?аза? тілінен Біз мемлекеттік тілде с?йлеймізта?ырыбына саба? жоспары. 7 сынып


7 сынып Қазақ тілі 29.09.16 жыл
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама « Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз.» 120 - 140
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды шығармашылық қабілеттерін бекіту.
2.Тәрбиелік: туған тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.
 Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген.
Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.
 22 қыркүйек - Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.
 Мазмұндау жоспары:1. Қазақ тәуелсіздігінің белгісі –тіл.
2. Қазақ тілі – көркем,бай тіл.
3. Тілдер мерекесі.
4. Қазақ тілін меңгеру.
Сөздік жұмысы:
Өркендесе
Көркем
Көзінің қарашығындай
ІV. Сабақтың аяқталуы.