К?ні: 4.10.2016ж Та?ырыбы: Тікт?ртб?рыш Ма?саты: Білімділік: Тікт?ртб?рыштарды? белгілерін, ?асиеттерін білу. Дамытушы?: есте са?тау, зейін ?ою, ?зіндік ойлау ?абілеттерін дамыту Т?рбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну ?асиеттерін бойы


Күні: 4.10.2016ж
Тақырыбы: Тіктөртбұрыш
Мақсаты:
Білімділік: Тіктөртбұрыштардың белгілерін, қасиеттерін білу.
Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында
тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Үй жұмысын тексеру /тақтамен жұмыс/
1.Параллелограмның қандай қасиеттерін білесіңдер?
2.Параллелограмның барлық бұрыштары сүйір болуы мүмкін бе?
3.Параллелограмның тек бір ғана тік бұрышы болуы мүмкін бе?
4.Параллелограмның бұрыштары арасында қандай байланыс бар?
3.Жаңа тақырыпты игерту. Тік төртбұрыштың суретін салып, элементтерін атау.Анықтама беру. Бастауыш сыныптан белгілі формулаларын қайталау.
3. Жаңа материалды меңгерту
Анықтама: Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш деп атайды.
5 теорема: Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады.
6 теорема: (5-теоремаға кері теорема) Егер параллелограммның диагональдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
4.Есептер шығару кезеңі:
№32 №33 №35 №36
5. Бекіту кезеңі
1.Тік төртбұрыш дегеніміз не?
2.Тік төртбұрышқа қандай анықтамалар беруге болады?
ПТ.Көз мөлшерімен тік төртбұрыш салыңдар(қабырғалар дәптер сызықтарына параллель болмасын).Сызбаның дұрыстығын өлшеу жұмыстары арқылы және тік төртбұрыштың қасиеттері арқылы тексеріңдер.
Үйге тапсырма: /оқу/, есеп №34,40
Қорытындылау, бағалау