Ашы? саба? та?ырыбы: Білімділер, ал?ырлар, тап?ырлар


Тақырыбы: Білімділер, алғырлар, тапқырлар
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру:
Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:
Ұлағатты сөздер, айналым аттары, тапсырмалар жазылған форматтар, сұрақтар жинағы.
Сабақтың түрі: интеллектуалды жарыс сабақ.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану.
Сабақтың барысы: 1.Кіріспе.
-Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! Бастауыш сынып апталығының жүріп жатқанын естеріңізге сала отырып, « Білімділер, алғырлар, тапқырлар» атты «3» сынып оқушылары арасында өтетін білімділер сайысына қош келіпсіздер!
,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.
. Ендеше бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыру.
3 «А» сынып оқушысы:
3 «Ә» сынып оқушысы:
3 «Б» сыпын оқушысы:
3 «В» сынып оқушысы:
3 «Г» сынып оқушысы:
Бүгінгі сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Сайысымызды бастамас бұрын айналымдармен таныстырып өтейік.
Сайыс 4 айналымнан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.
Айналым: «Бәйге»
Айналым: «Қызықты төрттік» (4-пән бойынша сұрақтар )
Айналым: «Полиглот»
Айналым: «Ұшқыр ой»
Айналым: Сөз ойла, тез ойла»
Егер сайыскерлеріміз дайын болса 1-ші айналымды бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңізШәкірттерге әділ шешім беріңізЖүзден жүйрік, мыңнан тұлпарБәйге, бәйге, бәйгені бір көріңізІ оқушы1. Жапырақ қай кезде сарғаяды (күзде)2. Бір сағатта неше минут бар? (алпыс мин)3. Қазақтың ұлттық саз аспабы (домбыра)4. Дауысты дыбыстардың түрлері (жуан, жіңішке)5. Жыл неше мезгілден тұрады? (төрт)6. Жердің пішіні қандай? (домалақ, шар тәрізді)7. Қ. Р. Рәміздерін ата (ту, елтаңба, әнұран)8. Қойдың төлі (қошақан)9. Әкеңнің шешесі қалай аталады? (әже)10. 48бен 6-ның бөліндісі (8)ІІ оқушы1. Ешкінің төлі қалай аталады? (лақ)2. Тудың түсі қандай? (көгілдір)3. Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)4. Қасиетті тағам (нан)5. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)6. Қыстың көркі не? (қар)7. 16 – желтоқсан қандай мейрам? (тәуелсіздік күні)8. Торғай шырылдайды, қаз.... (қаңқылдайды)9. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)10. Ұя салмайтын құс (Көкек)ІІІ оқушы1. Судың түсі қандай? (түссіз, мөлдір)2. Көру мүшесі (көз)3. 7 күнді не дейміз?(апта)4. Білім ұясы (мектеп)5. Көшет қай мезгілде отырғызылады? (көктемде)6. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (қырық екі)7. Табиғат нешеге бөлінеді ? Қандай? (2- ге, өлі,тірі табиғат)8. Бір жылда неше ай бар? (он екі)9. Жылқы иесі (Қамбар ата)10. Бір тәулікте неше сағат бар? (жиырма төрт)
ІV оқушы1. Аспанның түсі қандай? (көк, көгілдір)2. Түн ұйқысын төрт бөлген адам (ана)3. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)4. Алфавиттің ең соңғы әріпі (я)5. Екі өркешті жануар (Түйе)6. Адам өміріне не қажет? (ауа, су, жарық)7. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (жасыл)8. Жұлдыздар қай кезде пайда болады? (түнде)9. Әнұранның авторлары (Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов)10. Дыбыстар неше түрге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)V оқушы1. Іс қимылды білдіретін сөзге мысал келтір (жүрді)2. Жылдың ең соңғы айы (желтоқсан)3. Балық қайда болады? (суда4. Ы. Алтынсарин кім? (ұстаз)5. Ұлыстың Ұлы күні жасалатын қасиетті ас.(Наурыз көже)6. Адамдарға қандай сұрақ қойылады? (кім, кімдер)7. Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)8. Әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)9. Судың пішіні болама? (пішінсіз)10. Иіс сезу мүшесі (мұрын)
II айналым. «Қызықты төрттік»
Бұл айналымда негізгі пәндер бойынша сұрақтар дайындалады. Ұпайлар астында сұрақтар жасырынған.
Математика
10 бал – Шаршы дегеніміз не?
20 бал – Бір сыйлыққа орауға 70сантиметр жылтыр қағаз керек. 9сыйлыққа неше сантиметр қағаз керек? (630)
30 бал – 6м. Бөренені бір метрден неше жерден кесуге болады. ( 5-ден кесу)
40 бал – Ұзындығы 600см жіптің ½ неше см болады?(300)
Қазақ тілі
10 бал –  Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды) ?
20 бал – Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. ( м, н, ң, р, л, у, й )
30 бал – Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?
40 бал – «Нұрбек! Біз бас жүлдені алдық!» Қаратпа сөзді тап.
Ана тілі
10 бал – « Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
20 бал – Құрманғазының шәкірті кім? (Дина Нұрпейісова)
30 бал –  Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқан басында айтылатын тілек түрі) )
40 бал – « Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ»)
Дүниетану
10 бал – Қаңқа сүйектерін ата.
20 бал – Көкжиек дегеніміз не? Қандай тұстары бар? ( жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік. С.О.Б.Ш.)
бал – Адам қаңқа сүйектерін ата? (бас, мойын, көкірек, қол – аяқ сүйектері, омыртқа, жамбас)
40 бал – Адамның ішкі мүшелерін ата? (Өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, жүрек, ми, қарын, қуық)
Құрметті қазылар алқасы, «Қызықты төрттік» айналымының бағаларын берулеріңізді сұраймыз.
 Келесі 3- айналым « Полиглот.» «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, тіліндегі білімдеріңіз сараланады.(әр дұрыс жауапқа 5-ұпайдан)
1. Алыстан қарасаң, аппақ,Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар )
2. Жұдырықтай қызыл шар,Тілді үйірген шырын бал. ( алма – яблоко )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,Бұл үйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа )4. Кең әлемді кернейді,Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух )5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь»
6. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақҚыста жер бетін басады,Жазда сайға қашады (Қар - снег )7. Сөзі дана, үні жоқ,Сөйлемейді тілі жоқ.Қолына алсаң шешен,Ақылы асқан көсем(Кітап - книга )8. Ұшып - қонып тынбайды,Тасқа соқсаң сынбайды.Суға салсаң батпайды,Түскен жерге жатпайды(Доп - мяч )9. Жолбарыстан аумайдыПеш түбінде аунайды (мысық - кошка )10. Жылт – жылт еткенЖылғадан өткен (су – вода )11. Жұпар иісі еседі,жайнап бақта өседі ( гүл – цветок )12. Тар шеңберді айналып,Тұр қазықта байланып.Қаға берер таңдайды,Әдетінен таңбайды.(Сағат - часы - )13. Бойын жерге жасырған,Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь .)
14. Іші толған қолтаңба,
Алып шығам әр таңда. (күнделік – дневник)
15. Екі көрші бірін-бірі көрмейді. (көз –глаза)
4- айналым «Ұшқыр ой». Әріптер беріледі, оқушылар әріп таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.
А – Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды?( Алматы)
Ә – Үй құсы.(әтеш)
Б – Суда өмір сүретін тіршілік иесі.(балық)
Г – Машина тұрағы .(гараж)
Ғ – Тоқтар Әубәкіров кім? (ғарышкер)
Д – Бізді ауырғанда емдейтін адам. (дәрігер)
Ж – Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
З – Қазақстандағы көл атауы. (Зайсан)
И – Жеті қазынаның бірі. (ит)
К – Көру мүшесі. (көз)
Қ – Мемлекеттік тіл. (қазақ тілі)
Л – Қышқыл жеміс. (лимон)
М – Пән атауы. (математика)
Н – Қасиетті тағам. (нан)
П – Ең алып жануар. (піл)
Р – Гүлдің аты. (раушан)
С – Уақыт өлшем бірлігі. (сағат)
Т – Төрт түліктің бірі. (түйе)
Ұ – Құстың үйі. (ұя)
Ү – Үй құсы. (үйрек)
Ы – Кесе, қасық бұл не? (ыдыс)
І – Киім ілетін зат. (ілгіш)
О – Әр адамның шағын отаны. (отбасы)
Ш – Әнұранның авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов)
Х – Сөйлем соңында нүкте қойылатын қандай сөйлем? (хабарлы сөйлем)
5-Айналым: Сөз ойла, тез ойла» «Жолдастар», «Құмырсқа» сөздеріне сөз құрау.
Жолдастар - жол, тас, адас, ас, астар, ол, сол, рас, ар, лас, дос, жас, тар т.б
Құмырсқа – құм, құмыра, құс, рас,қамыр, қасық , қақ, сыр,ақ, сақ,ұр, қыр,сұр, қас, мас т.б

Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз сыныпты анықтап марапаттау.