?аза? тілінен Тіл к?рнектіліг та?ырыбына саба? жоспары. 11 сынып


Мерзімі: 22.02.16 жыл Қазақ тілі 11 сынып
Тақырыбы:Тіл көрнектілігі.
Мақсаты:
1.Шығармаларды көркемдік ерекшелігіне қарай талдауға жаттықтыру.
2.Ой алғырлыєы мен ойын бейнелеу нақыштарын, ойлау қабілетін арттыру. 3.Ата мұраны құрмет тұтып, өз пікірін көркемдеп жеткізіп, ойын түйіндеп айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгендеу
2.Үй тапсырмасын сұрау,өткен тақырыпты бекіту
ІІ.Жаңа сабақ
Тіл көрнектілігі туралы мәліметті оқулықтан алып, қорытынды жасау.
Троп пен фигураны салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табу.
Мысалдар келтіру.
59 – жаттығу, Шешендік сөздердегі теңеулерді тауып, қандай жолдарман жасалғанын түсіндіріңдер. Теңелген нәрсе мен теңелуші нәрсені тіркестіріп жазыңдар.
60 –жаттығу, 67 бет. Билер сөзіндегі метафораларды табыңдар. Метафораларды метафораланған сөздерімен сызықша арқылы теріп жазып, сөздерді тұлғасына қарай талдау.
Қайрат –қыран Қайғы –жылан жылау – азап
Жер –байлық ел –халық
61 –жаттығу, 68 бет. Метафора, теңеу, эпитет табыңдар.
ІІІ.Бекіту.
1.Берілген сөздерді түр – түріне (теңеу, метафора, кейіптеу, эпитет, метонимия, синекдоха) қарай ажыратып жазыңдар.
Жас балаша қуанып, бейне арыстан, бірлігі кеткен ел, кішкентай жүрек, шаңыраққа қара, ауыл ұйқыда, қаламы жүйрік, басқан жері сықырлап келіп қалды, әйнегі – күн, шатыры – аспан.
ІV. Үйге тапсырма: 62-ж., 69 бет Көркемдік ерекшелігіне қарай талдау.
V.Бағалау.