Б?лт ж?не т?ман, жауын — шашын саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы:Бұлт және тұман, жауын - шашын.
Сабақтын мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға бұлт, тұман, жауын-шашын туралы ұғымдарды түсіндіріп, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, таратпа материалдар, тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың әдіс тәсілі: Әңгіме, сұрақ - жауап, көрнекілік.
I.Ұйымдастыру кезеңі: А) амандасу.Б) түгендеу.
II.Негізгі кезең
А) мазмұндау.Б) сұрақ - жауап.В) таратпа карточкамен жұмыс.
2. Жаңа білімдерді беру.
А) кіріспе әңгіме.Б) түсіндірме әңгіме.В) көрнекілікпен жұмыс, оқулықпен жұмыс.Г)жаңа сабақты бекіту
Дәптермен жұмыс, сұрақ жауап
III. Қортындылау кезеңі. А) үйге тапсырма беру.Б) бағалау.
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасуОқушыларды түгендеу
II.Негізгі кезеңҮй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан үйге берілген тақырыпты сұрау.
Мазмұндау 5-6 бала Жаңа сабақтың 80-85, беттері.
Бұлт және тұман
Күн жылуының әсерінен өзен, көл, теңіз бетінен су үнемі буланып жатады.Неғұрлым ауа температурасы жоғары болса, соғұрлым су көбірек буланады. Су бетінен көтерілген бу ауаға араласып, көрінбей кетеді.Оның әрі қарай қандай өзгеріске ұшырайтынын білу үшін тәжірибе жасайық.
Тәжірибе. Қайнап жатқан шәйнектің буының үстіне салқын су құйылған табақша ұстаңдар. Біраздан кейін табақшаның түбінде су тамшылары пайда болады. Тамшылар қайдан келді? Олар табақшаның түбіне жанасқан бу салқындағанда бөлініп шыққан су.
Бұл тәжірибе су буы салқындағанда қайтадан сұйық күйге өтетінін көрсетеді. Ауа екі түрлі жағдайда: тікелей жер бетінде немесе біраз биіктікте салқындайды.
Көктемде немесе күзде оңтүстіктен соққан жел жылы ауаны айдап алып келеді. Жылы ауа қар немесе тоңазыған топырақ бетімен жанасқанда салқындайды да, су булары су тамшыларына немесе мұз түйіршіктерінің шоғырлануынан жер бетіне тұман түседі.
Жер бетінен жоғары көтерілгенде де ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларын немесе мұз түйіршіктерін бөліп шығарады. Олар шоғырланып бұлтты құрайды.
Пішініне қарай бұлт бірнеше түрге бөленеді.
Шарбы бұлт өте үлкен биіктікте (6 км) ұсақ су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналады.Олар ақ түсті, нәзік шілтерге ұқсайды. Шарбы бұлттан жауын шашын жаумайды.
Будақ бұлт түтіліп, үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар сұрғылт түсті келеді. Олар біріге келе түнеріп, будақ жаңбыр бұлтына айналады. Одан жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауады.
Қабат бұлт тұманға ұқсас, төмен жүретін қабат бұлт аспанды түгелдей торлап алады да, одан ұзаққа созылған ақ жауын жауады.
Сұрақ – жауап.
Бұлттарды бақылап көрдің бе? Онда қандай жануарлар бейнесі көрінеді?
Бұлттардың пайда болуына адамдар әсері ете ала ма? Өз пікіріңді дәлелде.
Жауын – шашын.
Желдің әсерінен және күн көзінің жылуынан су қоймасындағы субуланады. Өсімдік жапырағынан да су буланады.
Жер бетінен көтерілген бу салқындап, су тамшыларына айналады. Бұлтты құрайтын су тамшылары бір бірімен бірігіп аударлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.
Кейде жер беті қатты қызығанда ауаның жоғары өрлеген күшті ағыны пайда болады. Жаңбыр бұлты мұндай жерге тап келсе, одан бөлінген су тамшылары қайтадан жоғары көтеріліп кетеді. Үлкен биіктікке жеткенде су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады да, үлкейе түседі. Соның нәтижесінде бұршақ жауады.
Бұршақ шаруашылыққа үлкен зиянын тигізеді. Жаңа шығып келе жатқан егінді қиратып, жеміс ағаштары мен бұталарының гүлін, жемісін қағып түсіреді. Ол малдың жас төлі мен үй құстары үшін де қауіпті.
Бұршақ түнерген қара бұлттан жауады. Қыста үлкен биіктікте су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір біріне жабысып, қар ұлпасына айналады.
Жаз айларында күндіз булану күшті жүреді де, ауаға су булары көп жинақталады. Бұлтсыз, ашық түнде жер беті күндіз жинаған жылуынан тез айырылып, салқындап кетеді. Бұл кезде әлі де жылы қалпын сақтаған ауа салқын жер бетімен жанасқанда су тамшылары пайда болады, яғни шық түседі. Күзде және қыста осындай жолмен қырау пайда болады.
Сұрақ – жауап.
Өз сөзіңмен жауын шашын түрлерін әңгімелеп бер.
Қар немесе жаңбырдың жаууы неге байланысты?
Дәптермен жұмыс.
Бұлт және тұман, жауын – шашын.
Шарбы бұлт өте үлкен биіктікте (6 км) ұсақ су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналады.Олар ақ түсті, нәзік шілтерге ұқсайды. Шарбы бұлттан жауын шашын жаумайды.
Будақ бұлт түтіліп, үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар сұрғылт түсті келеді. Олар біріге келе түнеріп, будақ жаңбыр бұлтына айналады. Одан жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауады.
Қабат бұлт тұманға ұқсас, төмен жүретін қабат бұлт аспанды түгелдей торлап алады да, одан ұзаққа созылған ақ жауын жауады.
Қорытынды: Сонымен балалар бүгінгі сабағымызды қортындылайық.
Бағалау. Үйге тапсырма беру: оқу, мазмұндау.