Автор: Кульбаева Дана Торебековна Шы?армашылы? кеш информатика п?нінен 5 сыныптар?а Та?ырыбы: «?ажап ?лем»


Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп гимназия күніне орай
«Физика және Информатика күні» атты іс-шара
Шығармашылық кеш
«Ғажап әлем»
Жетекші: информатика пін мұғалімі Кульбаева Д.Т.
Сыптар: 6 «Ә», 6 «Б», 5 «А», 5 «Ә»
Автор: Кульбаева Дана ТоребековнаШығармашылық кеш информатика пәнінен 5 сыныптарға
Тақырыбы: «Ғажап әлем»
1: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Ғажап әлем» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2:Жан достарым, мұны жақсы ұғайықИнформатика, құрметтеуге лайықТартысайық сайыста, күш жігерменТартысайық қимас біз, дос көңілмен - деп 1 – кезең. Дешефратор ойынын бастайық. Әр дұрыс жауапқа 1 стикерден беріледі.
1.
І командаға1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)13. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)14. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)15. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)2.
ІІ командаға1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)11. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)12. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)13. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)14. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)15. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
1:Ең қиынын жарыстыңЖеңіп алда жарыссың - деп «Адасқан әріптер» ойынын ойнайық.Монитор --------- ТорнимоКомпьютер -------- ПьютеркомТышқан ------------ ҚантышКолонка ---------- КаколонИнтернет --------- ТенинтерСурет --------- ТерусБояу -------- УяобНаушник --------- Никнауш
2. «Болашақ компьютер» видео бейнесін тамашалайық.
Осы көрген бейне әсерімен әр топ алдарыңыздағы плакатқа өз « Болашақ компьютер» бейнесін түсіріңіздер.
1:Көңілді ойын жасайықЖұмбақ шеруін шашайықМұнда қызық табыларҚиын жұмбақ бәрі барБүгінгі кеште біз бастайық,Сайыста көңілмен қол соғайық – деп «Жұмбақтар шешейік»Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар көрсетер затым бар.Кілемше үстінде тұрамын,Ең қажетті құралмын... (тышқан)2:
Жұртты өзіне қаратқанАқпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)1: Мәліметті сұраған,Экранға шығарған....(монитор)
2:
Егер білсең, айта қойшыБұл қандай құрылғыАқпаратты қағаздағыКомпьютерге енгізеді....(сканер)
1: Бір сарайда тұрады екен,Бес атаның балалары.Қыдырмашы біреуі,Бір күн бар да, бір күн жоқ.Соны есепке алсақ.Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)
2:Бұтақ орнында мың бір инесіКомпьютер жаны мекені...(кактус)
1: «Компьютерлік вирус» көрінісін тамашалайық.
2. Білімдіден шығар алғыр, шешенШешендікпен болған ғой барлық көсемСайра шәкірт, суырыл, шарықташыҚалмасын бұл жарыста сенің есең.Келесі сайыс түрі - «КӨКПАР» Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған оқушы мақтайды, келесі көк алған ойыншы даттайды.
1:
Ортаға Барлық көрермендерді сергіту сәтіне шақырамыз.
2:
Ойың ұшқыр болса – шын,
Тапшы қане жауабын –деп «Логикалық сұрақтарға» кезек берейік.Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 стикердан беріледі.1-топ
• Елеуішпен су әкелуге бола ма?• Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша?• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
1:
2-топ
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. неше стакан қалды?• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?•Екі велосипедші қарамақарсы бағытта 6 км жол жүріп, оңға бұрылып, тағы 3 км жол жүрді. Екі велосипедшінің арақашықтығы қанша?
2:
Екі топқа берілген «Болашақ компьютер» тақырыбына берілген плақаттарды қорғауға шақырамыз.
Жеңімпаз топқа тағы бір стикер беріледі.
Қорытындылау: Әділқазылар әр топтың стикерлерін санап, жеңімпаз болған топты жариялайды.
1: Көңіл бөліп бұл кешке,
2: Келгендерге көп рахмет!
1: Шын сезінген көрермендерге,
1,2: Мың рахмет, мың рахмет!