Д?ниетану саба? жоспары Жауын-шашын.Суды ?ор?ау. (3 сынып)


Пәні: Дүниетану
Мұғалімі: Медеубаева Н.Д.
Күні: 15.12.15ж
Сыныбы: 3 «Ә»»
Тақырыбы Жауын-шашын .Суды қорғау
Мақсаты Жауын-шашынның пайда болуы және тіршілік үшін маңызды екенін түсіндіру. Су ресурстарын қорғау жолдары жайлы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже 1)Жауын-шашынның бірнеше түрлерін салыстырып, оның қалай қалыптасатындығына жорамал жасау.
2)Жауын-шашынның ауа температурасын тәуелділігін анықтау.
3)Мәтіндегі жұмбақтармен өз білімдерінің сәйкестілігін тексеру.
4)Ауыз су ресурстарын және көздерін атап шығу.
5)Суды қорғаудың қажеттілігін анықтау.
6)Топ арасында суды қорғаудың эмблемасын жасайды.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Кім жылдам, Жигсо, миға шабуыл, ББҮ кестесі, топтастыру, ыстық орындық
Қолданылатын ресурстарА3 форматы, маркерлер, стикерлер, интербелсенді тақта
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу кезеңі Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.
Психологиялық дайындық
Оқушыларды 5 топқа бөлемін
I топ «Жаңбыр»
II топ «қар»
III топ «бұршақ»
IV топ «қырау»
V топ «шық» болып бөлінеді Мұғаліммен сәлемдеседі.
Шеңбер құрып, психологиялық ахуал жасайды.
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық! Мұғаліммен сәлемдеседі.
Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты.
Сабақ кезеңдері ТапсырмаМұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылық
тарын оятуҮй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл»
Жеке жұмыс
Жұмбақты шешіңдер. Табиғаттағы су. Бұлт және тұман -Мазмұнын сұрау
-Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? Бақылау, қорытынды жасау.
Жұмбақты шешіңдер.
Жалт-жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді.(Қар)
Жерге тырс-тырс тамады, Сайға қарай ағады. Шешуін кім табады.(Жаңбыр)
Аспаннан әлек салып, Тарыдай шашылады. Күн шықса қорқып қалып, Жылғаға асығады.(Бұршақ) Сендер білесіңдер ме, не үшін бір күні жаңбыр жауса, екінші күні қар жауады?Мұғалім берген тапсырманы орындау,
әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді
Түсіну «ББҮ кестесі» әдісі
Электронды оқулық Оқулықпен жұмыс.
1)Сен қалай ойлайсың, жер бетіндегі ауыз су жеткілікті ме?
2)Суреттерге назар аудару. Суды ластайтын көздерді анықтау. Судың ластануы туралы әңгімелесу.
3)Суды қорғау белгілерімен танысу.Тісті тазалау туралы практикалық жұмыс.Тісті тазалағанның өзінде суды үнемдеуге болатындығына көңіл бөл. Суды үнемдеу жолдары туралы әңгімелесу.
1)Мәтінді оқу. Оқығанды талқылау.
-Қандай табиғи құбылыстарды білесіңдер? (жаңбыр, қар, бұршақ, мұздақ жауды, күн бұлттанады, тұман түседі)
-Бұлар қалай пайда болады?
Төрт топқа тапсырмалар беріледі, яғни Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
«ББҮ» кестесіні білемін бөлігін толтырады.
1-ші топ Жаңбыр
2-ші топ Су
3-ші топ өзен
4-ші топ көл
5-ші топ қар
Білетіндерін кестеге түсіреді
Мультимедиялық тақтадан жаңа сабақ түсіндіріледі.
Қолдану Оқулықпен жұмыс
«ЖИГСО әдісі» пайдаланамыз
Жұппен жұмыс
«Ыстық орындық» әдісі Жаңа сабақты төрт бөлімге бөліп 4 топқа оқыту. Жұптар өзара бір- біріне түсінгендерін айтып талқылайды.
Топ ішінен бір оқушы шығып ыстық орындыққа отырып түсінгенін ортаға салады. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді.
Қазақстанда 85 мың өзен бар. Жазық жердегі өзен баяу ағады. Тау өзенінің ағысы қатты болады.
Дәптермен жұмыс Су- табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі Оқушылар дәптерлеріне берілген тапсырманы сауатты орындайды.
Сергіту сәті Ал, қазір денемізді сергітіп алайық. Ол үшін «Жаңылыспай қайтала» ойынын ойнаймыз. Мен айтқан сөздермен қимылдарды орындаймыз. Күн күркіреді(Аяқпен еденді тарсылдату)
Найзағай жарқылдады(Қол шапалақтау)
Жаңбыр жауды (Партаға саусақтарымен тықылдату).
Жаңбыр басылды, күн шықты(Дөңгелетіп күнді көрсету). Қимылды тез-тез қайталайды.
Сонымен, біз жаңа табиғаттың қандай құбылыстарын бейнеледік.
Жаңбырдың жаууын.
Талдау Сыныптық жұмыс
Шығармашы
лық тапсырма
«Тақырыпты біз былай түсінеміз» (кітап,суретпен жұмыс) -Жердегі тіршілік сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты екенін әңгімеле.
-Суретте қандай бұлттардың түрлері бейнеленген? Одан қандай жағдайларды күтуге болады?
Су анасы - бұлақСусыз жер - нусыз жерСу жүрген жер берекеСу ішкен құдыққа түкірмеСудың да сұрауы барӨзен жағалағанның өзегі талмасЖаңа білімді меңгерту Берілген тапсырманы уақытылы орындау,
Өз ойларын толық жеткізу
Бір бөлке нан болатын бидайды өсіруге 200 л су қажет.Бір литр мұнай алу үшін 10 литр су қажетБір тонна көмір өндіру үшін 6 тонна су, 1 тонна мақта өсіру үшін 200 тонна су, 1 тонна мыс өндіру үшін 5000 тонна су қажет.
Жинақтау Топпен жұмыс 1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы.(Дәптерге жаздыру)2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді.Көлдер тұщы немесе тұзды болуы мүмкін.Қазақстанда тұзды көлдер:Каспий, Арал, Балқаш - жартылай тұщы, жартылай тұзды.Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оларды жасанды көл дейді.Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді. Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.6) Суды қорғау. Адам тәулігіне ішуге 2 - 3 литр су жұмсайды.Басқа қажетіне 10 литрден асады.Жер бетін үштен екісін су алып жатқанымен су жетіспейді. «ББҮ» кестесінің білдім бөлігіне берілген тапсырмаларын жазады.
1-ші топ Жауын шашын түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық және қырау.
2-ші топ Судың қасиеті: мөлдір, түссіз, иісі және дәмі болмайды.
3-ші топ Бұлт түрлері: шарбы бұлт, будақ бұлт және қабат бұлт
4-ші топ Судың күйлері: сұйық, қатты және газ тәріздес
1. Күн суытқанда су неге айналады? а) Бу ә) Ауа б) Мұз 2. Судың қасиетін белгіле. а) Қатты ә) Мөлдір б) Қант3. Судың сұйық күйін белгіле.А) Мұз ә) Су б) Бу 4. Жауын - шашын түрі:А) бұршақ Ә) тұман Б) бұлт5. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:А) шарбы бұлт Ә) будақ бұлт Б) қабат бұлт Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді
Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су
Судың ластануы: Көң, Жануарлардың өлекселері, Қоқыс, Күл төгу
(Проблемалық жағдай туғызу)- Неге деп ойлайсыңдар? Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау.Мұғалімнің әңгімесі.Судың жетіспейтініне екі себебі бар:1) 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суы, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді.2) Адам суды табиғаттан таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады.Су қоймаларын қорғау туралы Заң қабылданған:Заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек. - Проблемалық тақырып.- Егер сен табиғатты қорғау министр болсаң не істер едің?
Бағалау Бағалау критер Бағдаршаммен, бағалау парақшасы бағалау Өзін өзі және топпн бағалайды
Үйге тапсырма Жауын-шашын Суды қорғау «Жауын-шашын Суды қорғау» мазмұндау Күнделікке жазып алады
Рефлексия Стикерлерді толтыру«ББҮ» кестесінің үйренгім келеді бөлігін оушылар стикерге жазып іледі Ұсынылған стикерді толтыру