?аза? тілінен ?аза?ша сайттар та?ырыбына саба? жоспары. 7 сынып


7 сынып Қазақ тілі 5.12.16 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақша сайттар
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушылардың өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу. 
Дамытушылық:тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу, сөздік қорын молайту 
Тәрбиелік: Мемлекеттік сайттарға деген қызығушылықты арттыру. 
Сабақтың түрі:жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі:ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, топпен жұмыс, 
жеке жұмыс. 
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: 
оқулық,  кестелер,
                                            Сабақтың барысы. 
І. Ұйымдасыру кезеңі:  
ә) оқушылармен амандасу, түгелдеу: 
б ) оқушылар назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 
а) жатқа берілген сөздерді жалпылама сұрап, сол сөздермен сөйлем құрату; 
ә) жазба жұмыстарын пысықтау.                                   Тіл дамыту үшін сұрақтар: 
1.Сен қазақ тілінде электрондық хат жаза аласың ба? 
2. Электрондық поштаң бар ма? 
3.Электрондық поштаның қандай пайдасы бар? 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
1. Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру. 
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ тілі сайттары. ». 
Қандай қазақ сайттарын білесіңдер?
3. Мәтінмен жұмыс. Әр топ өзіне берілген мәтіннің бөлігін түсініп оқып, орыс тіліне аудару.Мәтіннен интернационалды терминдерді теріп жазу. Мағынасын қалай түсінетінін айту. Сөз тіркестерін құру.
Астанадағы «Қазмедиа» орталығында қазақ тілді сайттардың алғашқы конференциясы өтті. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Аbai.kz», «Аlash-orda.kz» ақпараттық орталықтары мен «Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен болған шараға қазақ тілді сайттардың редакторлары мен үйлестірушілері, интернет-журналистика мен ақпаратттық техноголия салаларындағы блогерлер мен мамандар, мемлекеттік органдардың өкілетті өкілдері қатысты.
Осыдан 1-2 жыл бұрын қазақ блогерлерінің құрылтайы өткен болатын. Енді, міне, қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы болып отыр. Бұл қазақ тілді интернеттің дамып келе жатқанының
белгісі.
4. Сөздік жұмысын жүргізу.
ақпараттық орталықтары - шара- құрылтай-
5 . Өздері білетін қазақша сайттар туралы мәлімет беру.(интернет ресурсын пайдаланып)  
6.Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. 
І деңгей 
1. « Қазақ тілі сайттары» тақырыбында диалог құрастырыңдар. 
2. Төмендегі сөздерді салыстырмалы, күшейтпелі шырай жасаңдар. 
                                     Ұзақ, жиі, қызықты. 
ІІ деңгей 
1. Білім туралы 3 мақал жазыңдар. 
2. Төмендегі сөздерді аударыңдар. 
Үнемі,тәулік, ақпарат, теледидар, маман, үйлестіруші, торап, желі,байланыс,халықтық. 
ІІІ деңгей 
1. Келесі сөздермен сөйлем құрастыр. 
Отыр, ғаламторда, қолданушылар. 
Сурет, салды, оқушылар. 
Жазамын, мен, хат, ғаламторда. 
Сен,интернет,пайдалан, кітапханасын. 
ІҮ. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма.Қазақша сайтқа тіркелу тәсілін айту.