«Сыр с?хбат» ба?дарламасы(о?ушылар мен м??алімдер арасында?ы шара)


«Сыр сұхбат» бағдарламасы
(оқушылар мен мұғалімдер арасындағы шара)
Бағдарламаның мақсаты: Сүйікті ұстаздарымен жақын пікірлесу,олар туралы мағлүматтар
алу,еркін әңгімелесу,үстаздардан үлгі алу,оларды құрметтеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер.шарлар

Барысы:
1-жүргізуші: -Саламатсыздар ма,қымбатты біздің көрермердеріміз?!
2-жүргізуші:-3-сынып оқушыларының ұйымдастырып отырған «Сыр сұхбат» бағдарламасына қош келдіңіздер!
3- жүргізуші:-Олай болса бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:Білім нәрін шәкіртке
Гүл ғып еккен ұстазым.
Тәрбиелеп баланы
Үлгі еткен ұстазым демекші,бүгінгі сұхбаттасатын қонақтарымыз да ұстаздар болмақ.
2-жүргізуші:- Бірақ, оқушылар,ортаға шақыратын ұстаздарымыздың есімін атамаймыз.
3- жүргізуші:-Оны сіздерге жұмбақтап айтамыз,сіздер оның кім екенінайтасыздар.Ал олай болса бастадық.
1-кезең. Қонақтарды ортаға шақыру.
1- жүргізуші: -Бойы ұзын,жаман сөз айтпайтын,арақ ішпейтін,темекі тартпайтын,салауатты өмір салтын ұстанатын,балалардың сүйіктісі кім?
(Асылжан мұғалім)
2- жүргізуші: -Сабақты кейде әзілмен өткізеді,кейде қызықты ойынмен өткізеді,кейде оқыстан айқайлағанда селк ете түсеміз,кейде шертпек те аламыз, бірақ ол біздің сүйікті ұстазымыз.
(Салауат мұғалім)
3- жүргізуші: -Кейде қатал, кейде күлімдеп жүретін,бірақ бізге сабақ бермейді,мүмкін жоғары сыныпқа келгенде сабақ беретін де болар, мектепте шалбар кигенін көрген жоқпыз,өзімізге ұнайтын,сүйікті ұстазымыз.
(Дариға апай)
1- жүргізуші: -Ол туралы оқушылар әлі толық білмейді, сондықтан да жақынырақ танысу үшін бүгінгі сұхбатымызға шақырдық.Біз үшін әлі жұмбақ ұстаз кім?
(Гүлфайруз апай)
2- жүргізуші: -Құрметті ұстаздар,сіздерге тағы да қош келдіңіздер дей отырып сұхбатымызды бастаймыз.
2-кезең.Сұрақ-жауап кезеңі.
3- жүргізуші: -Сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар сіздерге сұрақ қояды,сіздер жауап бересіздер.
1- жүргізуші: - Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын демекші,ең қызық,ең ұтымды сұрақ қойған, жақсы қатысқан оқушыға қонақтарымыздың беретін естелігі бар.
2- жүргізуші: -Олай болса сұрақ-жауабымызды бастайық.Ал қанекей кім бастайды?
Оқушылардың ұстаздарға сұрағы қойылады.
3-кезең.Көздерін байлап сурет салу.
3- жүргізуші: -Соңынан кімнің қандай сурет салғанын өзіміз табамыз, суреттің атын айтамыз.
4-кезең.Қызықты тапсырмалар.
1- жүргізуші: -Оқушылар конфеттің қағазының ішіне сіздерге тапсырмалар беріп отыр,оқып соны орындап бересіздер.
1-тапсырма.Спорттық жаттығулардың бірін жасау.
2-тапсырма.Жаңылтпашты тез-тез айту.
3-тапсырма.Жақсы ән айтып беру.
4-тапсырма.Шаш үлгісін жасау.
2- жүргізуші: -Бетперделердің әртүрін береміз,бүгінгі сұхбаттан қандай әсер алғаныңызды сол бетперделерді таңдау арқылы біреуін көрсетіңіз.
1- жүргізуші: -Сіздердің бүгінгі сұхбатымызға қатысқандарыңызға алғысымыз шексіз.Соның үлкен алғысы ретінде Данагүлдің ”Ұстаз“ өлеңін қабыл алыңыздар.
Ән ”Ұстазым.“
Балалар өздері жазған тілек сөздерін оқиды.