақсыз бөлігінде ғана болады. Рационалсыз аяқ киімдер кіші балалрдың жастарында олардың табанының өсуіне кедергі келтіреді. Тығыз және тар аяқ киімдерді көп киген адамдардың аяғында өзгерістер болуы мүмкін, аяқтағы қанның дұрыс айналмауына соғуы мүмкін; салқын уақыттарда аяқ киім жылдам салқындауы, қатаюы мүмкін. Тым кең аяқ киім аяқтың жараларының шығуына жол ашады.
Соңғы кездегі сән тенденциялары – аяқ киімнің тұмсығы ұшты болып келуі ортопедтерді алаңдатуда. Олар бұның алдын алу үшін олар түрлі кеңес беруде. Ең ыңғайлы аяқ киім кең табанды, жартылай тақалы (ер адамдар үшін 2-3 см, әйел адамдар үшін 2-4 см, мектеп жасындағы және кіші сыныптарда оқитын балалар үшін 1-2 см, жоғары сынып оқушыларына 2-3 см). Тым биік тақалы аяқ киімдерді киюге кеңес берілмейді, себебі бұл аяқ киім аяқтың бұлшық еттерінің қысылуына әкеледі. Бұл аяқ киімдер адамның омыртқасының қисаюуына әкелуі мүмкін. Ерекше мәнге ие болатын аяқ киімдер жылыны сақтай алатын аяқ киімдер болып саналады, себебі олар түрлі ауа райының өзінде жылыны сақтай алады. Ең тазалық сақтай алатын аяқ киім былғары аяқ киім болып саналады, себебі олар иілгіш және ауа кіргізе алады.
Суық ауа райының шарттарында жылытады. Жаздық аяқ киімде жеткілікті түрде ауаның ауысымы қамтамасыз етілуі қажет.
Өндірістік аяқ киім аяқты әртүрлі зиянды заттардан қорғау қызметін атқарады.
Жұмысқа арналған етік пен жартылай етік ыстық цехтарда дайындалады. Ылғал мен судан қорғану үшін резеңке етік пен былғарыдан жасалған етік қолданылады, суықтан қорғану үшін – жүннен жасалған аяқ киім, қалың келген үлкен жүнді аяқ киімдер, арнайы тігілген суық өткізбейтін материалдардан тігіледі. Электр сымдарымен жұмыс кезінде электр өткізбейтін етіктер пайдаланылады. Бұндай аяқ киімдер 5°-20°С температуралы қараңғы жерлерде, ылғалдылығы50-70% болатын қоймаларда сақталады. Олардың электр тогын өткізбейтінің 6 айда 1 рет тексеріп тұрады. Әртүрлі химиялық заттардан қорғану үшін арнайы тігілген резеңке аяқ киім қолданылады, оған ерекше күтім керек, мысалы айтқанда жұмыс аяқталған соң міндетті түрде сумен жуу керек. Бұл аяқ киім де 0°-20°С-қа дейінгі температурадағы қараңғы жерлерде сақталуы қажет. Механикалық жарықтардан сақтану үшін ішкі немесе сыртқы жағына металдық шұлық қолданылған аяқ киімдерді кию керек.
Радиактивті нәрселерге жұмыс кезінде арнай резеңке етік резеңке және пластикалық бахилдар қолданылады. Бұндай аяқ киімдерді арнайы жерлерде сақтайды, әркез тексерістерден өтіп тұрады, арнайы рұқсатсыз сыртқа шығаруға тыйым салынады.
Спорттық аяқ киім өзінің атына сай спорттық шарттарға байланысты дайындалуы қажет. Туристердің, шаңғышылардың, альпинистердің аяқ киімдері өте үлкен жылусақтағыш меншіктермен және бос кеңістігімен қамтамасыз етіледі. Альпенистерге арналған аяқ киім өте қалың теріден екі қапталып тігіледі. Шаңғышылардың аяқ киімі – жеңіл, икемді болып келетін, трамплиннен секіргіштерге – биік, қалың, майыспайтын тақадан және арнайы белбеуден дайындалады. Жеңіл атлетиктердің аяқ киімдері – жеңіл, қатты шұлықтарсыз және дөрекі тігістерсіз болуы керек және олар серпімді теріден аяқты толық жауып тұратындай тігіледі.
Ортопедиялық аяқ киім аяқ сүйектерінің қисықтығына байланысты пайдаланылады және ол шамалы түрде жеңіл, серпімді, берік болуы қажет.
798195120650
Қосымша 2
Тірек – қимыл аппаратың істен шығуына байланысты арналған ұсыныс.
Жалпақтабандылықты массаж арқылы емдеу.
Массаж –жалпақтабандылықты емдеудің жақсы бір тәсілі болып табылады. Ол ауырсынуды басып,лимфа- және қан айналуды жақсартады,әлсізденген бұлшықеттерді қатайтады.Массажды келесі тізбек арқылы жүргізу қажет:балтыр бұлшықетінің массажы,балтырдың сыртқы жағының массажы,табанның ішкі жағының  массажы,табанның массажы,балтыр бұлшықетінің массажы,табан массажы.Балтыр бұлшықетінің массажы.Балтыр бұлшықетінің массажын жасар алдында,массаж жасалатын  адамды екі бетімен жатқызып,балтыр табан буындарының астына валик  салу керек.
386363990247
Жасаукерекқимылдар:
Сипалау:   а)тіксызықты ;б)кезектеп
Уқалау:  а)тұмсықтәрізді; б)көлденең.
 Жаттықтыру :
а)бір реттік;б)қос сақиналы;в)комбинерленген;
г)дөңгелектәрізді бүгілгенсаусақфалангтарымен, алдымен бір  қолмен,кейін екінші қолмен;
4413885770255д)дөңгелектәрізді тұмсықтәрізді.ТіксызықтысипалауЖалпақ табанды емдейтіндер үшін профилактикалық шаралар жеткіліксіз. Сондықтан оны емдеуге арналған төмендегідей кешенді жаттығуларды жасаған жөн.
Бірінші жаттығу:
Түзу ұсталған аяқпен отырып, тізе мен өкшені қосады да оң жақ табанды қатты иіп, сол жақ табанның алдыңғы жағын көтереді. Бұдан соң аяқтарды ауыстырып, жаттығуды қайталайды.
Оң жақ аяқ табанының ішкі жиегімен және өкше бетімен сол жақ балтырды сипайды, аяқтарды ауыстырып, қайталайды. 
Екіншіжаттығу:
Орындықта отырып:
•    Табан саусақтарын ию.
•    Табандарды ішке қарату.
•    Табандарды ішке қарай айналдыру.
•    Екі табанмен допты ұстап, көтеру.
•    Аяқ саусақтарымен қарындашты ұстап, көтеру.
•    Аяқ саусақтарымен губканы ұстап, көтеру.
•    Аяқ саусақтарымен жұқа кілемшені тарту.
•   Табанмен оқтауды немесе диаметрі 5-7 см таяқты айналдыру керек.
Үшінші жаттығу:
Аяқтың ұшымен, табандар қатар тұрады:
•  Құммен немесе поролон кілемшемен саусақтарды бүгіп, табанның сыртқы жағына сүйеніп, жалаң аяқ жүру. 
3779520396875• Шабылған шөптің үстімен табанның сыртқы жағына сүйеніп, жалаң аяқ жүру керек.
Ескерту:  Аталған жаттығулардың барлығы жалаң аяқ орындалады және әрқайсысын кемінде 8-12 реттен қайталау керек
35483801515745
Әдебиеттер тізімі
Большая книга эксперимента для школьников – М,:Росмен, 2001
Большая советская энциклопедия 18 том.
Валик В.В. Школа семейной физкультуры - М.: Педагогика, Физическая культура в школе, 1990 (№8).
Велитченко В.К. Физкультура для ослабленных детей. - М.: Физкультура и спорт, 1989.
Корнилов Н.В. Ортопедия. – СПб.: Гиппократ, 2001.
Ликум А. - Всё обо всём (популярная энциклопедия для детей) 1 том.
Популярная медицинская энциклопедия.
Травматология и ортопедия: Руководство для врачей под ред. Шапошникова Ю.Г.1997. Москва, Медицина.
Человек. Энциклопедия для детей Т18 М. Аванта+, 2001