Ашы? саба? та?ырыбы: Білім — а?ыл – ой дариясы 5 сынып


Тақырыбы: Білім - ақыл – ой дариясы
Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.
Білімділік: Ыбырай Алтынсарин өмірбаянымен шығармашылығы туралы білімдерін арттыру;
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту,есте сақтау қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Музыканы түсінуге, өнерсүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Аралас.
Ән тыңдау,талдау
Үй тапсырмасы
Мақал – мәтел сайысы
Жаңа сабақ
Жаттығу
Үйге тапсырма
Қорытынды
Ән - «» тыңдау, талдау:
а) Бұл күйді қандай орындауда тыңдадыңдар?
ә) Күйдің қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
б) Күйдің жылдамдығы қалай орындалды?
Үй тапсырмасы:
Қорқыт шығармашылығы туралы ізденіс жұмысы ретінде «Реферат» жазып келу тапсырылған болатын. Кім дайындап келді тақтаға шығамыз.
Мақал – мәтелдер сайысы:
Ғылым таппай, мақтанба, Оқусыз білім жоқ,
Орын таппай баптанба. Білімсіз күнің жоқ
Тағы да білім туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер? Қанекей білгенімізді ортаға салайық.
Жаңа сабақ: Бір аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! – деп жастарды оқуға шақырған өлеңді білмейтін адам кем де кем шығар!? Осы ұлы тұлғаның өмір жолына шолу жасап шығайық.
850 жылы Орынборда мектеп ашылды.1857 жылы оқуын “Өте жақсы” деген бағамен аяқтайды.1859 жылы туған елінде тілмаштық қызмет атқарады.1859 жылы Ы.Алтынсарин атасының таныс кісісі В.В.Григорьевпен танысады. 1860 жылы Ы.Алтынсарин Торғай мектебінің мұғалім болуға рұқсат алады.1864 жылы Торғай мектебі ашылады. Ы.Алтынсарин Н.И.Ильминскийге былай деді:“ Қазақ даласын үш жылдай аралаған сіздің қазақ халқы ұғымтал,ақылды,дарынды бірақ оқымаған дейтініңізге мен сенемін.Қазақ халқы қарапайым,өнері жоқ халық,бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз” 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург,Қазан қалаларына барады,онда орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. 1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде Торғай, Ырғыз, Тройцк, Ақтөбе қалаларында жаңа мектептер ашты.1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебі ұйымдастырылады.1881 жылы Омбы қаласында түңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. 1883 жылы Мұсылман мектептерде араб тілінде жазылған “Құран”, “Әпитек”
Балқожа би немересі Ыбырайға: «Атаңды сағындым деп асығарсың, Сабаққа көңіл қойсаң, басыларсың, Ата – анаңды өнер білсең асырарсың, Надан боп білмей қалсаі, аһ ұрарсың» деп хат жазып, ғылымды сүйюге тәрбиелейді.
Ы.Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері.
Музыка мәдениетіне аса көңіл қойып қараған Ы.Алтынсарин «далаға рояль әкелгізіп, өзі ұстаздық еткен мектептерде шәкірт балалардың басын қосып, хор ұйымдастырған...» деп жазады А.Жұбанов.
«Бір жансыз, мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу, қолында екі арқан,
Ұстап алып тұрады ойламай – ақ.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады ашамайын ерттеп қойса,
Болады күнде жиын мұның өзі», -
Деп музыкаға байланысты жұмбақ өлең жазуы оның музыкадан хабары бар екенін көрсетеді. Ол домбыра аспабында жақсы ойнай білген.
Шғармашылығы:
Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясына” кірген өлеңдері: “Өнер білім бар жұрттар”, “Кел балалар оқылық”, “Жаз”, “Өзен”, “Бұл кім?”, “Ананың сүюі”, “Әй, жігіттер!”, “Әй, достарым!”
Үйге тапсырма: Ы.Алтынсарин шығармашылығы туралы ізденіс жұмысы ретінде Реферат жазып келу тапсырылады.
Қорытынды:
Ы.Алтынсарин қандай аспапта жақсы ойнады?
Қандай вокалдық топ құрды?
Қандай өлеңдерін білесіңдер?