Арайлы алтын к?з! ерте?гілік. Мектепалды даярлы? тобы.


Алтын күз (ертеңгілік)
 
Тақырыбы: «Алтын күз ертеңгілігі»Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін арттыру, ой - өрістерін дамыту.Тәрбиеші: Құрметті бүгінгі кешке жиналған қонақтар және ата - аналар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобы оқушылары дайындаған шағын ғана «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.(Әуен ойналады. Балалар бақшаға қарап балалар сөйлеседі.)Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің бақшамыз өте қатты ашулы екен. Неге ашулы екен сұрап білгіміз келеді ме? Ия, балалар ендеше сұрап білейік.Балалар: Бақша - бақша неге ашулысыз?Бақша: Менің күз мезгілінің тез бітетініне ашулымын. Күз мезгілі таяп қалды. Менің көкөністерім мен жемістерімді адамдар бақшадан теріп - теріп алды. Менде енді түкте қалмайды. Соған ашулымын. Маған көмектесесіңдер ме балалар? Менің жемістерім мен көкөністерімнің бақшада қайтадан жайқалып өскенін қалаймын.Тәрбиеші: Балалар бақшаға көмектесеміз бе?Балалар: Ия көмектесеміз.Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бақшаға көмектесу үшін көкөністер мен жемістерді қайтып жинай алмаймыз, сондықтанда бақшаға олар туралы тақпақтарымызды айтып, Өз өнерімізді көрсетейік. Келістік пе балалар?Балалар: Ия.Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,Шақырады жарқын жүз.Сайрандаған күліп - ойнап,Келді міне алтын күз.Күз мезгілі: Ақниет. Мен күзбін. Өте еркемін. Сол нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйіп, көз жасымды аямай төгіп - төгіп аламын. Менің ақ көңілділігімді бәрі ұнатады.Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша,Көз тоймайды қараса.Сәбіз, картоп, кәдеш пен,Қып - қызыл піскен қызанақ.Қырыққабатқа қарашы,Көкөністер бір кездеЖиыла қалып дауласты.Тәрбиеші: Балалар бізге «Көкөністер» тобы келіп қалыпты, қане қошеметпен қарсы алайықшы. (Әуен ойналады)«Көкөністер дауы» көрінісКөкөністер: (хор) Жиналып қалып бәріміз,Қайсымыз ең дәмдіміз.Ішімізден адамға,Тиеді көп пайдамыз.Тәрбиеші: (Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты)Бұршақ: БөкейханКішкене түймедеймін мен,Ұяламын мен бәріненДәмді талғамдарыммен,Сый жасаймын бәріңе!Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып - қызыл болып кетті.Қызылша: АйзереАқ түсім бар қант алар,Қызыл түсіп қанға нәр.Зияным жоқ біліп қой,Қызылшамын пайдам бар.Менде бір сөз айтайын,Мақтанайын сіздерге.Менсіз борщ болмайды,Винегрет те үстелде.Қырыққабат: СамираБақшаларда тізіліп,Қаперсіз мен жатамын.Қабат - қабат киініп,Қырыққабат атандым.Сәбіз: Нұрдаулет Кім бар сәбіз шырынын,Жастайынан ішпеген.Мені жеген адамдар,Кем болмайды күлгенде.Қызанақ: ОмарханТал шыбығым бұралып,Бақшаларда қызарып.Тұрған ол мен – қызанақ,Күнге қарап ұялып.Қияр: АйданаКөптен ерте шымырлап,Өсемін мен бүр жарып.Атым – қияр, теріп ал,Жиі - жиі суғарып.Картоп: ЕрдәулетКартоп біздің атамыз,Жер астында жатамыз.Бір тамырдан тараған,Ағайынбыз бәріміз.Мен ұялшақ картоппын,Мен емеспін мақтанар.Мені жақсы көреді,Үлкендер мен балалар.Қауын: АянаИісім жұпар аңқыған,Бақшадағы шырынмын.Жеп көргендер тамсанған,Балдай тәтті қауынмын.Пияз: ДанаБоламын мен дәмдеуіш,Барлық - барлық тағамға.Көкөністер ішінен,Мен пайдалы адамға.Асханадан шықпаймын,Атым пияз бұқпаймын.Көзден жасты шығарып,Тұмаудан бірақ сақтаймын.Тәрбиеші: Бос айтысты қояйықДауласуды тоқтатайық.Айболит: Көкөністер бәріде,Денсаулыққа пайдалы.Сондықтанда бірге жүріңдер,Оларды жақсы көріңдер.Би: «Сары күз»Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын:1. Қызыл - сары кемелер,Су бетінде қалқанды.Соқса егер қалқиды,Ырғалады, толқиды (жапырақ)2. Жаздай інге тығылған,Жатқан қызыл түлкіні.Құйрығынан суырып,Әкелді әжем бір күні (сәбіз)3. Үстіне тігіп көк шатыр,Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)4. Жайлы жұмсақ төсегім,Домаланып өсемін.Қабат - қабат тоным бар,Қалай оны шешемін (қырыққабат)5. Қалдың тағы түйірлеп,Қазып алдың үйірлеп (картоп)Тәрбиеші: Дұрыс балалар, қазір жылдың қай мезгілі?Балалар: КүзТәрбиеші: Дұрыс балалар, ал күз айлары қандай айлар?Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша айларыТәрбиеші: Балалар енді біз әнімізді айта қояйықшы.Ән: «Апам үшін»Тәрбиеші: Балалар көкөністерден қалмай бізге жемістерде келіпті, соларды бір тыңдап көрелік.(әуен ойналады)Жүзім: НұрсұлтанІші толған шәрбат,Дәмі сондай әйбат.Үзесің бірден үзіп,Оның аты – жүзім.Өрік: АрайлымДөп - дөңгелек сары,Ішінде бар дәні.Қызығасың көріп,Оның аты – өрік.Шабдалы: АльбинаПісетін кезі дәл күзде,Мезгілсіз оны үзбе.Аузыңнан кетпес бал дәмі,Оның аты – шабдалы.Жаңғақ: БибарысСырты қандай қатты,Дәмі оның тәтті.Шағып қара таңдап,Оның аты – жаңғақ.Шие: МарғұланБір сабақта көп түйме,Жей алмайсың көк күйде.Санап қара қанша,Оның аты – шие.Құлпынай: ДанаЖапырақты тасалап,Өсетін жері бақша - бақ.Күрең қызыл шіркін - ай,Оның аты – құлпынай.Алма: ЖанболатПісіп тұрған алмамын,Тамсандырар бал дәмін,Жерге сілкіп түсірме,Ісіп кетер маңдайым.Тәрбиеші: Балалар енді бақшамызға барайықшы, көңілі көтерілді ме екен, сұрайықшы. Бақша көңілді көтере алдық па.Бақша: Ия, балалар мен енді көңілді жүремін. Сендер мені қуанттыңдар. Бірақ менің тағы бір шартым бар. Маған енді бір ойын ойнап берсеңдер мен оданда қатты көңілді жүретін боламын.Тәрбиеші: Балалар бақшаға ойын ойнап береміз бе?Балалар: ИяОйын: Бақша кімді алып кетті?Тәрбиеші: Ендеше ойынның шарты былай балалар. Барлығымыз әдемі жүріп, әдемі би билейміз. Музыка біткенше билейміз. Ал музыка біткен соң, көзімізді жұмып, орнымызды ауыстырып, жерге отыра қаламыз. Келістік пе балалар?Балалар: Ия.(Музыка қосылады. Ойын ойналады. 3 - 4 баланы матамен жауып тығып тастайды. Қай бала жоғалғанын балалар айтады)Тәрбиеші: Балалар енді қараңдаршы кім жоқ?(ортаға себет толы алма әкелінеді. Балалардан кімнің тығылғанын сұрайды)Тәрбиеші:Берекесін сыйлауға,Өлкемізге күз келді.Жемістерін жинауға,Шақырады біздерді - дей келе, құрметті бүгінгі кешімізге жиналған қонақтар, ұстаздар және ата - аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп біздің ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп - көп алғысымызды айтамыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар.