?стазды?-?нер, та?ылымы тере? ?нер


Ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер
Бақытжамал Бисенова,
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
Затобол №1 орта мектебі,
Қостанай ауданы.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында», -деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры.
Аудандық білім бөлімі қолдауымен өткізілген “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” RWCT жобасы тренерлерінің курсында болдым. Аталған курс Алтынсарин НМ өтті.
Қазіргі мұғалімді-оқытушы, ұстаз ғана емес, -ол жаңалықты белсенді дәріптеуші, таратушы және зерттеуші деп білемін. Өйткені осы күнгі жаңарған білім мазмұны, мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейге көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы да мұғалім арқылы жүзеге асырылады.
Мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарында жаңашыл әдіскерлер тарапынан көптеген өзгерістер еніп жатыр. Білім алушы тек тыңдаушы болып қана отырып тыңдаумен ғана шектелсе, ол жаңа білімді толықанды меңгере алмайды. Керісінше, білімді басқалармен өзара белсенді іс-әрекетке түсу арқылы түпкілікті меңгере алатыны талай дәлелденіп отыр. Әрекетте ғана адамның танымдық, шығармашылық және өзін-өзі дамыту қабілеттері дамиды.
Тыңдаушылардың бірінші күннен бастап өздерін еркін сезініп, өзара іс-әрекетке түсе алатын орта қалыптасты. Курс бойы мұғалімдердің өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген ой бөлісу, пікір алмасу, сұхбаттасу, ортаға салу, қорытынды шығару, бағалау, барлық жұмысты өзара әрекеттесу арқылы дәріскермен тығыз белсенді байланыста бірлесіп отырып жұмыла жұмыс жасадық. Дәріс сағаттарында “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” стратегиялары жан-жақты талданып қарастырылды.
Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы мұғалімдердің білімдік және кәсіби шеберлігін қажет етеді.
Курс соңында теорияны практикамен ұштастыра талдау, талқылау мақсатында мұғалімдер сабақ көрсетті.
Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, -деп
Абай атамыз айтқандай мұғалімдердің курстан алған білімдерін өз іс-тәжірибелерінде қолдана біліп, әрі қарай дамыту міндеті тұр.
Римдік философ Сенека «Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз» дегендей үйрене отырып оқыту мақсатқа жетудің бірден бір жолы.