Мектепалды даярлы? тобы. Ерте?гілік Биыл к?зде мектепке, біріншіге барамыз


Биыл күзде мектепке,біріншіге барамыз!!!
Ертеңгіліктің мақсаты:балалардың жыл бойғы алған білімдерінтиянақтау.Ойлау арқылы логикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту.Мектепте оқуға,білім алуға қызықтыру,өнерлі блуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:әсем безендірілген сынып бөлмесі,шарлар,қанатты сөздер,слайд,гүлдер.
Кіріспе:Құрметті ата-аналар,ұстаздар!Бүгінгі Биыл күзде мктепке,біріншіге барамыз! атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!!!
Бүгін бүлдіршіндер аз уақыт ішінде мектептен тәлім-тәрбие алып,өнер үйреніп білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып,бірінші сыныпқа қадам басқплы тұр.Сендерге тілейтініміз талаптарың таудай болып,қанаттарың талмай,
Биіктерге самғай беріңдер!!!Балалардың қадамы құтты болсын!!!
Жүргізуші:Біз үшін аса қымбат мектебіміз
Ұстазым нұрын төккен көктеміміз
Бірінші сыныпқа біз аяқ басып
Осы ғой біздң өсіп кеткеніміз
Еліміздің арқа сүйер тіректері
Ата-ананың лүпіл қаққан жүректері
Шақырайық ортаға ендеше біз,
Мектепалды даярлықтың түлектерін!!!
(Ортаға музыка әуенімен балаларды кезекпен шақыру)
1)Жүсіп:Әкесінің сүйікті,
Жүсіп деген баласы
Кішіпейіл,мейрімді
Жоғары оның санасы.
2)Нұртілеу:Әкесінің көмекшісі тірегі,
Ол қуанша шын жүректен күледі.
Нұртілеу де бүгін біздің ортамызда,
Қашан көрсең көңілді боп жүреді.
3) Азамат:Қайсар мінез батырлардың ұрпағы
Келді міне кездксетін күн тағы,
Шақырымыз Азаматты ортаға,
Тобымыздың ішіндегі сұлтаны.
4)Диана:Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңның,
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Қарсы алыңыз Диана атты қыздарыңды.
5) Аида:Сұлу көзі ботадай домалаған,
Жүрегі ақкөңіл аңқылдаған
Аиданы қарсы алыңыз қол соғып,
Келеді ару қызың аңқылдаған.
6)Сабина:Сабина тобымыздың ерекшесі,
Ақылды, парасатты әрі еркесі
Сабағын да жақсы оқып үнемі,
Достарымен әркез бірге жүреді.
Бәрі бірге айтады:Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шықамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!!!
Ұран:
Биіктерге самғайтын,
Қанаттарым талмасын.
Тәрбиеші:Ұстаздық пен басшылықты,
Бірге алып жүреді.
Біздей балғын балаларға,
Ашық әркез жүрегі-деп мектебіміздің директорына сөз береміз.
Ән:Біз өмірдің гүліміз.
Жүсіп:Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамыз.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер қаламым,
Мыныау есеп кітабым.
Мынау әйбәт әліппем
Бәрін жинап сақтадым.
Білімге жол аттадым.
Аида:Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
1)Аида:Мектеп деген,білім кені,жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген білімнң ең үлкені
Аида:Биыл алты жастамын,
Кітапты оқу бастадым.
Әріптерді танып мен,
Енді жаза аламын.
Азамат:Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
6-жасқа толамыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып дайындықпен
Біріншіге барамыз.
Балалар бүгін біз келген қонақтарға бір жыл бойы үйренгендерімізді,жинақтап білімдерімізді көрсетейік.
Балалар біздер даярлық сыныбында қандай пәндермен таныстық?
-Сауат ашу,математика,тіл дамыту, көркем әдебиет т.б
Ендеше осы пәндерге саяхатқа шығамыз ба?
Саяхатқа немен барамыз?
-Қатар – қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Сауат ашу әлеміне келіп жеттік.Әріптердің ішінде буынға бөлінетін тапсырмалар бар.Орындаймыз ба?
-Қатар – қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
-Математика әлеміне келіп жеттік.
Онға дейін кері санау?
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0
Пішіндерде жасырынған тапсырмалар бар екен. Орындаймыз ба?

Есептер шығару:
3+2=5 4+1=5 2+7=9 9-7=2 8+2=10 10-5=5
Тіл дамыту әлеміне де келіп жеттік.
-Біздің еліміз қалай аталады?Қазқстан Республикасы
-Біз қандай мемлекетпіз?Тәуелсіз Мемлекетпіз
-Елбасымыз кім?Н.Ә.Назарбаев.
-Елордамыз қалай аталады?Астана
-Рәміздерді атаңдар?Ту,Елтаңба,Әнұран.
-Қатар – қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Көркем әдебиет әдебиет әлеміне де келдік. «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі. Сахналау
Қатар – қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Сыныбымызға келдік. Балалар мендерге саяхат ұнады ма?
Ойын: Ер балалардың ата- аналарымен ойын
Би: Қуыршақтар Орындайтын: Қыз балалар
Диана:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Дайындығым өз үйім.
Апай болды анамдай.
Нұртілеу:
Мектеп – қамқор анамыз,
Оқу білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін
Біріншіге барамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Дайындықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Сабина: Қызық күндер өткіздік,
Дайындықтың ішінде.
Көп оқыдық көп білдік,
Ел мен Отан жайында.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар.
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын.
Туған дала қуансын.
Ән: Қошақан Орындайтын: Диана
Вальс: Қоштасу вальсі
Хор:
Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған
Ұстазымызға мың алғыс!
Тәрбиеші: Құрметті, ата – аналар, балалар! Міне, бүгін сендер бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында жасағанжұмыстарыңның жемісін ортаға салдыңдар.
Сендерге сәт – сапар тілеймін!
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің
Сендердікі болашақ
Өмір балғын болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар – дей келе ендігі сөз кезегін ата- аналарға береміз.
Алғыс хат. Дипломдарды табыстау.