Саба? жоспары. Та?ырыбы: Витраж-?нер ?лемінде


Сыныбы: 6 «А»
Мерзімі: 20.01.2015 ж.
Кабинет: 305
Сабақтың тақырыбы: Анималистік жанрдағы витражды суреттер «Менің сүйікті жануарым»
Мақсаты: Оқушыларды витраж өнерімен таныстыру. Витраждың даму тарихынан мағлұмат беру. Шыны үстінде сурет сала білу шеберліктерін жандандыру.
Сабақ әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, жаңа сабақ.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ. Технология-бейнелеу.
Пәндермен байланысы: тарих, музыка, сызу.
Көрнекіліктер: презентация, дайын бұйымдар.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сарамандық жұмыс
Ү. Көрме ұйымдастыру
ҮІ. Рефлексия
ҮІІ. Бағалау, үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Амандасу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен тақырыптардан сұрақтар қойып, бүгінгі сабақта жұмыс жасайтын техниканың атауын шығару.
(Сөз жұмбақ) тақырыпты ашу. Сол кезде «Витраж» сөзі шығуы керек
Критерийлермен таныстару, алдарына тарату.
Қағаз бетінің безендірілуі
Класстердің дұрыс құрылуы
Оқушылардың өз ойларын толық жеткізулері
1     В          
2       И      
              Т    
4         Р    
5   А              
6           Ж
Сұрақтары:
Су бояуы
Түстерді араластыруға арналған тақтайша
Жануарлардың бейнесі бейнеленген жанр
Адамның келбеті бейнеленген жанр
Заттар әлемінің жанры
Табиғат көрінісі көрсетілген жанр

Оқушылардың алдарына жаңа тақырыптың мәтіні таратылады, топпен оқып класстер құрастырады. Тақтаға шығып әр топ қорғайды.
ІІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Біз бүгін сіздермен қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнер витраж түрімен танысамыз. Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті жануарым» Алдыңғы сабақта анималистік жанрда сүйікті жануарлырыңнын суретін салған болатнсыңдар. Енді бүгін сол суретті витраж техникасына салып орындайтын боламыз.
Витраж(фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шегіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театр, кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады. Оның қызғылықты бір үлгісі -"Медеу" мейманханасындағы холл Витражды.
Монументтік витраж бас кезінде Соборларда, церковтарда үлкен көлемде бейнеленген болатын. XV ғ. үй интерьерінде витражды тұрғын үйлерде қолданған.
Монументтік (үлкен) витраж XVII-XVIII ғ. өнер ретінде құлдырай бастады. Ал XX ғ. басында Европада модерн стилі жоғары деңгейде дамығандықтан қайта қолға алынып, жандана бастады.
Модерн , модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым.
Әр топ берілген крийтерилер бойынша қарсы топты бағалайды.
ІҮ. Сарамандық жұмыс
Критерийлермен таныстару, алдарына тарату
Композицияның шыны бетінде дұрыс орналасуы
Жұмыстың толық аяқталуы
Тақтадан видео көрсетіледі.
Ал, енді алдарыңда тұрған сүйікті жануаларыңның нобайын витраж техникасына салып орындайык. Астына дайын суретті қойып, үстіне шыныны қауіпсіздік техникасын қолдана отырып, қара бояумен контурын сызып шығамыз. Болған соң түрлі түсті бояумен бояймыз.
(Жай классикалық музыка ойнап тұрады)
Ү. Көрме ұйымдастыру
Бір бірлерінің жұмыстарына жұппен баға қою. 2-3 қыз баланың талдауын тыңдау.

ҮІІ. Рефлексия. Кері байланыс
Тақтада ілініп тұрған смайликтерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін қағазға жазып жабыстырады.
ҮІІ. Бағалау, үйге тапсырма
Мұғалімнің бағалау критерийлері. Барлығың сабақта өте жақсы қатысып отырдыңдар.
Оқушылар витраж өнерін біледі
Витраждың даму тарихын біледі
Шыны үстінде сурет сала алады
Үйге тапсырма: алдарыңда таратылған «Витраж» тақырыбы бойынша мәліметті ғаламтор жүйесін қарап, толықтыру.