Кітап білім б?ла?ы (т?рбие са?аты мектепалды тобы)


Сакенова Айгүл Серікқызы
Қостанай облысы
Рудный қаласы
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный
әлеуметтік-гуманитарлық колледжі

«Отбасы-тіршіліктің тірегі »
Тәрбие сағатының мақсаты - отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғамның танымын кеңейту және сақтау, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мәні- отбасының мазмұнын, міндетін түсіндіру және отбасылық-құқықтық қатынас негіздерін ұғындыру, студенттердің құқықтық білімін нығайту, азаматтық қоғам қалыптастыруда болашақта үлгілі отбасын құру мақсатымен үлес қосу, отбасының қорғалуын қамтамасыз ете білуге үйрену. Сондай-ақ, жеке тұлға ретінде, болашақ маман ретінде өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту.
Тәрбиелік мәні- Адам баласының қасиетті борыштары ата-анаға, үлкенге құрмет, кішілерге ізет көрсету, мейірімділік, адамгершілік, сүйіспеншілік және отансүйгіштік қасиеттер отбасынан бастау алатынын ұғындыра отырып, рухани тәрбиелеу.
Сабағымыздың әдіс-тәсілі: психологиялық тұрғыдан ұйымдастырылады. Мұнда адамның ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, тәрбие арқылы білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, бейне таспа т.б.
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге
Алақанға ұрайық.
Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту).
- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
«О» - әріпіне ұқсайды.
«О» - әріпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Жүргізуші:
Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» - деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығы белгілі.
Отбасы – адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасымен, қатынасымен байланысты емес, ол – ерекше фономен. С.И.Голод (1998) пікірінше, отбасы фономенінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.
1 студент
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
2 студент
Отбасы — адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да – халық.
3 тудент
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу
4 студент
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше!Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.
Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра-ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп,
Адалдық- менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
5 студент
Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Ана мейірі күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!
«Ана жүрегі» бейнеролигін тамашалау
Бейнетаспадағы сюжет туралы студенттердің пікірлерін тыңдау.
6 студент
Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу кернек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.
7 студент
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Көрініс: Әке мен бала
Жүргізуші
Ата- ана туралы дана сөздерді тыңдайық
1 оқушы:Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады
2 оқушы Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі.
3 оқушыӘдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
4 оқушы Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек.
5 оқушы Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
6 оқушы Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы.
7 оқушы.Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
Ашық тәрбие сағатымызды Қ.Нұртастың «Жанұя» әнімен аяқтаймыз