Сюжеттік-р?лдік ойын Д?рігер


Сюжеттік - рөлдік ойын: «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер, кітапшалар, атрибуттар, халаттар, бас киімдер, құрал – жабдықтар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Бүгін балалар сабақты біз екі топқа бөліп өтеміз. Бірінші топтағы балалар «Отбасы», «Дәрігер» ойынын ойнайды.Екінші топтағы балалар автобусқа отырып, саяхат жасауға барады.
- Дәрігер ойынын ойнау үшін, отбасы ойынынан бастаймыз.Отбасы: екі бала, әкесі, шешесі қатысады.
Шешесі мен қызы үйін жинайды, ұлы мен әкесә жұмысқа жиналады.
Әкесі:
- Айтолқын, біздің Аяулым ауырып тұр ғой! Сен оны дәрігерге апарсайшы. Тілеужан екеуміз жұмысқа кеттік.
Шешесі мен қызы тіркеу орнына келеді.
Шешесі:
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіз бе.
Маған Хуан Аяулымның кітапшасы керек еді.
Қандай бөлімге барасыз?
Бесінші бөлімге.
Мекен-жайыңыз қалай?
Абай көшесі 11үй
Бесінші бөлімге барасыздар.
Рахмет сізге.
Екеуі дәрігерге келеді.
Шешесі:
Кіруге рұқсат па?
Дәрігер:
Кіріңіз, отырыңыз. сәлеметсіз бе, кітапшаңызды берініз, қай жерініз ауырады?
Шешесі: Қызымның қызуы көтеріліп тұр, тамағы ауырады, тамақты аз ішеді , басы ауырады.
Дәрігер: Қазір тыңдап көрейін, қатты дем ал, тамағыңды көрсет.- Мен сізге дәрі жазып берейін, ертең қан тапсырасыз, қазір сіздерге дәрі жазып берейін, екі күннен соң маған қайтадан келесіздер.
- тез сауығып кетіңіздер, сау болыңыздар!
Екеуі дәріханаға келеді. Дәріханашымен амандасып, дәрігер жазып берген қағазды береді.
Шешесі:
Бізге мына дәрілерді беріңізші.
Дәріханашы:
Мына шөппен тамағын шаясыз. Мына дәріні күніне екі рет ішесіздер.
Сізге рахмет, сау болыңыз! – деп шығып кетеді.
Қызымен шешесі үйіне оралады. Әкесі мен ұлы жұмыстан келеді. Шешесі бәріне тамақ дайындап, үстел басына шақырады. Қызы шешесіне көмек көрсетіп, үстелге ыдыстарды қояды. Дәрігердің берген дәрісін ішкізеді. Балалардың ойыны әрі қарай жалғаса береді.