Дербес компьютерді? негізгі ??рыл?ылары


Информатика пәні мұғалімі: Барменкулов А.Б.
Пәні: Информатика
Сыныбы: 7 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Дербес компбютердің негізгі құрылғылары
Мақсаты:
Білімділік: Дербес компьютердің құрылғылары туралы алған білімдерін тереңдете түсу
Дамытушылық: Оқушыларды салыстыруға, сараптама жасау,қорытынды жасай алуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты түрде сөйлей білуге, өз ойын жеткізе алуға және отаны Қазақстан еліне деген сүйіспеншілігіне тәрбиелеу. Мәңгілік ел №1
Күтілетін нәтиже:
1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді
2. Өз ойын еркін жеткізе біледі
3. Шығармашылық қабілеті дамиды.
4. Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Түгендеу
Сыныпты 2 топқа бөлу
І топ – «Монитор»
ІІ топ – «Пернетақта»
Мұғалім психологиялық тренинг түстерге байланысты оқып шығады.
Топ басшысын сайлайды, топ мүшелердің рөлдерін бөліп береді.
(Топ басшысы, таймкипер, хатшы, баяндаушы, дизайнер, сарапшы)
Үй тапсырмасын сұрау Өткен сабақ бойынша «Өзіңді тексер»
Тест тапсырмалары:
1.Компьютерде ақпаратты кодтау үшін қандай есептеу жүйесі қолданылады?
а) ондық
в) екілік
с) он алтылық
д) сегіздік
2.Ағылшын тілді мәтіндік ақпараттық кодтау үшін...қажет
а) ASCII кестесі
в) екілік есептеу жүйесіне көшу
с) ағылшын тіліне көшу
д) мәтінде символдар санын санау
3.Мәтіндік ақпаратты ASCII кодталуында бір символға кодтау үшін...қажет
а) 2 бит
в) 4 бит
с) 6 бит
д) 1 байт
4.Мәтіндік ақпаратты UNICODE кодталуында бір символға кодтау үшін...қажет
а) 2 бит
в) 4 бит
с) 6 бит
д) 1 байт
5.Төрт түсті графикалық ақпаратты 1 пиксельге кодтау үшін...қажет
а) 2 бит
в) 4 бит
с) 6 бит
д) 1 байт
6.256х128 нүктелі өлшемі бар монитор экранының ауданын сақтау үшін 32 кбайтжедел жад бөлінген. Нүктелерді бояу үшін максималды түрде қанша түс қолдануға болады?
а) 16
в) 4
с) 512
д) 256
7.512х256 нүктелі өлшемі бар монитор экранының ауданы болсын делік. Оны сақтау үшін жедел жадтан 64 Кбайт айқындалған. Бұл нүктелер үшін қанша түс қолдануға болады?
а) 8
в) 4
с) 256
д) 16
8.512х128 нүктелі өлшемі бар сурет 256 түспен боялған. Осы суретті сақтауға қажетті жадтың көлемін табыңдар
а) 32
в) 64
с) 74
д) 128
Оқушылар берілген тест тапсырмасы таратылады, оқушылар жауабын белгілеп, тақтадағы дұрыс жауабымен сәйкестерндіреді.
Білімдерін жан – жақты тексеру «Сұрақ - жауап» Серпімелі доп.
Ақпарат деген не?
Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
Ақпаратты қалай тасымалдауға болады?
Ақпаратты өңдеу дегеніміз не? Жаңа сабаққа дайындық «Болжау» әдісі
Интербелсенді тақтадан компьютер туралы суреттер көрсету
Балалар бүгінгі сабағымыз қалай ойлайсыңдар не туралы болмақ? -Оқушылар жаңа тақырыпты болжайды, ойларын айтады.
Жаңа сабақ Топтық жұмыс
Екі топқа жаңа сабақтың тақырыбы бойынша тапсырмалар беріледі.
Практикалық жұмыс:
Компьютерге арналған тапсырмалар беру.
«Семантикалық карта»
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Оқушыларға Компьютерде практикалық тапсырмалар орындайды.Семантикалық картаны толтырады.
Жаңа сабақты бекіту
ВЕНН диаграммамен жұмыс
Оқушылар кестеде көрсетілген тұжырымдардың дұрыс ретін тауып кестенің ішін бояиды.
Оқушылар ВЕНН диаграммаға компьютердің пайдасы мен зияны туралы жазады
Сабақты қорыту
Кері байланыс Оқушылар өз әрекеттерін бағалайды
Бүгінгі сабақтан менің білгенім
Қызықты болғаны....
Қиын болғаны ....
... енді мен орындай аламын
.... мен жасай алады екенмін
Мені таңғалдырғаны .... Әр оқушы бастарына киген шляпаларына байланысты өз ойларын айтады.
Бағалау -Бағалау
Жиналған жетондар арқылы оқушыларды бағалау.
-Үздік топты анықтау үшін, оқушылардың барлық сабақ барысында жинаған жетондарын қосып, санап, жеңімпаз топты анықтайды.
-Оқушы жиналған жетондарын есептеп, алған бағаларын күнделіктеріне қойғызады.
-әр топтың оқушылары жиналған жетондарын есептеп, ғажайып баққа ие болады.
Үйге тапсырма Өтілген тақырып бойынша 4 сұрақ ойлап, оған жауап жазу. «Болашақта компьютерді қалай елестетемін» ЭССЕ Күнделіктеріне жазып алады.

Сабақтан көріністер




Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:
№ Критерийлер Тапсырма Дискрипторлар Балл Балл
1 Тест тапсырмалары жауап береді №1 Графикалық ақпаратты кодтау туралы біледі 2 2 Сұрақтарға жауап береді №2 Ақпарат туралы білімін көрсетеді 2 3 Жаңа сабақты сурет арқылы болжайды №3 Сурет арқылы болжау жасай алады 2 4 Компьютердің негізгі құрылғыларымен танысады №4 Практикалық жұмыс арқылы алған білімдерін дәлелдейді 2 5 Алған білімдерін сабақта қолданады №5 Кесте толтырады Тұжырымдаманың дұрыс ретін табады 1
1 Жалпы ұпайы 10 Сабақтан соңғы ойтолғаныс:
Бүгінгі сабақтан алған әсерім? - деген сұраққа бүгінгі қолданылған әдістер: Үй тапсырмасын сұрауда, «өзіңді тексер» тесті бойынша оқушылар сыни тұрғыдан ойланды. Ұланның "Кері әсер парағында” компьютерде жұмыс жасау арқылы жұппен, топпен жұмыс істеудегі іс-әрекеттері өзіне ұнағандығын білдім. Бүгінгі сабақта қолданған әдістерім балалардың нақтылыққа талпынысын, логикалық есте сақтауын, білуге құштарлығын арттырды.
Елдананың бүгінгі сабақта көңіл күйі ерекше болғанын, топтасып жұмыс істеуде әртүрлі пікірлердің тұжырымдалуынан терең ойлар пайда болғанын жазған.
Мерейге сабақта «сұрақ-жауап» серпімелі доп әдісімен жұмыс жасау, нақты критерийлер арқылы және ауызша жиі мадақтаулар арқылы әділ бағаланғаны көңіл- күйіне ұнағанын кері әсер парағында жазған.
Маған не ұнады/ұнамады?- деген сұраққа, Бауыржанның практикалық жұмыста компьютердің қандай қызметі бар екенін және ойлау қабілетінің дамуына көп ықпалын тигізді. Топтық жұмыс оқушылардың бір-бірімен пікір алмасып, кезектесіп сөйлеп шығуына мүмкіндік туғызды. Сабақта назардан тыс қалған, іс әрекетке түспей қалған оқушы болмады.
Бұл сабақ қай жағынан тиімді немесе сәтті болды? - деп өз іс әрекетіме есеп беруді ұйғардым. Жалпы жүргізген сабағым бойынша мен бүгінгі сабағымда тақырыпты толық игеру үшін алған әдістерім сәтті болды. Өйткені оқушылар бүгінгі сабақта оқыған мәліметтерді саралап, талқылап, оған байланысты өз көқарастарын, түсініктерін білдіре алды. Сабақтың тиімділігі берілген тапсырмаларды жұппен, топпен талқылауы, бір ойдың екінші рет қайталанбауы, нақты критерийлер арқылы бағалануы, сұрақтардың сын тұрғысынан қойылуында деп ойладым.
Сабақ барысында қандай кемшіліктер орын алды ?-деп қарайтын болсам, уақыттың жетіспеушілігі болды.