?аза? тіліні? білгірі интеллектуалды ойын


Арқалық қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы гимназия
Байшева Альмира Асылхановна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
"Тіл білгірі" сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы .

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

-Құрметті ұстаздар және оқушылар ! Бүгінгі "Тіл білгірі" зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызда ана тіліміздің қанша - мықты көркем, әдемі тіл екенін дәлелдегіміз келсе, барлық сайыскерлер жақсылап ат салысайық дегім келеді.
Мәңгілік дана сөзбен жасар адам,
Сүйектен өтетін тіл аса қатаң.
Бұл тілде желмаямен жортып келіп,
Кемеңгер кеңес берген Асан атам.
Мәңгі өлмес, мейлі зулап өтер заман,
Жирендей дария шешен бабам,
Қазыбек, Төле, Әйтеке – ердің құнын
Екі ауыз сөзбен шешкен мына бабам!
Бүгінгі сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру» - екі топ өздерін таныстырады, топ аты, ұраны, эмблемасы
2. «Зымыран сұрақтар» бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі
3. «Жүйрік болсаң шауып көр» Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөз бойынша мақалды құрастырып, мағынасын түсіндіру.
4. «Тапқыр болсаң тауып көр» әдеби сөздердің тура мағынасын ашып түсіндіретін қарсы мәндес сөздерді дәл табуымыз керек.
5. «Ыбырай тағылымы» Ы. Алтынсарин атамыздың шығармаларынан үзінді
6.«Поэзия сәті» өлеңнің соңғы жолы беріледі соған өлең ұйқастырып құрастырамыз. Отан, ел, туған жер туралы өлең шығару
Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Олай болса бүгінгі біздің сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Директордың Ғылыми әдістемелік орынбасары Коныршина Ерсин Сериковна
2.Қазақ тілі мен қоғамтану кафедрасының меңгерушісі Әлиасқарова Мейрамкүл Қуанышбекқызы
3.
Жүргізуші:Ғылымның сырын ұғынаШығыңдар білім шыңынаҰқыптылық пен зеректік,Жеткізер сіздердей өрендіЖеңістің мынау шыңына - дей келе сайыскерлерімізге сәт - сапар тілейміз.
Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады.
Олай болса, 1-кезең «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырады: топ аты, ұраны, эмблемасы
2-кезең: «Зымыран сұрақтар»
Мықты болсаң -  алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп сайысымыздың екенші кезеңіне өтеміз. Шарты: бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І топ
1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)3. Кітапты басынан-аяғынан дейін оқыды. Сөйлемдегі зат есім қандай қызмет атқарып тұр? (Толықтауыш)4. «Ұзын» сөзінің антонимі? (қысқа)5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? Қай жылы жарық көрді? 
ІІ топ
1. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)3. Басқа тілден енген сөздер (кірме)4. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)5. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)6. Балалар әдебиетінің атасы кім? Қай жылдар аралығы өмір сүрді?
7. Айнұр мектепке дейін жеткенше, біршама уақыт өтіп кетті. «Мектепке»сөзі сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? (пысықтауыш)8. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....9. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)10. Морфология нені зерттейді? (Сөз табын
 
3-кезеңіміз « Жүйрік болсаң шауып көр» деп аталады.
Кезеңіміздің шарты: Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөз бойынша мақалды құрастырып, мағынасын түсіндіру.
Аяқ, батыр, еңбек,көз, шындық    (Көз−қорқақ , қол−батыр)
Адам, құлақ, бас , пәле, шешен       (Басқа пәле тілден)
Ел, күріш, сөз, сәлем, киім  (Сәлем− сөздің атасы)
Ақыл, тіл, ой, көтереді, піл (Піл көтермегенді  тіл  көтереді)
Ер, батыр, дос , намыс, қоян (Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді)
Ел, кісі, ұйқы, сұлтан, Отан ( Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол)
Білім, ақыл (Білім тозбайды, ақыл азбайды)
Тіл, бас (Тіл тас жарады, тас жармас бас жарады)
Еңбек, қарын (Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей)
Алтын, көмір (Аз сөз - алтын, көп сөз - көмір)
Кітап, білім (Кітап білім - бұлағы, Білім өмір шырағы)
Жаңбыр, батыр (Жаңбыр жауса - жер ырысы, Батыр туса - ел ырысы)
Дос, ақыл (Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды)
Гүл, қыз (Гүл өссе, жердің көркі, Қыз өссе, елдің көркі)
Жүргізуші:
Көп жасаған қария.
Ақылы теңіз - дария.Көп өнеге сөзі бар,Сөзі соқпақ, өзі нәр.Ата салты ардақты,Әрбір сөзі салмақты,Сол сөздерді ұқпасаң,Тістерсің бір күні бармақты - дегендей 4-кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. Кезеңіміздің шарты: Мұнда біз кейбір әдеби сөздердің тура мағынасын ашып түсіндіретін қарсы мәндес сөздерді дәл табуымыз керек.І топ
1.Қас пен көздің арасында – жылдам2.Ай десе аузы,күн десе көзі бар –сұлу.3. Жерден жеті қоян тапқандай –қуану4. Бір ауыз сөз –көп емес,аз ғана сөз
5.Бір аттам жер –жақын жер6.Екі аяғын бір етікке тығу –састыру7.Екі оттың арасында қалу –қиындыққа ұшырау8.Екі көзі  төрт болу –сағыну9.Үш қайнаса сорпасы қосылмау –мүлде бөлек10.Төрт құбыласы тең –болып-толу,еш нәрсеге мұқтаж емес
 
ІІ топ1.Бес саусағындай білу –жатқа білу,жетік білу2.Маңдайының бес елі бағы бар –бақытты, ырысы тасыған3.Алты аласы,бес бересі жоқ –ешбір қатынасы жоқ4.Жеті жұрт –көп ел5.Сегіз қырлы,бір сырлы –өнерлі6.Он саусағынан өнер тамған –өте шебер7.Қол үшін беру, Қанатымен су себу,Атсалысу –көмектесу8.Беті шыдамау,Жерге қарау –ұялу9.Жаны тырнағының ұшына келу,Жаны көзіне көріну –қорқу10.Бөркін аспанға лақтыру,әйелі ұл тапқандай –қуану
Жүргізуші:
Атамыз білім дәнін болған екпек,
Оқытып балаларды білім сеппек.
Қазақтың кең даласын жарық қылған,
Атамыз Ыбырайға мың рахмет, дей келе,
5-кезең «Ыбырай тағылымы» деп аталады. Шарты: Ы. Алтынсарин атамыздың шығармаларынан үзінді беріледі. Сіздер қай шығармасы екенін табуларыңыз керек.
« - Жылағанмен еш нәрсе өнбес, Көшкен ауылды іздеп табалық». Бұл қай әңгімесінен алынған? (Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі)
«Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын, Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын? Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын». Қай өлеңінен алынған? («Ананың балаларын сүюі» өлеңі)
«Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы».Қай әңгімесінен алынған? («Бақша ағаштары» әңгімесі)
«...Аты жоқ құр арбаныМың шақырым жерлерге,Күн жарымда барғызды.Адамды құстай ұшырды;Мал істейтін жұмыстыОт пен суға түсірді;Отынсыз тамақ пісірді,Сусыздан сусын ішірді». Мына үзінді Ы. Алтынсариннің қай өлеңінен алынды? («Өнер-білім бар жұрттар»)
«...Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап...» Үзінді қай өлеңінен алынған? («Кел,балалар, оқылық!» өлеңі)
«- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима. - Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін деді Злиха - Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен». Үзінді қай әңгімеден алынған? («Асыл шөп» әңгімесі)
Жүргізуші:
6-кезең «Поэзия сәті»деп аталады. Шарты: өлеңнің соңғы жолы беріледі соған өлең ұйқастырып құрастырамыз. Отан, ел, туған жер туралы өлең шығару
----------------------- сүйемін,---------------------- өлеңім.---------------------- асыр сап---------------------- келемін.
………………………….көңілді,
………………………….төгілді,
………………………… құлпыртып,
…………………………өмірді.
Жүргізуші:
Ойыншыларымыз дайындалып болғанша, көрермендермен ойын ойнайық:
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? ( түйеқұс ұшпайды).
Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаев қашан сайланды? 1991 жылы 1 желтоқсанда.
«Невада – Семей» қозғалысы қай жылы басталды? 1989 жылы.
«Тіл туралы» Заң қай жылы қабылданды? 1989 жылы 22 қыркүйекте.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл? 25 жыл
Бір жылда қанша айдың 28 күні бар? 12 ай
Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай жіктеледі? (ашық, қысаң)
Шырай категориясы тән сөз табы. (сын есім)
Айтылуы әр түрлі , бірақ мағыналары бір- біріне жақын сөздер. (синоним)
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай жіктеледі? (жуан, жіңішке)
Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай атауға болады?(Мысық) 
Тауық түс көре ме?(Тауықтың түсіне тары кіреді) 
Сайысты қорытындылау.
Жүргізуші:
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады», демекші, бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Демеңіз біз өнерді аяп келді,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,
Осыменен сайысымыз аяқталды! Келесі кездескенше сау болыңыздар!