Урок по музыке на темя «?н к??ілді? ажары»


Тақырыбы: «Ән көңілдің ажары»
Мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге
деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән-би,
күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген
көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа,алғырлыққа
тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Эстетикалық пәндер
апталығы өтіп жатқанын сіздер жақсы білесіздер, қазіргі
өткізгелі отырған сайысымыз музыка пәнінен алған
білімдеріңді,қазақ халқының ән-күйлерін бойларыңа қалай
сіңіргендеріңді , сонымен қатар өнерге қаншалықты жуық
екендеріңді байқау мақсатында 3 сыныптар арасында «Ән көңілдің
ажары» атты топтық сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер!
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады, әр кезең сайын әділ қазы алқасы бағалап отырады. Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділ қазы алқасымен таныс болайық.
……………………….
……………………….
………………………
……………………….
Ал енді сайыскерлермен таныс болайық,
1-топ. «Достық»
2-топ. «Жасұлан»
3-топ. «Айгөлек»
4-топ. «Балдәурен»
Сайыс 7 айналымнан тұрады.
1. Таныстыру
2.Тақырып бойынша әнді табу
3.Мақалдың жалғасын тап .
4. «Сахналау»
5. «Адасқан өлең жолдарын орналастыр»
6. Жұмбақтар шешу
7. «Біз танитын»
1 -айналым
ТАНЫСТЫРУ
Әр топ өздернің ұрандарын айтады.

2-айналым
Бұл айналымның шарты: алдарыңызда 4 тақырып берілген. Тақырыпқа байланысты түсті таңдайсыздар, ішінен әннің музыкасы жүреді. Бұл сайысқа шапшаңдық қажет емес, себебі тақырыпты таңдаған топ І жауап береді. Таба алмаса ІІ топтың жауабын тыңдаймыз. Тақырыпты кезекпен таңдаймыз.
Балалық шақ
Болашағым байлығым
Күйлер
Достық
3- айналым
Бұл айналымда берілген мақалдардың жалғасын табу керек

1-топ
1. Отан — оттан да ыстық
2. Отан — отбасынан басталады.
3. Ер есімі — ел есінде
2-топ
Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі
Ұстаздан шәкірт озар
Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы
3-топ
Мақал — сөздің анасы
Піскен асқа тік қасық болма
Халық айтпайды, айтса қалт айтпайды.
4-топ
Жеті атасын білмеген жетесіз
Күш атасын танымас
Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді
4-айналым
«Сахналау » деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топқа жағдаят беріледі.Сайыскерлер көрініс қылып қылып көрсету керек.
1-топ
Анар мен Асылай сабақтан қайтіп келе жатты. Қолына ауыр сөмкесі бар көрші әжей жолдан өте алмай тұр еді....

2-топ
Насыр мен Ғизат спорт кешенінен үйге қайтып келе жатыр еді. Кенет иесінен адасып қалған күшікке көздері түсті

3-топ.
Анар таңертен бақтағы қызыл –жасыл гүлдері ұзақ қызықтап жүріп ұалды да,сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебі сұраған мұғалімге Анар «мен сағат неше болғанан байқамай қалыппын»,-деп айтты.
-Анардың орнында сендер болсаңдар,не айтар едіңдер?
4-топ.
Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге кіргенде есіне түсті.Ол анасына: «дәріхана жабық тұр екен»,-деп айтты.
- Қуаттың орнына сендер болсаңдар , не деп жауап берер едіңдер?
5-айналым
«Адасқан өлең жолдарын орналастыр,» Бұл кезеңде халық әні «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің 2-шумағы берілген. Әр топ өздеріне тиесілі адасқан өлең жолдарын дұрыс орналастыру қажет. Артынан осы әнді 4-топ бірігіп орындаймыз.

Әр қашан күн сөнбесін
1.Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл-суреті жас баланың
Ақ қағазға салған өзі
Жазылған бар сөзі
Қ-сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан күн төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
6- айналым
Жұмбақтар шешу
1-топ
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

2-топ
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
3-топ
Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
4-топ
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.
(қант)
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды.
(тоқылдақ)
Жер-дүниені аралайды,
Жел, дауылды қаламайды.
Тұрақты бір тұрағы жоқ,
Тауға ғана паналайды.
(бұлт)
7-айналым
«Біз танитын» бұл бөлімде атақты күйші,әншілердің бейнесін тани білу. \ өлең беріледі, орындайтын адамды табу\
1-топ
Құрманғазы
Қыз Жібек операсы «Гәкку әні»
2- топ
Жаяу Муса – «Ақ сиса» әні
Ақса сері –Балқадиша
3-топ.
Қобыз
фортопиано
4-топ
домбыра
Дина Нұрпейісова –Көбік шашқан
Қорытынды:
Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына біткен өнер сарқылмасын
Шыңға біткен шынардай биіктерде
Халқымның ән-күй өнері жарқылдасын!-дей келе, бүгінгі ән көңілдің ажары атты сайысымызды аяқтаймыз! Ал осы сайыстың жеңімпаз тобын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазы алқасына береміз!
Әділқазы алқасы шешкенше бәріміз бірігіп бір жақсы әнді шырқайық. «Көк тудың желбірегені» немесе «Атамекен»
Жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағазымен марапатталады. Ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!