Презентация по казахскому языку на тему “БЕЙНЕЛЕУ ?НЕРІ П?НІНДЕ О?УШЫЛАРДЫ ШЫ?АРМАШЫЛЫ??А Ж?НЕ ЭСТЕТИКАЛЫ? Т?РБИЕГЕ БАУЛУ”


Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Құрманғазы атындағы
саз колледжінің кескіндеме,
сурет пәндерінің оқытушысы
Тулепова Мөлдір Мақсотқызы
“БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ”
Эстетика грек сөзі. Грекше «эстетика» деген сөз сезімталдық және қоғамдық иделогияның, айрықша бір көркемөнердің заңдарын және категорияларын зерттейтін ғылым деген ұғым береді. Эстетика - өмірді сезім арқылы білудің, танудың негізгі жолы .
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз – өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Кейбір мұғалімдер өнер туралы айтқанда, балаға таныс емес күрделі бейнелеу өнерінің түрлерінен бастайды. Бұл секілді баланың психологиялық қабілетімен қабылдау, әрекетімен санаспауы баланың бойында бар қабілетінің топастануына апарып соқтырады. Сондықтан да кейбір сыныптарға барғанда, мұғалім бейнелеу өнері туралы әңгіме айта бастағанда, оқушылар арасында: «тағы да сурет пе?» -деп тыжырынушылық кездеседі. Ертеде бір ғалымға дүниедегі ең қиын нәрсе не дегенде: «Адамның өзін өзі білуі» деп жауап берген екен. Шынында, балаға әуелі өзіне таныс,ұғымды сөздерден, суреттің, картинаның мазмұны туралы қысқаша түсінік бере отырып, сурет өнерінің түрлерімен сатылап таныстырған жөн. Көркем сурет галереясына экскурсияға барып қалған жағдайда, жалаңаш мүсіндер т.б. көргенде ұлдар ұялып, қыздар бетін басады. Сондықтан баланың бетін басып ұялуы өзін қоршаған түсінікке қатысты болғандықтан, оны айыптамай даму заңдылықтарынан хабардар еткен лазым.
Оқушыларда өнер арқылы әсемдікке сүйіспеншілік және ынта тәрбиеленеді, эстетикалық сезім дамиды. Олардың алдында айналадағы формалардың, қимыл-қозғалыстардың байлығы мен сан алуан реңкі ашылады. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстарымен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып жатқан үлкен өзгерістерге үн қосады.
Н.К. Крупская: «Балаға өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуге, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуге көмектесу керек» деп жазды. Шығармалардың мазмұны бай және алуан түрлі болуға тиіс. Алайда әрбір картина балаларға түсінікті бола бермейді: оларда балалардың сезімі мен көзқарасына әлі де түсініксіз нәрселер болуы мүмкін.
Педагог балаларда өнер шығармасына қызығушылықты тәрбиелейді, оларға көңіл аударуға түрткі болады. Бірте-бірте ол эстетикалық қабылдау қабілетін қалыптастырады. Оқушыларда эстетикалық қабылдауды дамыта отырып, олардың назарын тек бейнеленген нәрсенің мазмұнына ғана емес, сонымен бірге образдың терілу формасына, образды әсерлі ететін бейнелеу құралдарына да аударған орынды. Өнер шығармалары арқылы балалар өмір құбылысымен жай ғана танысып қоймайды. Олар әсемдік, жарасымдылық мақсатқа сәйкестілік, әсерлілік туралы түсінік алады, яғни өмірді эстетикалық жағынан меңгеруге үйренеді. Эстетикалық баға беру әдетте адамгершілік ой-пікірді, жақсы-жаманды айыра білуді қамтиды. Эстетикалық қабылдау үшін бейнеленген құбылыстарға мүдделі, толқынысты көзқарас тән.
Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.
Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы  бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы,  бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс.
Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім – саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет болатыны түсінікті.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.
Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді. Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді. Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасы және бейімділігін дамыту. Осған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек. Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдары әдебиет және өнер. Ола зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігірлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте проза, кескіндемеде – жанр, баталия, пейзеж, мүсінде – бюс, музыкада симфония, оратория, ән енгізіледі). Белгігі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.С.Репиннің, В.В.Верещогиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитонның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерімен тәрбиелеудің маңызы зор. Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның ұлттық мәдениетімен әдет-ғұрпы дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек танысуы қажеттігі туындап отыр. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес. Қазақстанда эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт-тұрпатында, қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй жайларында, тіл мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктерімен әдістері көрінетіні даусыз.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Сәндік өнерге тән ерекшеліктер: айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Сән өнерінің әлеуметтік-тербиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығы мен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлерімен сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасындағы еңбек тәрбиесінде негізделген. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күн - көріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатқа: баланы еңбек етуге қабілет икем дағдысын дамытуға, немесе сол негізінде оның бойында халықтық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Балалардың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуда елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықтық тәрбиеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған. Халқымыз тек қана еңбек тәрбиесі емес, әр алуан саладағы тәрбиеге көңіл бөліп оны алуан жолмен берудегі дағдыға енгізген.
Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, бастауыш мектепте бейнелеу өнері жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер қояды. Сурет салуды сүю -өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол мектеп оқушысының ақылын, ойын, парасатын, өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Халық шеберлері ою – өрнек салу тәсілін белгілі – бір ізбен қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою -өрнектердің композицисына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырады. Демек ою -өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде орындалады. Осы халық қолөнерінен туған бұйымдарды көрмелер мен мұражайларға сақтап қана қоймай, оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы қажет.
Бейнелеу өнері –ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген. Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнер.
Сурет салуды үйрету әдістемесінде натюрморт кез –келген ыдыс –аяқтан немесе басқа да затттардан құралады.
Бір жағынан натюрморт қозғалмайды. Сол себептен натюрмортты асықпай отырып қолдың икемділігін жаттықтыруға, түсініп, сызуға және де сурет техникасын жете меңгеруге таптырмайтын құрылым болып табылады. Ал, жануарларды салу,  енді сурет салып, үйреніп келе жатқан оқушыға қиынға соғады. Өйткені олар натюрморт сияқты «өлі зат» емес, үнемі қозғалыста болады.
Жеке тұлғалық даму адам жас ерекшеліктеріне, жеке дара сипаттарына байланысты болғандықтан өнер түрлері арқылы тәрбиелеу, оқыту әдіс-тәсілдері де вариациялы және диффереңциалды қолданыс табады. Мектеп жасында интеллектуалдық-психологиялық даму үрдісі өте өзгермелі және жедел өзгерісте болатындықтан өнер түрлерімен тәсілдері өз табиғатына сай осындай өзгермелі күйде қолдануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп оқушы санасын, рухани әлемін дамытуда олардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сай өнер түрлерінің олардың көркем қызмет процесіне сай келетін түрлері мен материалдары оқыту іс-әрекетіне, процесіне сәйкестендіріп қолдануы жеке тұлғаны қалыптастыруда оңды нәтиже берері сөзсіз. «Тәрбиешілерге осындай педагогикалық вариативтікті тек қана өнер ұсына алады. Өнер ғана осындай ақпараттар масштабын қамтиды. Тек өнер ғана адамның жеке және қоғамдық қызметінің барлық түрлерімен өте тығыз байланыста. Дүниетанымдық проблемалар осындай нақты айқындылықпен өнерде ғана концеңтрацияланады, бұл қосымша дәлелді қажет етпейтін - факт».
Мұнда бала шығармашылық қызметінің өмірде қажеттілігі, пайдалану мүмкіндігі болуы оқушы шығармашылық ынтасын арттыра түседі. Мұндай, оқушы қызметінің мәнділігі мен қажеттілік принципі, оны өмірде қолдану мүмкіндігі, сабақтың вариативтік сәйкестік тәсілдері өнер түрлерінде оқушы қызметінің әр түрлілігімен анықталады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. ‒ Алматы, 1990.
2. Ұзақбаева С.А. Эстетикалық тәрбие негіздері.13 Дәріс. ‒ Алматы, 1991.
3. Аманжолов С. Эстетикалық тәрбие және халықтық бейнелеу өнері. –Қазақстан мектебі. 1990 ж.
4. Әлібеков Ш. Жалпы білім беретін орта мектеп, эстетика пәні бағдарламасы. – Қазақстан мектебі. 1992 ж. №7, 8.