Уроки по казахскому языку 4 класс по темам Кім бол?ым келеді? Д?рігер


Тақырыбы: Кім болғым келеді? 4 класс
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау.
Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру.
Мамандықтардың пайдасы туралы түрлі әңгімелер жүргізу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар.
Әдіс- тәсілдері: дидактикалық ойындар, тренингтер.

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Үш топқа бөлу
ІІ. «Ассоциация» әдісі бойынша жұмыс.
Мамандықтардың атауларын жазу.
мамандықтар

ІІІ. «Кілт сөздері» әдісі бойынша жұмыс.
Әр топ мына сөздерді пайдаланып , бірнеше сөйлем құрастырады.
топ: сатушы, азық түлік, дүкен, жұмыс істейді.
топ: инженер, зауыт, машина, жұмыс істейді.
топ: аспаз, асхана, тамақ , жұмыс істейді.
ІV. «Ротация» әдісі бойынша жұмыс.
Тақырыптар: мұғалім, дәрігер, құрылысшы.
Осы тақырыптар бойынша әңгіме құрастыру.
V. Грамматикалық тапсырмаларды орындау.
-Шы, -ші , -гер жұрнақтар арқылы жасалатын сөздер
Құрылысшы, жүргізуші, мамандық деген сөздерге дыбыстық талдау жасау.
VІ.Қорытындылау. « Сиқырлы қарындаш» тренингі бойынша әр топ өздерін бағалайды.
VІІ.Балалардың презентациясын тамашалау.
Сабақтың тақырыбы: Дәрігер.(4-класс)
Сабақтың мақсаты: «Дәрігер» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
Олармен сөз тіркестерін,сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету.
Денсаулықтарын күтуге,таза жүруге тәрбиелеу.
Оқушыларды сауатты жазуға,мәнерлеп түсініп оқуға жетелеу.
Сабақтың типі: «Б ж С» технология бойынша, «Ауызша картасы -1».
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өткенді қайталау.
Сұрақтарға жауп беру.
Бұл кім?
Ол қайда жұмыс істейді?
Аспаз не істейді?
Асханада қандай тамақ дайындайды?
Сен асханада болдың ба?
Қандай тамақтар алдың?
Тамақтар дәмді ме?
Кім асханада жұмыс істейді?
Асханада не дайындайды?
Наубайханада кім жұмыс істейді?
Олар кімдерге нан пісіреді?
Мұғалім қайда жұмыс істейді?
Биші не істейді?
(Мұғалім жауаптарды матрицаға белгілейді)
3.Сөздік жұмысы.
Жауапты,мамандық,дәрігерлер,дәрігерлік,отбасымыз,оқу керек,киеді.
Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
Мұғалім мәнерлеп оқиды;
Оқушылар дауыстап қайталайды;
Оқушылар тізбектеп оқиды;
Сөздерден сөз тіркестерін,сөйлемдер құру.
(Оқушылар 30 с. Ішінде жаттап дәптерлеріне жазады)
(Мұғалім жауаптарды матрицаға белгілейді)
4.Сергіту сәті.
5.Мәтінмен жұмыс.
Тізбектеп оқу.
Түсінігін айту.
Оқушылар өздері мәтінді оқиды(4 минут)
Сұрақтарға жауап беру:
Дәрігер - қандай мамандық?
Қандай мамандық жауапты?
Дәрігерлер қандай халат киеді?
Менің әкем - кім?
Менің шешем - кім?
Атам - кім?
Оның кім болғысы келеді?
Кімдер ақ халат киеді?
Дәрігерлік мамандыққа қайда оқу керек?
Біздің отбасымыз - қандай отбасы?
Кімнің әкесі - хирург?
Кімнің шешесі - тіс дәрігері?
Қандай мамандыққа мединститутта оқу керек?
(Мұғалім жауаптарды матрицаға белгілейді)
6.Мәтінді оқу.(3-4 минут)
7.Сұрақтарға жауап беру.(«иә» немесе «жоқ»)
Аспаз жауапты мамандық? (жоқ)
Дәрігер ақ халат киеді? (иә)
Менің әкем тіс дәрігері? (жоқ)
Менің әкем хирург? (иә)
Шешем тіс дәрігері? (иә)
Біздің отбасымыз мұғалімдер отбасы? (жоқ)
Әжем де дәрігер? (жоқ)
Мұғалім ақ халат киеді? (жоқ)
Дәрігерлік мамандыққа мединститутта оқу керек?(иә)
Менің атам дәрігер?(иә)
Менің де дүкенші болғым келеді?(жоқ)
Суретшілер ақ халат киеді?(жоқ)
Дәрігер жауапты мамандық?(иә)

(Мұғалім жауаптарды матрицаға белгілейді)
8.Тақырыптық сөздік қорын тексеру.
9.Матрица бойынша оқушыларды бағалау.