Дербес компьютерді? са?тау ??рыл?ылары, микропроцессорлар т?рлері


Дербес компьютердің сақтау құрылғылары,
микропроцессорлар түрлеріМикропроцессор, басқаша, орталық процессор.
Орталық процессор (CPU, ағыл. Central Processing Unit) - бұл программамен берілген арифметикалық және логикалық операцияларды орындайтын компьютердiң басты жұмыс компоненті, есептеу процесiн басқарады және компьютер барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіреді.Жалпы алғанда орталық процессор құрамына:
- арифметикалық-логикалық құрылғы;
- мәлiметтер шиналар мен адрестiк шиналар;
- тiркегiштер;
- командалар есетегiштерi;
- кэш - аз көлемдi өте жылдам жады (8-ден 512 Кбайтқа дейiн);
- жылжымалы нүктесi бар математикалық бірлес процессор енедi.
Соңғы процессорлар микропроцессорлар түрінде орындалады. Физикалық жағынан микропроцессор интегралды сұлба - процессордың барлық функцияларын іске асыратын бірнеше квадрат миллиметрлi тік бұрышты ауданды кристалдық кремнийден жасалған жіңішке пластинкада орналасқан сұлбалар. Кристалл-пластинка әдетте пластмассалық немесе керамикалық жалпақ қорапта орналасады және оны компьютердiң жүйелік платасына жалғастыруға болатындай етiп металды штырьлары бар алтын өткiзгiштермен қосады.
Есептеу жүйелерiнде бірнеше паралельді жұмыс істейтiн процессорлар болуы мүмкін; ондай жүйелер көп процессорлы деп аталады.
МП 4004 - бірінші микропроцессор Intel (АҚШ) фирмасымен 1971 жылы шығарылған болатын. Қазiргi кезде микропроцессорлардың бірнеше жүздеген түрлерi шығарылады, бірақ ең танымал және көп таралғандары Intel және AMD фирмаларының микропроцессорлары.
ДК-дiң сақтау құрылғыларыКомпьютер жады екiлiк сақтау элементтерi – биттерден құрылған, 8 биттен бiрiккен топ байт деп аталады (жадтың өлшем бiрлiктерi ақпараттың өлшем бiрлiгiне сай болады). Барлық байттар нөмiрленген. Байттың нөмiрiн оның адресi деп аталады.
Байттар ұяшықтарға бiрiгедi, олар сөздер деп аталады. әр компьютерге сөздiң белгiлi ұзындығы тән: ол екi, төрт, сегiз байт болуы мүмкiн. Бұл басақа ұзындықтағы жадтың ұяшықтарын қолдану (мысалы, жарты сөз, қосарлы сөз) мүмкiндiгi жоқ дегендi бiлдiрмейдi.
Әдетте, бiр машиналық сөзде толық бiр сан немесе бiр команда көрсетiлуi мүмкiн. Бiрақ ақпараттың ұсынылуының айнымалы форматтары болуы мүмкiн.
Жадтың төрт байтты компьютерлер үшiн сөздерге бөлiнуi 1-кестеде берiлген:
Сол сияқтыжад көлемiнiң одан да iрi туынды бiрлiктерi кең қолданылады: Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, сондай-ақ соңғы кезде Терабайт пен Петабайт.
Қазiргi кезде компьютерлердiң бiр-бiрiнен мақсаттары, уақыттық сипаттамалары, сақталатын ақпарат көлемi мен бiрдей көлемдегi ақпаратты сақтаудың құнымен қатты ерекшеленетiн түрлi сақтау құрылғылары бар.
Жадтың негiзгi екi түрiн - iшкi және сыртқы жадын айырады.
Iшкi жадының құрамына жедел жад, кэш-жад және арнайы жад кiредi.