Та?ырыбы: Инновациялы? педогогикалы? технологияны? тиімді ?діс -т?сілдері ар?ылы о?ушыларды шы?армашылы??а баулу


«ӨРЛЕУ»БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ
ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы:
Инновациялық педогогикалық технологияның тиімді әдіс -тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Орындаған:Кадиркулова К.Б
Зраечный ауылы ОМ 12
Алматы,2014
Тақырыбы:Инновациялық педогогикалық технологияның тиімді әдіс -тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Жоспар
I.Кіріспе
Инновациялық педагогикалық технологиялардың ғылыми негізі.
II.Негізгі бөлім
2.1 Инновациялық педагогикалық технологиялардың классификациясы.
2.2 Инновациялық педагогикалық технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру
2.3 Оқыту технологиясындағы инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану ерекшеліктері.
2.4 Оқыту технологиясындағы инновациялық педагогикалық технологияларының негізгі қызметтері.
III.Қорытынды
Оқыту технологиясындағы инновациялық педагогикалық технологияларының маңызы.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.
Қазіргі заманда жиі кезесетін  технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:
№ Технологиялар атауы Авторлары
1 Саралап деңгейлеп оқыту, Оқытудың үшөлшемдік технологиясы ҚараевЖ.А.,Кобдикова Ж.У.
2 Модульдік оқыту технологиясы Жанпейісова М.М.
3 Дамыта оқыту технологиясы Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В.,Зайцев В.
4 Проблемалық  оқыту технологисы Монахов М.
5 Ірі блокпен оқыту технологиясы Шаталов, Эрдниев П.М.
6 Жобалау әдістемесі Дж. Дьюи
7 Сын тұрғысынан ойлау Джинни.Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл
8 Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту) Жүнісбеков Ә.
9 Алдын-ала оқыту технологиясы Лысенкова А.
10 Тұлғалық гумандық технологиясы Амонашвили Ш.
11 Шоғырландырып-қарқындап оқыту
(Концентрированно- интенсивное обучение) Нұрахметов Н.Н.
Абдығалиев К.А.
12 Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы Ғалиев Т.Т.
13 Интерактивті оқыту технологиясы Я.А.Коменский
 Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес
Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.Оқытудың ой – өрісін , дүниетанымын кеңейтеді.Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап, дәлелдейді.Алған білімін талдап,жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.
Тақырыптың жаңашылдығы:XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына » қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары .Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін-тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» Альберт Эйнштейн дегендей мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға екені ұстаз екені де баршаға белгілі. Альберт Эйнштейннің пікірін одан әрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан бұл мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан оқушының өзінің ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды.Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену, сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, меңгереді. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Шығармашылық сабақтар әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Оқушының шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.Өз тәжірибемде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бойынша курстан өтіп, одан алған тәжірибемді қолданудамын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану5. Талантты және дарынды балаларды оқыту6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту», «Қалай оқу керектігін үйрету» деп қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы дилогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою, мадақтау, оқу қортындысын шығару. Оқыту үшін бағалау (формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилар арқылы, ым ишара арқылы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады.Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады.Жас ерекшеліктеріне сәкес оқыту да бұл модульмен тығыз байланыста.Көшбасшыны анықтау өткізетін кез-келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады.Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез – келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға болады. Өзім өткізген сабақтарда оқушыларым топқа бөлінуге қалыптасты, постер арқылы қорғауға үйренді, интертақтамен сабақ көруге дағдыланды, бағалау түрлерін пайдалана білді.Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау үшін мынадай тест құрастырдым:• Мен білуге тырысамын.• Мен өз қабілетіме сенемін.• Өз пікірімді толық жеткізуге тырысамын.• Сабақта кездесетін кедергілерді жеңуге тырысамын.• Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.• Өзімді бағалауға дағдыланамын.• Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.• Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.• Жақсы нәтижелерге жетемін.• Жауапкершіліктен қорықпаймын.
5-ия, 4-көбінесе, 3-кейде, 2-білмеймін, 1-жоқ
Оқушылар жалпы ұпай санын есептеп шығарады. Егер сізде 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз. 36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз. 14-35 ұпай өзіңізді мүлдем дамытпайсыз. Тест нәтижесінен оқушылардың 20 пайызы 45-ұпайдан жоғары, 48 пайызы 36-44 ұпай жинаса, 32 пайызы 14-35 ұпай жинады.Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.• Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;• Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;• Оқуға ынта-ықыласы артты;• Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;• Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;• Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;• Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді:Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.
Оқыту технологияның ерекшеліктері:
- Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
- Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
- Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
- Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез - келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс - әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс - әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс - әрекет дейді.Іс - әрекет үйрену репродуктивтік іс - әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдердің қолданып жаттығулар жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқанда дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс - әрекетті продуктивті (өнімді) іс - әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір - бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс - әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В. П. Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
1 – деңгей (оқушылық) – репродуктивтік іс - әрекеттің ең қарапайым түрі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
2 - деңгей (алгоритмдік)- репродуктивтік іс - әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:
Құбылыстың сыртқы белгілері.
Ол өткен кездегі жағдай.
Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
3-деңгей (эвристикалық)
4 – деңгей (шығармашылық)
Шығармашылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндеріне қорғалатын білімдік өнімдердің 3 түрі бар. Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, ереже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, қойылым, сценарий, газеттің мазмұны. тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. 1.2 Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен  танымдық қабілеттерін арттыру Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының  бірі –деңгейлік саралау  оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені,  оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды.
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1.     Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.     Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.     Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
   Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
4.     Оқушының  жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-         Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-         Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;
-         Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының  білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
    Біріншіден- дамыта оқытуда  білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
  Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.
   Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1.     Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2.     Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3.     Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4.     Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5.       Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6.     Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7.     Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:
1.     Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2.     Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.
3.     Бала  іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4.     Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5.     Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6.     Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.
   Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.
1.     Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.
2.     Келесі сабақтың моделін жоспарлау.
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін  таңдау.
3.     Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың  іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
4.     Рефлексия.
Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.
Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:
-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.
  Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
3. Ж.Кобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
4. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
5. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
6. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.5. Педагогика. - Алматы, 2003.
7.К.Ш.Жолжаксынова Окыту технологиялары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және өлшеу механизмі/ Алматы, 2013