??стар бізді? досымыз т?рбие са?аты


Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»Мақсаты:А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.Жүрісі:1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)3 - бөлім Ертегілер елінде4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»1 - жүргізушіҚұрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!Құстар, құстар келедіЖерді шуға бөледіКөктем келді деп бізгеЖақсы хабар береді.Ән құрадым әнімменСән құрадым гүлімменҚуантамын бәріңдіҚұт - береке күнімен2 - жүргізушіСіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.Сәлем достар аман ба?Мынау бейбіт замандаШат -- шадыман көктеміңШаттық болсын қашандаБейне көктем жырларыСағынышпен жеткенҚұстардың әуеніменҚуанта бер көктем1 - оқушыЕлімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.2 - оқушыОлар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.3 - оқушыҚұстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.4 - оқушыЖыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.5 - оқушы.Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.6 - оқушыЖыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.7 - оқушыҚарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.8 - оқушыҚарлығашпын менАдамның тұрағымынМекен етіп тұрамынТазалаймын үй - ішінЕл аузында мақтаулыТазалықшымын төселген9 - оқушыҚараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.10 - оқушыМен қараторғаймынШегірткедей жұртыңдыҚырғи болып қиямынЕгістікке жайылымғаҚорғаушы боп тұрамынЖәндіктерді зияндыҚұртатұғын батырмынДайындайтын ұямдыДостарға келе жатырмын11 - оқушыҚұс сұлуы аққумынТабиғат көркін сыйлағанМылтығын кезеп еш мергенАтуға көзі қимаған.Сұлулықты паш етіпЖырлаған талай ақындарНәзік үнді, көл көркіҚұс патшасы мен болам12 - оқушыАққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.13 - оқушыХалық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.14 - оқушыЖаршысымын көктемніңКөкек дейді мені жұртӨз атын айтар құс менмін.Көктемді күтсең мені күт.15 - оқушыМен еркін бақытты бұлбұлмынБұлағын тасытқан ән - жырдыңТамаша тамылжып шырқаймынШаттығын тауыса алмай әр күннің16 - оқушыТоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.17 - оқушыҚұртты іздеп інінеҚарағайды үңгігенТоқылдақ құс дәрігерҚашан да ол әбігер18 - оқушыҚазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.2 - бөлім Жұмбақтар шешуТуысы дейді құстардыңІнісі дейді тышқанныңТышқан да емес, құс та емесЕкеуінен де тыс қалдым(Жапалақ)Қызығып әр адамҰстап ап даладанЖүнімен жұлып апБесікке қадағанБұл қай құс?(үкі)Қашаудай мықты тұмсығымБәсеке тігем бұл шынымҚұрт, қоңыз, аулап жарысамОрман дәрігері боп табылам(Тоқылдақ)Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандайҰшса оқтай зулайдыКөктен жұлдыз аққандай(Қарылғаш)Биікке салған ағаш үйСол ғой оның мекеніЖаздай сайран салып апҚыста алысқа кетеді(Қараторғай)Он екі айдың біреуіСірә оның атындаӨзге ұяға із тастапМен деп жар сап жүреді(Көкек)3 - бөлім «Ертегілер елінде»(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)4 - бөлім «Халық болжамдары»1 - жүргізушіХалқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.Шағала келсе сең бұзылады.Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)6 - бөлім Қорытынды