Дене т?рбиесі Д?рігер Айболит бізде ?она?та


Күні: 20.01.16ж
Тақырыбы: Дәрігер Айболит бізде қонақтаМақсаты: балалардың денсаулықтарын нығайту, бір - біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, көңіл - күйлерінің көтеріңкі, қуанышты болуына жағдай жасау. Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.Сабақ барысы: балалар қанеки қонақтармен амандасайық, енді шаттық шеңберге тұра қалайықАспанымыз ашық болсынЕліміз тыныш болсынДеніміз сау болсынДостарымыз аман болсынТәрбиеші: Балалар бүгін біз жаңа тақырып өтеміз. Денсаулық тазалық кепілі, біздің жеке бас тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуіміз керек?Балалар: Тәңертең және кешке жаттығу жасауымыз керек, жуынып жүруіміз керек, тісімізді тазалап жүру керек және тамақ ішер алдында қол жууымыз керек.Тәңертең балабақшаға келгенде жаттығулар жасаймыз.Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар, сендер өздерінің денсаулықтарыңды сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіңдер. Енді осы ережелерді ұстануда бізге қандай құралдар көмектеседі?Қанеки балалар жұмбақ шешіп көрейікші.Ертемен күнде сенҚолыңды сүйкейсіңКетіп кір ласыңТап таза боласыңСабынЖылы және құйын жаңбырБұл жауын бірақ жәй емесАспаны жоқ, бұлты жоқКүні бойы жаууға әзірДушШомылған баланыАймалап аладыСүртеді қолыңдыСүртеді бетіңдіОрамалАю мен қасқырдандаҰзын менің тістерімБірақ жыртқыш аң емеспінШаштарға мен сән беремінТарақТәрбиеші: Балалар шаршадықпа қанеки серігіп алайықОрнымыздан тұрайықАлақанымызды соғайықБелімізді жазайықАйналаға карайықБіз тынығып алайықБіз тынығып алған соңОрынымызға барайықБізге біреу телефон соғып жатыр - ау деймінАло, Ало Бұл кім екен. Дәрігер Айболитпа ия, ия бізге келіңіз, дәрігер, мейірімді дәрігер Айболит сізді асыға күтеміз. Балалар бізге қонаққа дәрігер Айболит келе жатыр. Ол сонау Африкадан ұшып келеді, ол жақтағы ауру аңдарды емдеп енді бізбен танысуға және денсаулығымызды қарауға келе жатыр екен.Айболит: Сәлеметсіздерме, балалар. Мен сендерге сонау Африкадан келдім. Ол жақта аңдарды емдедім. Мен енді сендермен танысып, сендердің денсаулықтырынды тексеруге келдім. Қазір мен сендерді күлімдеген көздерінді, қызғылт түсті беттерінді және әдемі күлкілеріңді, тістерінді қарағым келіп тұр.(Дәрігер Айболит балаларға жақындап, олардын бастарынан сипалап, денсаулықтарын сұрайды)Дәрігер Айболит: Балалар сендер тістерінді тазалайсындарма?Балалар: Ия тісімізді таңертең және кешке тазалаймыз.Айболит: Балалар сендер жуынғанды жақсы көресіңдерме?Балалар: Ия біз таңертең және кешке жуынамыз.Маймыл: Жарайсыңдар балалар!Африкадағы аңдар күнде өзімізге нүктелі жаттығу жасаймыз, ал сіздер жасайсыздарма? Тәрбиеші: Әрине дәрігер менің балаларым күнделікті нүктелі жаттығуларын жасап жүр. Осы жаттығудың арқасында біздің денсаулығымыз жақсара түсуде. Ешқандай ауруға жол бермейміз. Балалар біз дәрігерге нүктелі жаттығуын жасап көрсетейікші.Қанеки балалар 1. Мұрын ұшын саусақ ұшымен айналдырайық2. Қасымызды басбармақпен айналдырайық3. Құлағымызды да саусақ ұшымен айналдырайық4. Маңдайымызды да саусақ ұшымен айналдырайық5. Енді соңғы нүкте жаттығуымыз алақанымызды ашып - жабайықТәрбиеші: Міне дәрігер Айболит біз осылай күнде нүктелі жаттығуын жасаймыз.Айболит: Жәрайсыңдар балалар сендер жаттығуды жақсы біледі екенсіңдер мен сендерге ризамын мінеки сол үшін сендерге тәтті дәруменім бар ала қойыңдар. Жақсы балалар мен енді кетейін Африкадағы қалған аңдарымды емдейін ол аңдар мені күтіп жатыр. Ал сендерге айтарым, өзімізді таза ұстауға үйренейік, ауырмайық, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болайық жақсы сау болыңыздарБалалар: Сау болыңыз.Қане балалар енді бәріміз Күн мен Жаңбыр қимылды ойынын ойнайықБалалар бәріміз күн дегенде жарқыраймыз, ойнаймыз, жүгіреміз ал, жаңбыр дегенде бәріміз қолшатырымызды шығарып астына тұрып қалайық күн шыққанша жәрайма?Балалар: Жәрайды.Тәрбиеші: Балалар ойын ұнадыма келесіде тағыда ойнармыз.Енді балалар сабағымызды қортындылайықТәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?Балалар: Дәрігер АйболитТәрбиеші: Дәрігер Айболит бізге не үйретті?Балалар: Деніміз сау болу үшін тазалықты сақтауға үйреттіТәрбиеші: Біз қанжай жаттығу жасадық?Балалар: Нүктелі жаттығу жасадықТәрбиеші: Жақсы балалар қонақтар бүгінгі ашық сабақ аяқталды келесі кездескенше сау болыңыздар!