Тіл талапкері. Тіл мерекесіне арнал?ан интеллектуалды шоу


Тіл талапкері
Тіл мерекесіне арналған интеллектуалдық шоу
Мақсаты:
1.Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;
2. Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру.
3. Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сайыстың жалпы кезеңдері:
1.Кезең.
Бәйге
.Өнер алды не? 1.Ең бірінші бақытым ......
Үш биді ата 2.Тілдің ең негізгі қызметі
Ашу дұшпан - ......... 3.Тіл туралы заң қашан қабылданды?
Сөз анасы......... 4.Ал екінші бақытым ...........
Құрғақ сөзінің антонимі ...... 5.Мұсылмандардың қасиетті үйі
Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? 6.Мұсылман дінінің қасиетті кітабы
2. Кезең.
Мәнерлеп оқу
3. Кезең.
Мақал-сөздің мәйегі ( мақалды аяқта)
Өзге елде сұлтан болғанша - Өз еліңде ұлтан бол
Оқусыз білім жоқ- Көп жасаған білмейді-
Тіл қылыштан да- өткір
Басқа бәле- тілден
Білекті бірді жығар- Білімді мыңды жығар
Көре-көре көсем боларсың- Сөйлей-сөйлей шешен боларсын
Жеті жұрттың тілін біл- Жеті түрлі білім біл
4.Кезең Полиглот ( жауап 3 тілде )
Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау- Жұмыртқа
Аяғы жоқ жүреді, сылық-сылық күледі- Су
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін- Карта
Тілі барда үні жоқ, өзін адам түсінген,
Жүрегі барда қаны жоқ, сөйлеп туған ішінен- КітапАспандағы алып доп, жарқырайды жарық боп- Ай
Өзі-қазық , өзі азық- Сәбіз
Әр түстің сәні бар, аумайды гүлдерден,
Қанаты бар жаны бар, айтпаймын білгенмен- Көбелек
Кішкентай ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар- Орамжапырақ
5.Кезең Даналық ойдан дән ізде (шығармашылық жұмыс)
1. Ана тіліне арнап 5 жолды өлең құрастыру
Ана тілім - ұраным,Ана тілім - құралым.Ана тілім болмаса,Болмас еді жыр - әнім.
2. Жанкүйерлерге арналған сұрақтар:
Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?Қандай адам өз тілін құрметтейді?Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
Жеңімпаз болған ойыншыларды құттықтаймыз.Биік белестерден көріне беріңіздер!