Біз болаша?ты бірге ?алаймыз сайыс


Тақырыбы: «Біз болашақты бірге қалаймыз»
Мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғалар туралы білімдерін ортаға салу, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тарихи оқиғалардың маңызын түсіне білуге, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың қызығушылығын Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілігін, арттыра отырып құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, музыка, нақыл сөздер.
Барысы:
-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Біз болашақты бірге қалаймыз» ойынына қатысып отырған оқушыларға, Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл іс талап, еңбек,терең ой, қанағат, рақым, бүгінгі ойында сендердің бойларыңнан табылып ,серіктерің болсын деймін.
Бүгінгі сайысымызға 3 топ қатысып өз бақтарын сынағалы отыр.
1-топ- «Алғырлар»
2-топ-«Білімділер»
3-топ-«Тапқырлар»
Әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
1.Қасымова.Г.Б - әдіскер
2.Талюкенова.Қ.А -тәрбиеші
3.Кабышева.А.Ш –тәрбиеші
Сіздерді бүгінгі сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сіздерді сайыстың шарттарымен таныстырайын.
1-кезең. Визит карточкасы( топтардың өздерін таныстыруы)
2- кезең. Ең үздік аудармашы(әр дұрыс жауапқа 5 балдан беріледі)
3-кезең. «Атамұра» сәйкестендір»
4-кезең. «Қазақстан мемлекетіне саяхат»
5-кезең. Ораторлар сайысы. «Қазақстанның болашағы менің көзіммен» эссе қорғау.
6- кезең, «Ата салтың –халықтық қалпың»( Салт- дәстүрге арналған сұрақтар.)
7- кезең. Өнер сайысы.
Қорытынды шығару ,топтарды марапаттау.
Жүргізуші: Енді сайыстың 1-ші кезеңін бастайық.
1-кезең
«Визит карточкасы».
Бұл сайыста топтардың таныстыруын тыңдайық.
2-кезең
Ең үздік аудармашы.
Ойынның шарты бойынша әр топ берілген сөздерді 3 тілде аударуы қажет.
1-топ.
1.Достық- дружба- friendship
2.Егемендік- суверенитет –independence
3.Отан- родина – motherland
4.Заң- закон – low
2 –топ.
1.Ауызбірлік- единство – unity
2. Батыр- герой – hero
3. Астана –столица – kapital
4.Ел- страна- country
3- топ
1.Ата заң –конституция- constition
2.Тәуелсіз- незовисимый - independent
3.Халық- народ- papulation
4. Мемлекет –государство- commonuealtn
3- кезең
«Ұлттық салт-дәстүрлер» .
Бұл сайыс 7 сұрақтан тұрады. Бірінші жауап берген топ жеңімпаз болады.
1.Ұлттық ойындарды ата.
2.Ырымдар мен тыйымдар
3.«Наурыз көже» туралы не білесің?
4. «Наурыздау» сөзінің мағынасын айт
5. Салт-дәстүрлерді ата
6. «Тұсау кесу»
7 . «Тілашар»
Көрермендерге де сұрақтар қойылады.
1.Бастаңғы дегенді қалай түсінесің?
2.Сүйінші қай кезде сұралады
Әділқазылар топтардың берген жауаптарын бағалайды.
4-кезең
«Қазақстан мемлекетіне саяхат» . Бұл сайыста оқушылардың қаншалықты тарихи оқиғаларды білетіні жөнінде білімділік сайысына түседі. Ойынның шарты бойынша қай топ бірінші тез ұтымды ,әрі ұтқыр дұрыс жауап берсе сол топ жеңімпаз аталады.
Ойынның шарты әр топқа 7 сұрақтан қойылады.
1-топқа:
1. Абылай ханның хандық құрған жылдары (1771-81ж)
2. Қазақ хандығына қанша жыл(550жыл)
3. ҚР Тіл туралы заңы қашан қабылданы? (1989ж 22 қыркүйек)
4. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы жариялады? (1991ж,16 желтоқсан)
5. Ұлы нәубет жылдары(1931-37)
6. Абылай ханға Төлебидің қойған аты?(Сабалақ)
7. Республиканың Заң шығару жұмысымен кім айналысады?(Парламент)
2-топқа
Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім?(Ы.Алтынсарин)
Қай жылы ЭКСПО өтеді және оның тақырыбы?(2017ж баламалы энергия көзі)
ҚР БҰҰ-на қашан мүше болды?(1992ж, 2-наурыз)
Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?( Есіл)
Қазақтың үш биі кімдер?
.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынған? (Әмір Темір 1397ж)
7.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубакіров 1991ж 2-қазан)
3-топқа:
1.ҚР-ның валютасы –теңге қашан енгізілді?(1993ж 15 қарашада)
2.Абылай ханның азан шақырып қойған аты?(Әбілмансұр)
3.Жер шарының қағазға түсірілген бейнесі(карта)
4.Бес арыс кімдер?(М.Дулатов,А.Байтұрсынов,Ш.Құдайбердіұлы
Ж,Аймаутов,М.Жұмабаев)
5.Жүз жасаған жыр алыбы кім? (Ж.Жабаев)
6.Қазақтың ұлы палуаны кім? (Қажымұқан)
7.Жаңа астананың ресми тұсау кесері қай уақытта болды?( 1998ж 10-маусым)
Жүргізуші:Енді көрермендердің де білімділік сайысына түсетін кезі келді.
Көрермендерге сұрақ:
1.Қазақстан жер көлемі жөнінде нешінші орында?( 9)
2. Тарихта із қалдырған батырлар кімдер?
3. Ел басқару саласындағы ең басты тұлға кім? (Президент)
4.ҚР-ның Әнұраны қашан қабылданды? (1992ж,11 желтоқсан)
5.Республиканың Заң шығару жұмысымен кім айналысады?(Парламент)
6.ҚР-ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
7.Күй атасы кім?
Жүргізуші:
3- топтың да жауаптары тыңдалды. Қазылар алқасы өз бағаларын бере жатар.
5-тур «Ораторлар сайысы»
Біздің келесі сайысымыз «Ораторлар сайысы».Бұл үй тапсырмасы ортаға әр топтан бір оқушыдан шығып «Қазақстан болашағы менің көзіммен» тақырыбына эссе қорғайды.
6-кезең. «Пәндер сыры» (Слайдтан көрсетіледі).Топтар өздері таңдаған сандағы сұрақтарға жауап береді.
10 30 50
30 40 20
40 10 10
10. (қазақ тілі) Сөз неден құралады?
30.(математика) Санды өрнек неден құралады?
50.(тарих)Үш бәйтерек дегеніміз кімдер?
30.(дүниетану)Адамға ең керекті қажеттіліктерді ата
40.(биология)Өсімдіктің жер астындағы мүшесі
20.(әдебиет)Ақан серінің тұлпары
40.(қазақ тілі)Адамдар не арқылы хабар береді
10. (дүниетану)Табиғат құбылыстары деген не?
10.(әдебиет)Диалог дегеніміз не?
6. Өз өнерлерін көрсету сайысы.
Әр топ өнер көрсетеді.
Би: Балжан мен Аққерімнің билеуінде «Қуыршақ» биін тамашалаңыздар.
Қорытындылау. Марапаттау.
Әділқазы шешімі шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.
Міне бүгінгі «Біз болашақты бірге қалаймыз» атты сайысымыз да, өз мәресіне жетті. Сайысқа қатысқан 3 топтың оқушылары еліміздің тарихы, тілі мен мәдениеті туралы қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.Бүгінгі күні сендердің ойлау қабілеттерің ,тіл байлықтарың ,білімдерің артып,тез ойланып,жауаптарыңды тиянақты, жүйелі ұтқыр да ұтымды айта алуға қалыптастыңдар деп ойлаймын. Алдағы уақытта да білім шыңына жете беріңдер деп сайысымызды аяқтаймын.
Сайыс барысындағы фотолар




№68МИББ кешені

«Біз болашақты бірге қалаймыз»
Рахимжанова.А.Х.
1120140508000


Қарағанды 2017

Рахимжанова А.Х.
№68 МИББ кешенінің тәрбиешісі
Қарағанды қаласы